MCFR.KZ Госзакупки

Сатып алуға қатысу

  • 5 марта 2019
  • 977
Сатып алуға қатысу

Сатып алуға қалай қатысу керектігі туралы қадамдық нұсқаулығымен біз бұған дейін мақала орналастырған болатынбыз, осы мақалада баға ұсыныстарын сұрату және ашық конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға өтінімді қалай беру керектігін қарастырамыз.

Сатып алуды іздеу

 Конкурстық өтінім беру үшін өнім беруші талап етілетін сатып алуды іздеуді жүзеге асыруы қажет. Ол үшін жеке кабинеттің бастапқы бетінде «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» бөлімін таңдауы талап етіледі.

Экранда сатып алу беті бейнеленеді. Талап етілетін сатып алуды іздеу фильтрлер жинағы көмегімен жүзеге асыруға болады, ол үшін «Іздеуді көрсету» батырмасына басу қажет. Іздеудің қандай да бір немесе бірнеше критерийін көрсетіп, «Табу» батырмасына басу жеткілікті.

Мысалы, егер сіз тамақ өнімдерімен айналыссаңыз, сізде келесі кілт сөздер болады: күнбағыс майы, томат пастасы, маргарин, бидай ұны, нан және т. б.; егер арнайы техника болса, онда келесі кілт сөздер болады: тиегіш, трактор, экскаватор және т. б.

Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін сатып алу туралы ақпаратты қарау үшін «Хабарландырудың аты» жолындағы белсенді сілтемеге басу қажет.

 

Егер хабарландыру мәртебесі - «Жарияланды» болса, онда сұрақ қою мүмкіндігі бар.

Конкурста қатысушылар әрекеттерінің алгоритмі*

Тапсырыс беруші/ұйымдастырушы

Әлеуетті өнім беруші

Жылдық жоспар: мемлекеттік сатып алу веб-порталында әзірлеу, бекіту, қалыптастыру

Сомасы бөлінген қызықтыратын сатып алудың жоспарланған мерзімімен танысуға құқылы

Конкурстық құжаттаманы дайындау (техникалық ерекшелікті әзірлеу, бұйрықтарды шығару (конкурстық құжаттаманы, конкурстық комиссияны, хатшысын, сарапшыны тарту кезінде бекіту)

 

Хабарландыруды жариялау

Конкурстық құжаттамамен танысу, оның ережелерін түсіндіруге сұрау салу жіберу мүмкіндігі

 

Келіп түскен сұрау салулар болған жағдайда жауаптарды ұсыну қажет

 

 

Конкурстық өтінімді дайындау, өтінім беру

Өтінімдерді қарау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялау

Өтінімдерді сәйкес келтіру

Өтінімдерді қайта қарау.

Нәтижелер хаттамасы

Нәтижелерге шағым  беру

Жеңімпазға шартты жіберу

Шартқа қол қою

* Ұсынылған алгоритм тәжірибеде жиі кездеседі, бірақ міндетті емес. Әртүрлі факторлар (өтінімдердің, ескертулердің, шағымдардың болмауы және т.б.) іс-әрекеттердің дәйектілігіне әсер етеді.

 

Конкурстық өтінімді құру және беру

Өтінімді хабарландыру нысанында беру үшін қолжетімді іс-әрекеттерден «Өтінімді құру» таңдау қажет.

Ескертпе: осы іс-әрекет өтінімдерді қабылдауды бастау күні келгенге дейін қолжетімді, бұл ретте хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» болуы тиіс.

 

Конкурстық өтінімді құру, қалыптастыру және беру рәсімін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:

– конкурстық өтінімді құру;

–конкурстық өтінім берілетін лоттарды таңдау (лоттарды қосу);

–барлық міндетті құжаттарды тіркеу (яғни конкурстық құжаттаманы қалыптастыру);

Мәлімет үшін! Әрбір тіркелген салым көлемі 20 Мб аспауы тиіс.

– конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру және қол қою;

–конкурстық өтінімнің техникалық ерекшелігін қалыптастыру;

Мәлімет үшін! Техникалық ерекшелік  әр лот бойынша жекелей қоса беріледі

– конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қосу;

– әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қалыптастыру;

– әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) туралы мәліметтерді толтыру;

Қосалқы мердігерді тарту

Сатып алуға қатысу
Рауана Карабаева юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Қосалқы мердігерді ШЖҚ РМК қандай тәсілімен тарту керек: мемлекеттік сатып алу немесе азаматтық-құқықтық шарт арқылы ма?

 – конкурстық өтінімнің баға ұсынысын қалыптастыру;

– конкурстық өтінімді беру (жіберу).

 Әлеуетті өнім беруші хабарландыруда көрсетілген мерзімде өтінім беруі қажет. Бұдан кейін конкурс «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау) »  мәртебесінен «Өтінімдерді қарау» мәртебесіне  ауысады.

Конкурстық өтінімді толықтыру

Егер өнім беруші біліктілік талаптары немесе конкурстық құжаттама талаптары бойынша жіберілмесе, өнім берушінің өтініміне «Қайтарылды» мәртебесі беріледі.

Өтінімді іздеу үшін «Жұмыс кабинеті» бөліміне өтіп, «Менің өтінімдерім» мәзірін таңдап, фильтрлер жиынтығы көмегімен өтінімді іздеу қажет. «Әрекет» жолындағы бас тартылған өтінімнің жолында өтінімдерді қайта қабылдау басталу мерзімінде өтінімді толықтыруға арналған   пиктограмма қолжетімді болады.

Конкурстық өтінімді толықтыру

Сатып алуға қатысу
Анна Боган Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбады, техникалық себептер бойынша ол оны сәйкес келтірмеді, бірақ қажетті құжаттарды қағаз түрінде ұсынды. Тапсырыс берушінің мұндай өтінімді қарауы заңды ма?

Пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді толықтырғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі.

 Өнім беруші толықтыру жүргізілетін лоттарды қанатбелгімен белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу қажет. Жүйе «Таңдалғандарды қарап шығу» бетіне  автоматты түрде ауысуды іске асырады, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет. Жүйемен «Бас тартылған құжаттар» нысанына ауысуы іске асырылады.

 Құжаттың белсенді сілтемесіне басып, құжаттарды редакциялау қажет

Барлық құжаттар қосылғанынан кейін, «Өтінімді толықтыру» батырмасын басу қажет.

Сәтті ұсыну жағдайда өтінімге «Берілді (толықтыру)» мәртебесі тағайындалады.

 

 Өтінімді кері қайтару

 «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінімдерді (толықтырулар) қабылдауды аяқтау мерзімі басталғанға дейін берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда  пиктограмма түріндегі «Кері қайтару» іс-әрекеті қолжетімді болады.

 

Ескертпе: хабарландыру мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» немесе «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)», өтінім мәртебесі не «Берілді», не «Берілді (толықтыру)» болуы тиіс.

Өтінімді толықтыру және кері қайтару мерзімі

Сатып алуға қатысу
Рауана Карабаева юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық өтінімді қалай және қандай мерзімде толықтыру керек? Берілген өтінімді қалай қайтаруға болады?

 «Іс-әрекет» жолындағы пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді кері қайтарғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі

Бұл функционал «Өтінімді кері қайтару» батырмасы көмегімен, өтінімді қарап шығу нысанында да қолжетімді.

 Егер әрекет расталатын болса, өтінім мәртебесі «Кері қайтарылды» («Кері қайтарылды (Толықтыру)») дегенге ауыстырылып, «Әрекет» жолында өтінімді редакциялауға  пиктограмма қолжетімді болады.

 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысу

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысу ашық конкурсқа қатысудан әлдеқайда оңай,өйткені ең аз баға берген адам ұтады.

 «Баға ұсыныстарын сұрату» сатып алу тәсілін  фильтрде қойып, сатып алуды табу керек, бекітілген файлдар кестесінде техникалық ерекшелікпен және хабарландыру шартының жобасымен танысу керек.

 «Лоттар» қосымша бетінде жүйе сатып алудағы барлық лоттарды көрсетеді. Лот бойынша ақпаратпен танысу үшін лот нөмірі бар белсенді сілтемесіне басу қажет.

  «Баға беру» батырмасын басқан кезде, егер бір лотқа оның бас ұйымы, филиалы қатысса, жүйе әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеруді жүргізетін болады.

 

 Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;

- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді  жасамақ болса; 

- егер филиалдан өтінім берілсе және  осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса.

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтін  көрсетеді. 

  «ЖСК, Банк» жолында банк шотың көрсетуіңіз қажет. «Шотты таңдау» батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, онда шот нөмірінің сілтемесіне басып, керекті шотты көрсетуіңіз қажет.

 Назар аударыңыз! Баға ұсынысын берген кезде он сандық нысанда бір бірлігі үшін бағасын көрсету бүтін саннан кейін нүкте қою арқылы жүзеге асырылады, мысалы: 500.88.

«Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін келесі жолдарды  толтыру қажет:

«Дайындаушы зауыт» - пайдаланушы қолмен толтырады.

«Шығарған елі» - елдер анықтамалығынан таңдалынады.

«Тауар атауы» - пайдаланушы қолмен толтырады.

  «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алу «Құжаттама» қосымша бетінде «Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тарауларын қарап шығу нысанында өнім берушіге сатып алу жобасында берілген рұқсаттардың талап етілген деректері бойынша көрсетілген болуы тиіс.   Баға ұсынысына рұқсат құжаттарын қоса тіркеу үшін «Рұқсаттарды қосу» қосымша бетіне өту қажет. Бірінші және екінші санатты рұқсаттарды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. 

 Қолданыстағы рұқсат (соңғы 24 сағатта алынған) болған жағдайда, осы рұқсат бар жолға қанатбелгі қою жолымен талап етілген рұқсатты таңдауды жүзеге асыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

Таңдалған рұқсатты алып тастау талап етілген жағдайда, осы рұқсат бар жолдағы қанатбелгіні алып тастау және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

 «Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тараулары үшін сатып алуда міндеттілік белгісі қойылған болса, жүйе рұқсаттарды/лицензияларды қосуды сұрайтын болады.  

Жүйе ұйымдастырушы берген рұқсаттар түрі мен өнім беруші қосқан рұқсаттар түрін салыстырады. Өнім берушінің қосылған электрондық рұқсаттарында ұйымдастырушы берген рұқсат (-тар) жоқ болған жағдайда, онда рұқстатар бойынша деректер  баға ұсынысында көрсетілмейді.   

Қолданыстағы рұқсат/лицензия болмаған жағдайда «Қатысушының бейіні – Менің электронды лицензияларым/Менің рұқсат құжаттарым» қосымша бетінде рұқсаттар сұрауды жүргізу қажет. 

Фильтрлер жинағының көмегімен іздеуді жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Жіберілген сауалдар «Рұқсат құжаттары бойынша сауалдар» қосымша бетінде көрсетіледі.

 «Өңдеуге жіберілді» деген рұқсат мәртебесі сауал жіберілгенін және өңделіп жатқанын білдіреді. «Өңделді» мәртебесі сауал орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «Алынған рұқсат құжаттары» терезесінде көрсетіледі. 

 Лицензияларды сұрату және қосу функционалы  рұқсаттарды қосу функцоналы сияқты орындалады. 

Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасына басу қажет.

 Бір бірлік үшін бағасына барлық шығындардың қосылатынын, сіз шарттың жобасымен танысып және оның елеулі талаптарын қабылдауыңызды, өнім берушінің өтініміндегі деректерді растайтыныңызды растау қажет.

«Растаймын» батырмасын басқанда, өтінім «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Жоба» мәртебесіне ие болып, сақталады.

«Растаймын» батырмасына басқаннан кейін өтінімге қол қою рәсімін жүргізу қажет.

Баға ұсынысына қол қою алдында енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімді болмайды.

Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебесімен «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде көрсетіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться