Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу

1405
Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың неғұрлым аз тараған тәсілі тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілі болып табылады.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 42-бабына сәйкес тауар биржалары арқылы сатып алу 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қосарланған қарсы аукцион режимінде биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

Егер биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілетін тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі  биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партиялардың ең аз мөлшерінен аспаса, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер болып табылады.

Биржалық брокер (брокер) – сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға.

Биржалық дилер (дилер) – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға.

Клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің және (немесе) дилердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. Біздің нақты жағдайымызда әлеуетті өнім беруші клиент болады.

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады. Іс жүзінде тауар биржасы – сапалы бірыңғай немесе өзара жеңіл алмастырылатын тауарларды сату-сатып алу мәмілелері белгілі бір ережелер бойынша жүргізілетін адал (нақты) бәсекелестіктің тұрақты түрде қызмет ететін көтерме нарығы.

Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгілік ережелері негізінде әзірленген әрбір тауар биржасы үшін биржалық сауда жүргізудің белгіленген тәртібін білдіреді. Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырады.

Әлеуетті өнім берушінің тауар биржасында (нақты шығарылған және жеткізуге дайын) тауарларды ғана емес, сонымен қатар фьючерстерді де саудалайтынын түсінуі маңызды. Тауар биржасындағы әрбір фьючерстік мәміле бір мезгілде бір тарап (сатып алуды ұйымдастырушы) үшін сатып алу, екінші тарап (әлеуетті өнім беруші) үшін сату болып табылады.

Фьючерстiк мәмiле – сауда-саттыққа қатысушылардың өзіне мәміле жасалған сәтте белгіленген баға бойынша биржалық тауардың белгілі бір санын болашақта белгілі бір кезеңде жеткізуге (қабылдауға) міндеттеме қабылдай отырып, тауар биржасында мерзімді келісімшартпен кепіл төлей отырып жасалатын операция түрі.

Көптеген жағдайларда тауар биржалары арқылы сатып алуға қатысу фьючерспен және міндеттемелермен сауда жасау мүмкіндігіне, яғни белгіленген баға бойынша әлі келіп түспеген тауарларды қазір сатып ала отырып, бұндай тауар пайда болған кезде оны неғұрлым жоғары (неғұрлым пайдалы) құнмен сатып алуға даяр адамдарға сатуға алып келеді.

Тауар биржасында мемлекеттік сатып алу тек электрондық биржалық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Тауар биржасы мемлекеттік сатып алу бойынша сауда-саттыққа қатысушы брокерлерге/дилерлерге электрондық құжат айналымы бойынша көрсетілетін қызметті және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану мүмкіндігін беруге тиіс. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде сауда саттық-кестесі түріндегі хабарландыру тауар биржасының интернет-ресурсында (ресми сайтында) биржалық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей орналастырылады. Биржалық сауда-саттық сауда режимінің қолданылатын ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасының биржа тауарларын сатуға (сатып алуға) белгілеген нысандары бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінім негізінде өткізіледі.

Биржалық тауарды сатуға ниеттенген әлеуетті өнім беруші тауар биржасына биржаның тауар сессиясы кезінде биржа тауарын сатуға өтінім береді. Тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілінің артықшылығы, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда тауар биржасының мүшелері (брокерлер/дилерлер) мәмілені клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып жасайды. Әр жеке тауар биржасында Биржалық сауда-саттықтың үлгілік қағидалары ескеріле отырып, биржалық сауда жүргізудің өз тәртібі мен ерекшеліктері белгіленеді.

Мемлекеттік сатып алуды тауар биржасы арқылы жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші:

  1. құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесін жасауға;
  2. брокерлік қызмет көрсету шартына қол қоюға;
  3. сатып алуға бұйрық дайындауға;
  4. бұйрыққа қосымшаны және техникалық ерекшелікті әзірлеуге;
  5. сауда-саттықтан кейін – өнім берушімен 3 данада жасалған шартқа қол қоюға және оның біреуін тауар биржасына ұсынуға тиіс.

Тауар биржасы арқылы сатып алудың барлық басқа сатып алулардан айырмашылығы туралы айтатын болсақ,бірінші кезекте қазіргі кезде тауар биржасы арқылы тек тауарларды сатып алуды ғана жүргізуге болатынын атап өткен жөн. Сонымен, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері (бұдан әрі – Биржалық тауарлар тізбесі) бекітілді. Бұл әлеуетті өнім берушінің тауар биржалары арқылы сатып алуға қатыса отырып, бекітілген тізбе бойынша тауарлар сата алатынын білдіреді.

 Аталған тәсілдің барлық басқа тәсілдерден тағы да бір басты айырмашылығы – тауарларды сатып алуды жүзеге асыру процесінің (рәсімінің) өзі мемлекеттік сатып алу веб-порталынан тыс жүргізілетіндігінде. Біздің мемлекетімізде тауар биржалары көбінесе тауарларды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға  мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбастан  сату тәсілі ретінде қарастырылады.

Бірақ әдетте Биржалық тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарларды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар өте сирек сатып алады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестік туралы талап тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қолданылмайтынына сіздердің назарларыңызды аударамыз. Бұл міндеттеме әлеуетті өнім беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы арасындағы құжат айналымын айтарлықтай азайтады және ең қысқа мерзімде мәміле жасауға ықпал етеді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль