MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтер ақылы болады

  • 27 декабря 2018
  • 38
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтер ақылы болады

Кім төлемді жүргізу керек? Шартты қалай жасау керек? Қандай соманы төлеу керек?

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет барлық әлеуетті өнім берушілерге ақылы негізде көрсетіледі. Аталған ақша қаражаты электрондық әмиянға аударылады.

Әлеуетті өнім беруші веб-порталдың төменде келтірілген функцияларына қол жеткізу үшін жылына бір рет төлем жүргізуі қажет:

–мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім беру/толықтыру, бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісім беру;

– баға ұсынысын беру;

– мемлекеттік сатып алу туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері бойынша).

 

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар үшін қызметтерге ақы төлеу

 «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен құрылатын ұйымдармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, веб-портал мұндай ұйымдарға қызметтерді төлеместен шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты келісуге, қол қоюға мүмкіндік береді

Сатып алудың басқа тәсілдері үшін қызметті төлеу қажет.

➤Вебинар!➤

Завершение года на веб-портале госзакупок

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтер ақылы болады

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Заңды тұлғалармен (квазимемлекеттік сектор) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтерге ақы төлеу

Квазимемлекеттік сектор субъектілері– мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар (ҚР Бюджеттік кодексінің 3-бабы).    

 

Өнім берушіге (квазимемлекеттік секторға) қызметке ақы төлеу үшін тапсырыс беруші ретінде «қызметті» сатып алудың мәнімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторымен шарт жасасу қажет.

«620920.000.000013 Ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді ұсыну бойынша қызметтер» ТЖҚК

Одан кейін «Қатысушы профилі» мәзіріне өту керек – «Электрондық әмиян».

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қызметті төлеу» пернесі қолжетімді болады.

Банк төлемді банктік шотқа аударғаннан кейін веб-портал операторы электрондық әмиянда аударылған соманы көрсетеді.

Шарттың қолданылу мерзімі және актіге қол қою, ақы төлеу мерзімдері

Шарттың әрекет ету мерзімі – оған қол қойған сәттен бастап (яғни шарт күшіне енген сәттен бастап) ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.  Яғни, қызметке қол жеткізу шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсынылады.

Көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюға актіні жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні ұсынылады. Егер көрсетілген қызметтер актісі жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде актіге қол қойылмаса, онда мемлекеттік сатып алу веб-порталының функциялары қолжетімсіз жабылады.

Көрсетілген қызметтер актісіне қол қою мерзімі бұзылған жағдайда қызметті алуға қолжетімділік оны төлегеннен кейін ғана беріледі.

Қызметті көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлеу қажет.

Қызмет ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған сәттен бастап көрсетіледі.

★ Мемлекеттік сатып алу веб-порталынан электрондық шарттарды сақтау тәртібі қандай ★

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтер ақылы болады

Екатерина Зотова

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мұрағатқа мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды өткізу

Жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың (квазимемлекеттік секторға жатпайтын) қызметтеріне ақы төлеу

 Қызметті төлеу үшін өнім берушіге:

1) «Қатысушы профилі» мәзіріне өту – «Электрондық әмиян»;

2) жеке шотты көрсету;

3) «Менің қызметтерім» бөліміне өтіп,«Қызметті төлеу» пернесіне басу (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолжетімді болады).

Төлем сомасы

Тарифтер – бұл уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік сатып алу операторы белгілеген әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалар.

Берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың саны таңдалған тарифтің қолданылу кезеңінде шектелмеген.

Қызмет құны өтінімнің ең жоғары құнымен (қатысу үшін өнім беруші таңдаған лоттардың жоспарлы сомасынан) немесе жасалатын шарттың (шарттың жоспарлы сомасынан) анықталады, шектеу әрбір өтінім мен әрбір шарт үшін жеке қолданылады (төленген кезең ішінде берілетін өтінімдер мен шарттардың саны шектелмеген). Қызмет жылына бір рет төленеді.

Шекті сома

АЕК-тегі тариф

Теңгемен алғандағы тариф

1 млн теңгеге дейін

жылына 1АЕК 

жылына 2 525 теңге

10 млн теңгеге дейін

жылына 10 АЕК

жылына 25 250 теңге

100 млн теңгеге дейін

жылына 20 АЕК

жылына 50 500 теңге

1 млрд теңгеге дейін

жылына 60 АЕК

жылына 151 500 теңге

Шектелмеген

жылына 122 АЕК

жылына 308 050 теңге

 

Аудару жолымен төлемдерді енгізуге арналған деректемелер:

«Электрондық коммерция орталығы» АҚ

БСН 071140005693

IBAN KZ736010111000171681

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX

КБе 16

КНП 859

Қаражатты  ұлттық валютада ғана аударуға болады.

 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться