MCFR.KZ Госзакупки

Баға ұсынысы

  • 14 февраля 2019
  • 1170

Бағалық ұсыныстарын сұрату тәсілімен және ашық конкурсқа қатысу кезіндегі баға ұсыныстарын беру. Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы әрекеттер.

Сатып алуға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қатысу

 

 Мемлекеттік сатып алудағы баға ұсынысы- бұл қатысушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тапсырыс берушіге ұсынатын сатып алу немесе оның бөлігіне қатысты ұсыныс.


Әлеуетті өнім берушіге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысу үшін көпшілік жағдайларда тек өзінің баға ұсынысын беру/ұсыну ғана қажет.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабының 2-тармағында әлеуетті өнім берушінің Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы екендігі, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейтінi көзделген. Баға ұсыныстарына әлеуметті өнім берушінің ЭЦҚ қойылады.

Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 3-тарауына әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысында тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жібергеннен кейін баға ұсынысы қабылданған болып есептеледі. Басқаша сөздермен айтқанда, бұл рәсім толықтай автоматтандырылған және басталғаннан аяқталғанға дейін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында өтеді, яғни бұл жерде құжаттарды ресімдеп, одан кейін оларды ұйымдастырушыға веб-портал арқылы ұсынудың қажеті жоқ.

Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден оның құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуды талап етуі мүмкін және де бұл негізінде әлеуетті өнім беруші сатып алуда жеңіп шыққаннан кейін жасалады. Бұл не жеке тұлғалар үшін кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі немесе заңды тұлғалар үшін тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтамасы. Егер әлеуетті өнім беруші лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын болса, ол тиісті лицензияның көшірмесін ұсынады.

Сатып алудың электрондық хабарландыруымен мұқият танысу қажет. Кейде сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде әлеуетті өнім берушінің қандай да бір талаптарға сәйкес келуін және тиісті құжаттар ұсынуын көрсетеді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін сатып алулар көбінесе тауарлар сатып алу мақсатында өткізілетіндіктен, сатып алуды ұйымдастырушы көп жағдайда тауарда жергілікті қамтудың болуын талап етеді, яғни тауар сертфикациялануы тиіс. Бұндай жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарда жергілікті қамтудың бар екенін растау үшін, тауардың шыққан тегі туралы СТ-KZ нысанындағы тиісті сертификатты қоса ұсынуы қажет болады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар көпшілік жағдайларда тауарлар сатып алу мақсатында өткізілетіндіктен, сатып алуға тапсырыс беруші тауардың сертификатталған болуы туралы талап қояды. Бұл тауар сапасына, сондай-ақ оның шығу тегіне де қатысты болады және тиісінше сапа сертификаттарымен және тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" нысанындағы сертификаттармен расталады. Мұндай жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қойылған талаптарға сәйкестікті растау үшін тиісті қосымша сертификаттарды қоса беруге тура келеді.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып, әлеуетті өнім беруші сатып алу процесі кезіндегі құжаттар дайындаудан және оларды ұсынудан бостылады. Сізден тек қатысуға өтінім беру кезінде баға ұсыныстарының электрондық нысанын толтыру ғана талап етіледі.

 

Жаңа заңнамаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудағы негізгі өзгерістер

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін жеткізу (орындау, қызмет көрсету), тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып ала алмайтын шектеу алынып тасталды. Қолданыстағы редакцияда мұндай ТЖҚ-ны сатып алу, егер сатып алу үшін бөлінген сома мүмкіндік берсе және/немесе уәкілетті орган сатып алудың өзге тәсілін бекітпесе, кез-келген тәсілмен, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

★ БҰС тәсілімен шарт жасалғанда шартты қамтамасыз ету ★

Баға ұсынысы

Куралай Нургазинова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу керек пе?

Сондай-ақ, сатып алудың осы тәсіліндегі жаһандық жаңалықтардың бірі тапсырыс берушілерге орналастырылатын ақпаратта тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, нарықта ұсынылған және қолжетімді, құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларды мемлекеттік сатып алған жағдайда жеке әлеуетті өнім берушіге тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тиесілілігін айқындатын өзге де сипаттамаларға нұсқауларды көрсетуге құқық беретін қосымша негіз енгізу болып табылады.

БҰС-да өтінімді (баға ұсынысын) қалыптастыру және беру жөніндегі нұсқаулық

 «Өнім беруші» рөлді пайдаланушымен хабарландыруларды іздеу және қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыруларды іздеу» бөліміне өту қажет. Жүйе келесідей нысанды бейнелейді. Іздеуді фильтрлер жинағы көмегімен іске асыруға болады. Фильтрлерді бейнелеу үшін «Іздеуді көрсету» батырмасын басу қажет.

Хабарландыруды ашу үшін, хабарландыру атауы бар сілтемені басқанда, жүйе хабарландыруды қарап шығу нысанын бейнелейді. Техникалық ерекшелігі мен шарт  жобасын қарап шығу үшін «Құжаттар» қосымша бетіне өтіп, «Өту» батырмасын басу қажет. Тіркелген файлдар кестесінде хабарландыру шартының техникалық ерекшелігімен және жобасымен танысу қажет.«Лоттар» қосымша бетінде жүйе сатып алудағы барлық лоттарды көрсетеді. Лот бойынша ақпаратпен танысу үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет. Бұдан әрі лоттың деректері бар терезе көрсетіледі. Өтінімді беру үшін терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы «Бағаны беру» батырмасына басуыңыз керек. «Бағаны беру» батырмасын басқан кезде Жүйе   егер сол бір лотта оның бас ұйымы, филиалы қатысса, әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеруді жүзеге асырады.  

 Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;

- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді  жасамақ болса; 

- егер филиалдан өтінім берілсе және  осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса.

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтін  көрсетеді. «ЖСК, Банк» жолында банк шотың көрсетуіңіз қажет. «Шотты таңдау» батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, онда шот нөмірінің сілтемесіне басып, керекті шотты көрсетуіңіз қажет. Бұдан әрі бір бірлігі үшін бағасын енгізуіңіз қажет. Жүйе автоматты түрде жалпы жиынтық сомасының шотын жүргізеді.

 Назар аударыңыз! Баға ұсынысын берген кезде он сандық нысанда бір бірлігі үшін бағасын көрсету бүтін саннан кейін нүкте қою арқылы жүзеге асырылады, мысалы: 500.88.

«Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін келесі жолдарды  толтыру қажет:

«Дайындаушы зауыт» - пайдаланушы қолмен толтырады.

«Шығарған елі» - елдер анықтамалығынан таңдалынады.

«Тауар атауы» - пайдаланушы қолмен толтырады.

Рұқсат қағаздары

 «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алу «Құжаттама» қосымша бетінде «Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тарауларын қарап шығу нысанында Өнім берушіге сатып алу жобасында берілген рұқсаттардың талап етілген деректері бойынша көрсетілген болуы тиіс. Баға ұсынысына рұқсат құжаттарын қоса тіркеу үшін «Рұқсаттарды қосу» қосымша бетіне өту қажет. Бірінші және екінші санатты рұқсаттарды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. Қолданыстағы рұқсат (соңғы 24 сағатта алынған) болған жағдапйда, осы рұқсат баржолға қанат белгі қою жолымен талап етілген рұқсатты таңдауды жүзеге асыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет. Таңдалған рұқсатты алып тастау талап етілген жағдайда, осы рұқсат бар жолдағы қанат белгіні алып тастау және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

«Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тараулары үшін сатып алуда міндеттілік белгісі қойылған болса, Жүйе рұқсаттарды қосуды сұрайтын болады.  

Жүйе Ұйымдастырушы берген рұқсаттар түрі мен Өнім беруші қосқан рұқсаттар түрін салыстырады. Өнім берушінің қосылған электронды рұқсаттарында Ұйымдастырушы берген рұқсат (-тар) жоқ болған жағдайда, онда рұқстатар бойынша деректер  баға ұсынысында көрсетілмейді. Қолданыстағы рұқсат болмаған жағдайда «Қатысушының бейіні – Менің электронды лицензияларым/Менің рұқсат құжаттарым» қосымша бетінде рұқсаттар сұрауды жүргізу қажет. 

Сүзгілер жинағының көмегімен іздеуді жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Жіберілген сауалдар «Рұқсат құжаттары бойынша сауалдар» қосымша бетінде көрсетіледі.«Өңдеуге жіберілді» деген рұқсат мәртебесі сауал жіберілгенін және өңделіп жатқанын білдіреді. «Өңделді» мәртебесі сауал орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «Алынған рұқсат құжаттары» терезесінде көрсетіледі. Лицензияларды сұрату және қосу функционалы  рұқсаттарды қосу функцоналы сияқты орындалады. 

Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасына басу қажет, жүйе келесі жолдарды бейнелейді.Бір бірлігі үшін бағасына барлық шығындары қосылатынын, Сіз шарттың жобасымен танысып, және оның елеулі талаптарын қабылдауыңызды, өнім берушінің өтініміндегі деректерді растайтыныңызды орындау қажет. «Растаймын» батырмасын басқанда, өтінім «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Жоба» мәртебесіне ие болып, сақталады.

Баға ұсынысының жобасын жою үшін  пиктограмманы пайдалану керек.

«Растаймын» батырмасына басқаннан кейін өтінімге қол қою рәсімін жүргізу қажет.

Назар аударыңыз! Баға ұсынысына қол қою алдында енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімді болмайды.

Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебемен «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде көрсетіледі.

 

Сатып алуға конкурс тәсілімен қатысу

Конкурстық баға ұсынысы – конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін баға.



Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу – қажетті құжаттамаларды дайындау жағынан ең күрделі сатып алу болып табылады.

★ 2019 жылы ашық конкурс өткізу ★

Баға ұсынысы

Куралай Нургазинова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жаңашылдықтар және өзгерістер

Мемлекеттік сатып алуға, біздің жағдайымызда – электрондық конкурсқа қатысу үшін, әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 24-бабына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінім дайындайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуы тиіс мәліметтер, сондай-ақ құжаттар Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары на (бұдан әрі –Қағидалар) " Конкурстық құжаттама" 4-қосымшасында көрсетілген. 

Конкурстық өтінімде мына құжаттар қамтылуы тиіс: :

  1. әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар ;
  2. тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің  жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтеме жасай отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің   функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары берілген техникалық ерекшелік;
  3. конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;   ;
  4. конкурстың баға ұсынысы;   
  5. онсыз өтінім жіберілмейтін міндетті құжатқа конкурсқа қатысу туралы келісім (конкурстық құжаттамаға 4-қосымша) жатады,  оны толтырудың қажеті жоқ, тікелей веб-порталдың өзінде ЭЦҚ қойылуы тиіс.

Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың аталған тізбесі Қағидаларда белгіленген және бекітілген,  алайда барлық мемлекеттік сатып алу үшін түбегейлі болып табылмайды. Көп жағдайларда әлеуетті өнім беруші  сатып алуды  ұйымдастырушыға беруге міндетті  тағы да бір қатар құжаттар бар, өйткені бұл құжаттар мемлекеттік сатып алу веб-порталында ұсынылуы міндетті құжаттар қатарына жатады.   

Сонымен қатар конкурсқа қатысуға арналған өтінімге, әрине олар әлеуетті өнім берушіде бар болған жағдайда, растаушы құжаттарды қоса тіркеудің мәні бар: – әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің бар болуы.

 

Осылайша,  бұл көп жағдайларда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде дайындауы тиіс конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың  неғұрлым толық тізбесі.

Әр конкурсты жеке алғанда конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың  түбегейлі  тізбесі  сатып алудың хабарландыруындағы "Құжаттама" бөлімінде орналастырылады. Қағидалардың 105-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттаманың нысанында тізбеленген құжаттардан басқа, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:

1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;

2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

3) Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісуі туралы растауды қамтуға тиіс.

Конкурсқа қатысу өтінімін әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында ұсынады. Конкурсқа қатысу өтініміне кіретін құжаттардың электрондық көшірмелері анық және жақсы ажыратылып оқылатын болулары тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

Конкурста өтінімді (баға ұсынысын) қалыптастыру және беру жөніндегі нұсқаулық

Конкурстық өтінімді қалыптастыру және беру рәсімін мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Барлық қажетті құжаттардарды қоса тіркеу (яғни, конкурстық құжаттаманы қалыптастыру).
  2. Конкурстық өтінім берілетін лоттарды таңдау (яғни, тізбені қалыптастыру және қол қою).

★ Конкурстық өтінім берудің тәртібі ★

Баға ұсынысы

Александр Абишев

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық өтінім берудің тәртібі
  1. Техникалық ерекшелікті қалыптастыру.
  2. Конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру және қол қою.
  3. Конкурстық өтінімді сақтау және жіберу.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться