MCFR.KZ Госзакупки

Сандық жүйеге көшіру не үшін қажет

  • 17 апреля 2019
  • 11
директор по развитию отношений с государственными общественными организациями, специалист отдела международного сотрудничества, г.Караганда
Сандық жүйеге көшіру не үшін қажет

Соңғы уақытта біз сандық жүйеге көшу, сандық өзгеріс туралы жиі естиміз. Бірақ бұл – тренд үшін кезекті жарыс немесе тиімді қажеттілік пе?

Сандық жүйеге көшу қажет, сандық өзгерістің пайдасы даусыз, бұл туралы көптеген экономикалық форумдарда айтылады, жаңалықтарда жазады. Бірақ, біздің көпшілігіміз сандық жүйеге көшудің экономиканы, бизнесті қалай өзгертетіндігін және ол қандай перспективаға ие болатындығын әзірге түсінбейміз. Сандық жүйеге көшіру қажет пе, ол нені білдіреді және қандай пайда әкелетіндігін бірге талқылап көрейік.

Сандық жүйеге көшіру дегеніміз не

Сандық жүйеге көшу немесе сандық өзгеріс (digital transformation) – бұл ақпаратты берудің сандық түріне көшу; ақпаратты сандық нысанға түрлендіру; сандық құрылғылардың көмегімен деректерді жазу және берудің сандық тәсіліне көшу. Дәл осындай сандық жүйеге көшу анықтамаларын сөздіктерден табуға болады

Сандық жүйеге көшу – бұл бір нақты технология, қызмет немесе өнім емес. Бұл жағдайда оны қандай да бір жұмысты түрлендіру үшін сандық ресурстарды пайдалану тәсілі ретінде айқындаған дұрыс.

Компьютерлендірудің өсуі және деректер желілерінің дамуы сандық түрлендірулер бағытындағы негізгі біліктілікті кеңейту қажеттілігіне алып келеді. Сандық жүйеге көшу жаңа мүмкіндіктерді ашады, соның арқасында қолданыстағы өңдеу, өндіріс тәсілдерін өзгертуге болады.

Кез-келген өнеркәсіптік кәсіпорынды алайық. Егер ол осы деректі елемейтін болса, жаңа технологияларды енгізбейтін, сандық ресурстарды пайдаланбайтын болса, онда тек құрамдастарды жеткізуші болу және өз білімі мен тәжірибесін нарықта орнықтыра алмау қаупі бар, нәтижесінде бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін.

Бірақ сандық өзгеріске тек өнеркәсіп қажет емес. Біздің барлығымыз электрондық форматқа көптеген мемлекеттік қызметтер аударылатындығын білеміз. Бизнес те жоғары жылдамдықты сатыға өтеді. Және артта қалғандардың немесе аутсайдерлер қатарына түспеу үшін уақытқа сәйкес келу керек. Бұрынғы үлгілер мен процестер біртіндеп ескіріп, өз тиімділігін жоғалтады, кейбір ескі әдістер қазірдің өзінде жұмыс істемейді. Өнімдер мен қызметтерді тұтыну нысандары өзгереді.

XXI ғасыр – жоғары жылдамдық уақыты, сандық технологиялар уақыты. Және бизнес ескі үлгі бо йынша тиімді түрде жұмыс істейтін болады деп ойлауға қателік болатын шығар.

Әлемдік сандық жүйеге көшу

Сандық жүйеге көшу процесі бүгінгі таңда әлемнің барлық елдеріне тарады. Әрбір ел сандық дамудың басымдықтарын дербес айқындайды. 15-тен астам ел сандық жүйеге көшудің ұлттық бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ұлттық экономиканы сандық жүйеге көшірген алдыңғы қатарлы елдердің қатарында Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея мен Данияны атауға болады. Бұл елдерде сандық жүйеге көшу жөніндегі бағдарламаны іске қосудағы, іске асырудағы басты рөл мемлекетке тиесілі. Бұл ретте табыс сандық жекешелендіру – жеке ойыншыларды тарту арқылы негізделген.

Сандық жекешелендіру

Сандық жекешелендіру тәсілінің ең айқын мысалы – Сингапур. 2014 жылы мемлекет азаматтардың күнделікті өміріне сандық жүйеге көшуді (Smart Nation) енгізу жолымен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеудің бастамашысы болды. Оны нақтылау, іске асыру үшін кәсіпкерлер мен сарапшыларды ынтымақтастыққа шақырды.

Smart Nation аясында негізгі бастамаларды іске қосу үшін мемлекет шешуді талап ететін бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді анықтады. Мемлекет әрбір міндет үшін тендер ұйымдастырады және техникалық шешімді әзірлеуге мердігер таңдалады. Тендерге қатысу талаптарға жауап беретін барлық қатысушылар үшін ашық. Яғни, мемлекет ірі бизнесті ғана емес, ШОБ өкілдерін де тартады (2015-2016 жж. келісім-шарттардың жартысынан астамы ШОБ-пен жасалды).

Мемлекеттік органдарды сандық жүйеге көшіру

Дания, мысалы, мемлекеттік органдарды сандық жүйеге көшіруге белсенді инвестиция салады. Қазір азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен онлайн-режимде қарым-қатынас жасауға арналған жеке кабинеттері бар. 2015 жылдан бастап барлық азаматтар мемлекеттік органдармен тек Интернет арқылы сөйлесуге міндетті, ал барлық мемлекеттік органдар мен муниципалитеттер бірыңғай желіге байланысты, бұл бірыңғай жеке кабинет арқылы барлық ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.


Коммуникациядан басқа бизнес барлық операция ларды Интернет арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар (үзінді көшірмелерді алу, салықтарды төлеу, есептерді жіберу), бұл осыған жұмсалатын уақытты айтарлықтай қысқартады (қағаз түрінде жіберу кезінде 5 күнге қарсы электрондық тәсілмен жіберу кезінде 5 минут). Мұндай жүйе жыл сайын бюджет қаражатының 10-20% үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстанды сандық жүйеге көшіру

Егер 2022 жылға қарай:

– жергілікті электрондық сауда дамитын болса;

– ҚР ірі компанияларын капиталдандыру жаңа деңгейге шығатын болса;

– бізде басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістер болса;

– басым салалардың әрқайсысында әлемнің топ-30 елінің деңгейіне дейін еңбек өнімділігінің деңгейі артса;

– көлеңкелі экономиканың үлесі әлемнің топ-30 елінің деңгейіне дейін төмендесе осы бағытты табысты жүзеге асырылды деп айтуға болады.

Сандық жүйеге көшумен қозғалған барлық салаларда жалпы үдерістердің тізбегін бақылау қиын емес: сандық технологиялар енгізілуде, өнімділік өсуде және бәсекеге қабілеттілік жоғарылауда, тұтастай алғанда барлық сала дамуға серпін алуда.

Бірақ, Қазақстанда сандық жүйеге көшу бо йынша нақты қандай шаралар немесе іс-шаралар жоспарланған? Олардың кейбіреуін келтірейік:

– ШОБ үшін бірыңғай платформада кәсіпкерлер үшін түрлі ІТ-сервистерге қол жеткізуді ұйымдастыру (бухгалтерия, адам ресурстарын басқару, қаржылық талдау және т. б.);

– ҚР 2018-2022 жылдарға арналған ұлттық экспорттық стратегиясы бағдарламасын іске асыру, ол импорттық-экспорттық операциялар кезіндегі шығындардың азаюына, импортталатын тауарлардың сапасын бақылаудың тиімділігінің артуына алып келеді;

– салықтық, кедендік әкімшілендірудің сапасын арттыруға бағытталған шараларды орындау;

– электрондық шот-фактураларды шығару бойынша платформаны құрумен бірге бірыңғай ақпараттық ортаны және тауарларды таңбалауды енгізу. Бұл тауарлардың сапасына кепілдік беріп қана қоймай, жосықсыз бәсекелестікпен, тауарлардың заңсыз айналымымен, контрафактілік өніммен күресуге мүмкіндік береді;

– мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл саласын сандық жүйеге көшіру (ШОБ-ты қозғайтын шараларды қоса алғанда).

Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл саласын сандық жүйеге көшіру кәсіпкерлердің шығындарын азайтуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын арттыруға алып келеді. Мұнда тек біздің мемлекет шеңберінде ғана емес, ЕАЭО сияқты біз үшін маңызды интеграциялық бірлестік шеңберінде де«бір терезе» механизмін енгізу маңызды рөл атқара алады.

Осылайша, қазірдің өзінде сандық өзгеріс бойынша шараларды енгізудің ұзақ мерзімді перспективаларын анықтауға болады. Сандық жүйеге көшуді табысты іске асыру біртіндеп экономика (электрондық сауданың рөлі артады), АКТ және қаржы секторы құрылымын өзгертеді.

ЕАЭО шеңберінде сандық жүйеге көшу

Біздің жағдайда ЕАЭО аясында сандық жүйеге көшу процесінің ерекшеліктерін қарастыру маңызды.

ЕАЭО елдері сандық өзгеріс үшін қолайлы жағдай жасау үшін бар күш-жігерді біріктіруі қажет. Бұл мәселенің ауқымы кең болғасын күш-жігерді шоғырландыру маңызы зор. Сонымен қатар, интеграциялық бірлестік белгілі бір қағидаттар мен табысты өмір сүру шарттарын білдіреді. Бір одаққа мүше болып табылатын елдердің азаматтары шектеулермен, соның ішінде виртуалды кеңістікте де бетпе-бет келмеуге тиіс. Сондықтан бұл тек тура сандық технологиялар ғана емес, кедергісіз ортаның да мәселесі.

ЕАЭО-ның әрбір мемлекетінің жеке жүргізілетін жұмысы да орынды. Және бұл бұған дейін айтылғанға қайшы келмейді, керісінше толықтыру жасап, мұндай ауқымды жұмыс жағдайында қолайлы болып табылады. Өткен жылдар ішінде әрбір ел экономиканы жаңғыртуға тырысты, сандық экономика салаларын да пайдаланды. Әрбір ел белгілі бір жұмысты атқарды және өз тәжірибесін жинақтады. ЕАЭО елдерінде қандай жинақталған біліктіліктердің бар екендігін және болашақта өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын немен көретіндігін түсіну керек. Осылайша, олар оларды жүзеге асырып, бірлесіп жүзеге асырылатын сандық өзгерісте табысты рөлді атқарады.

Мысалы, Беларуссияда Жоғары технологиялар паркі құрылды. Және үлкен көлемде экспортталатын қызметтерді Жоғары технологиялар паркінде тіркелген кәсіпорындар ұсынады. Сонымен қатар, жұртшылықпен көп талқыланатын тақырып – блокчейн және крипто-валюта: Беларусь осы салада заңнама құрды, демек белгілі бір тәжірибе жинақтай алады деген сөз.

Қазақстан туралы айтатын болсақ, тиісті сандық инфрақұрылым қажет болатын Астанада қаржы орталығын құру туралы еске түсірмеуге болмайды. Осылайша, тағы да бізде «Цифрлық Қазақстан», «Индустрия 4.0» сияқты бағдарламалар әзірленді.

Арменияда электрондық ілеспе құжаттар саласында белгілі бір құзыреттіліктер жинақталған.

Қырғызстан деректерді сақтау орталығын құруға немесе сандық инфрақұрылым құруға мүдделі.

Ресей – бұл ең алдымен мемлекеттік қызметтер, тауарларды бақылау, таңбалау, көлікті сандық жүйеге көшіру.

Осы жаңа мамандықтарды пайдалану нәтижесінде барлығына белгілі бір пайда әкеледі. Әрине, мұның барлығының ЕАЭО-ның барлық елдерінің келісілген саясаты және сандық жүйедегі заңнаманың үйлесім табуы жағдайында ғана пайдасы болады.

Сандық жүйеге көшу ең алдымен қандай салаларға әсер етеді.

Ең алдымен бұл үлкен тұтынушылық сұраныс бар қызметтер мен сервистер.

Сондай-ақ, бұл қашықтық бизнесті жүргізу үшін шығындарды жасайтын салалар, бірақ оларды жаңа технологиялар арқылы жоюға болады.

Сандық жүйеге көшіру ортақ нарықтар құрылатын және ЕАЭО елдерінің бірлескен құзыреті іске асырылатын салаларда да қажет: кеден және сауда, мемлекеттік сатып алу, көлік, фармацевтикалық нарық, қаржы нарығы, деректермен алмасу жүйесі, еңбек нарығы, өнеркәсіп және АӨК.

Мысалы, ЕАЭО жаңа Кедендік кодексі заманауи технологияларды қолдануға бағытталған. Электрондық декларациялау кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуды, сондай-ақ жұмсалатын уақытты азайтуды да білдіреді.

Барлық рәсімдерді оңтайландырудың арқасында ыңғайлы орта құрылады. Және бұл сандық технологиялар пайдаланылуы мүмкін аталған салалардың кез-келгеніне қатысты.

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізілген зерттеу сандық хабарламаны бірлесіп іске асыруға үлес қосудың ЕАЭО елдерінің ұлттық сандық бағдарламаларды жүзеге асыруға қосқан үлесінен бөлек екі есе жоғары болатындығын көрсетті.

ЕАЭО сандық хабарламасын енгізуден сандық дивидендтердің мысалдары (2025):

  • құқықтық кедергілерді жою – 46,5 млрд АҚШ доллары;
  • мемлекеттік сатып алуды сандық жүйеге көшіру – 16,3 млрд АҚШ доллары;
  • «ашық үкімет» мемлекеттік қызметі – 3,6 млрд АҚШ доллары;
  • трансшекаралық электрондық мемлекеттік қызметтер – 0,5 млрд АҚШ доллары.

Сандық жүйеге көшу және ШОБ

ШОБ-тің көптеген өкілдері оларды сандық жүйеге көшіру қазіргі заманғы технологиялардың қымбат болуына байланысты жанама ықпал етеді не оларға қолжетімсіз деп санайды. Іс жүзінде қазіргі заманғы технологиялар, оның құрылуын өзгерте отырып бизнеске қатты әсер етеді; олар ауқымдауға байланысты бағаның төмендеуі салдарынан анағұрлым қолжетімді болады.

Бүгінгі таңда жасалып жатқан және жақын арада құру жоспарланып отырған сандық платформалар аз емес. Олар мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге, шығындарды азайтуға, өз өнімін жаңа нарықтарда және жаңа сандық форматтарда сатуға көмектеседі. ШОБ өкілдері болып жатқан үдерістерді есепке алып, жаңа нысандарды назарға алып, жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысу керек.

Сандық жүйеге көшу – бұл әлемнің көптеген елдерінің экономикасы, бизнесі бастан кешіріп отырған шарасыз процесс және сандық экономиканың осы жаңа шарттарына бейімделуі қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться