MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық

  • 14 декабря 2018
  • 8
Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық Қазақстан үшін әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Мемлекеттік сатып алу саласында көптеген бұзушылықтар анықталуда, нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың көп қорытындысы қайтарылуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне үнемі талдау жүргізіледі. Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық жағдайларын жою бойынша тиісті ұсынымдар алады. Бұл мемлекеттік қызметтер, бақылау-қадағалау және рұқсат ету функциялары, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және т. б. салаларды реттеу және НҚА өзгерістер енгізуге де қатысты.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды орындауы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (МҚІСҚА) ерекше бақылауда.

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықтың өсу проблемасы әр түрлі ведомстволардың кеңестері мен мәжілістерінде талқыланып келеді.

★Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алу кезіндегі әрекеттер★

Коррупция в государственных закупках

Екатерина Клопова

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Сатып алуды болдырмау оны өткізудің кез келген сатысында мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімінің тоқтатылғанын білдіреді.

Талқыланған және қабылданған шаралар, тек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу үшін ғана емес, адал бәсекелестікті дамыту үшін де керек, бұл тұтастай алғанда Қазақстандағы бизнесті дамытуға оң ықпалын тигізуі мүмкін.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар өкілдері үшін әр түрлі семинарлар өткізіледі, бұл ретте үздік халықаралық сарапшылар тартылады. Мысалы, осы жылдың тамыз айында «Мемлекеттік сатып алу: аудит, тиімділікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа және салғырттыққа қарсы әрекет жасау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді, оны ұйымдастырушылар МҚІСҚА және ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі болды.

Бұл семинарда мемлекеттік және электрондық сатып алудың сатып алу тәжірибесінің теориялық аспектілері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың ықтимал қатері қарастырылды. Мұндай іс-шаралар ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

 

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық көріністері

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық түрлі жағдайларда көрініс табады. Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін дәлелді негіздеместен қабылдамай немесе қосымша талаптарды белгілеуі, дұрыс есеп жүргізбей, сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзуы мүмкін.

Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін өнім берушілерді негізсіз таңдау да мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жатады.

Соңғы уақытта белсенді талқыланатын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға ұсынылған түзетулер аясында да бір көзден алу тәсілімен сатып алу да проблемалардың бірі болып табылады. Сатып алудың басым бөлігі осы бәсекелес емес тәсілмен өткізіледі.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларды жауапкершілікке, соның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартады. Алайда, мемлекеттік сатып алу саласында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны әлі де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша жұмыстардың көп болатындығын айғақтайды.

2017 жылы мемлекеттік сатып алу саласында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны жер қатынастары, құрылыс және ТКШ, білім беру және т. б. сияқты салаларда ұқсас қылмыстардың санынан айтарлықтай асып түсті.

★Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар★

Коррупция в государственных закупках

Андрей Романов

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу саласында ескіру мерзімдерін заңнамалық реттеу

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең маңызды өзгерістер

Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесі құрылған жылдардан бастап көптеген өзгерістер болды. Ең маңызды өзгерістер мемлекеттік сатып алуды орталықтандыруды және сатып алудың электрондық форматына көшуді атауға болады.

Бюджеттік шығындардың барынша тиімділігін, айқындылығын және оңтайлылығын қамтамасыз ететін және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге көмектесетін орталықтандырылған сатып алу қызметін құру идеясын ҚР Президенті алғаш рет ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2013 жылы ұсынған болатын.

Мемлекеттік сатып алуды электрондық форматқа ауыстыру да өткізілетін рәсімдердің ашықтығын арттыруға ықпал етті, әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуын оңайлатты, көп шығындарды азайтты. Бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің төмендеуіне де айтарлықтай әсер етті.

Яғни, өткен онжылдықта мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және ондағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сондықтан да біздің мемлекеттік сатып алу үлгіміз  әлемдегі ең үздіктердің бірі болып танылуы мүмкін (мұндай пікірді Дүниежүзілік даму банкінің өкілдері білдірді). Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс аяқталған жоқ, әлі де көп нәрсе істеу керек.

 

Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлігінде арнайы ведомстволардың жұмысы ғана маңызды емес. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың I конгресінде ҮЕҰ өкілдері «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасын ұсынды.

★МКМ директоры мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады★

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық

Андрей Романов

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасаған жағдайда, егер бұл ретте ол мемлекеттік қызметкерге жатпаса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының ықпалына түсе ме?

Осы жоба аясында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің сатып алу порталдарына мониторинг жүргізіп, сатып алу бағасын нарықтық бағасымен салыстырады. Егер сатып алу бағасы нарықтық бағадан едәуір асып кетсе, мемлекеттік сатып алуды өткізбеу туралы ұсыныстар жіберіледі.

Жоба іске қосылғаннан кейін 1 апта ішінде мемлекеттік органдардың 45 млн теңгеге жуық сомаға бағасын көтеру фактілері анықталды. Жобаны жүзеге асырудың 2 айында жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын бағаны көтеру фактілері алынып тасталды.

Мәселен, өткен жылдың мамыр айында аудандық ауруханалардың бірінің сатып алуы тоқтатылды – 29 730 000 теңге сомасына кеңсе қағазын сатып алу, қайта қараудан кейін сатып алу сомасы 2 378 000 теңгені құрады. Басқа жағдайда 4 480 000 теңге сомаға жанармай сатып алу жүзеге асырылды, бірақ қайта қарағаннан кейін сатып алу сомасы 3 625 000 теңгені құрады. Сондай-ақ, ШЖҚ МКК-ның бірінің 3,5 млн теңге сомасына бахил сатып алу тоқтатылды, қайта қараудан кейін сатып алу сомасы тек 126 мың теңгені ғана құрады.

Жіберілген бұзушылықтар үшін Тапсырыс беруші қандай жауапкершілікке ілінді?  Халықаралық қоғамдастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай қолдайды? 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться