text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арызды беру

  • 11 октября 2018
  • 2
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арызды беру

Өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызына қойылатын талаптар

Тапсырыс берушімен талап арызды сотқа беру қажеттілігі қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) негізделген.

Осылайша, Заңның 12-бабының 4-тармағымен анықталғаны, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті:

  • егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзса, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталса;
  • егер өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаса не тиісінше орындамаса.

Анық емес ақпаратты ұсыну

Мәліметтердің анық еместігін анықтауға қатысты аталған негіздеменің Заңның 11-бабының нормаларына сәйкес тапсырыс берушімен қолданылатындығына назар аудару керек:

1. Өздерінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпарат ұсынған, соның нәтижелері бойынша өздерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

3. Әлеуетті өнім берушінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде:

1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;

2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.

Бұл ретте хабарламаға осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс (Заңның 11-бабы).

 

Аталған норманы аса нақты қарау қажет деп есептейміз.

Біріншіден, Заңның бұл нормасы конкурс немесе аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылады. Сәйкесінше, аталған норма өткізілмеген конкурс/аукцион бойынша бір көзден алумен, шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алумен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Екіншіден, санкциялар конкурс немесе аукцион жеңімпаздарына қатысты ғана әрекет етеді. Сәйкесінше, егер жеңімпаз шартты жасаудан бас тартса, онда екінші орын алған әлеуетті өнім беруші анық емес мәліметтерді ұсыну кезінде заңды түрде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып таныла алмайды. Бұл жағдайда аталған сұрақта заңнамалық кемшілік бар деп есептейміз, себебі екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз сияқты шартты жасаудан бас тартуға құқылы емес: басқа әлеуетті өнім брушілермен қатар ол қатысу туралы келісімге қол қояды (конкурстық (аукциондық) құжаттаманың 4-қосымшасы), оған сәйкес анық ақпаратты ғана ұсынуға міндеттенеді. Бүгінгі таңда Мәжілісте қарастырыып жатырған мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасында екінші орын алған өнім берушіге бұрын қолданыста болған 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда көрсетілгендей, шартты жасаудан бас тарту құқығын беру ұсынылады.

Үшіншіден, тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалу керек. Заңда және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында тапсырыс беруші басқа уәкілетті тұлғалардың қатарында алынған ақпараттың анықтығын тексеруге құқылы екендігі айтылған. Егер өтінімді бергеннен кейін ол әлеуетті өнім берушімен ұсынылған ақпараттың анық еместігі анықталса, тәжірибеде оның теріс ықпал ету тетіктері жоқ, себебі мұндай жағдайда аталған тұлға әлі жеңімпаз болып танылмау себебіне байланысты оны әлеуетті өнім берушіге сәйкестікке келтіру құқығын беріп, конкурстық өтінімнен бас тартуы керек.

Төртіншіден, алдын алу шараларына уәкілетті органдар ғана ие. Олар ғана шартты жасасқанға дейін жеңімпаздың өтінімінен бас тарту қажеттілгі туралы хабарламаны конкурс (аукцион) ұйымдастырушысына жібере алады. Тәжірибеде жеңімпазбен анық емес ақпараттың ұсынатындығын сезе отыра, оған жедел түрде растау алмайтын жағдайлар кездеседі, осыған байланысты әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуына рұқсат береді. Сәйкесінше, өнім берушінің өтінімінен бас тарту үшін конкурс (аукцион) нәтижелернің хаттамасында ұйымдастырушының ақпараттың анық еместігін растайтын тікелей дәлелдемелері болуы керек.

Міндеттемелерді орындамау және тиісінше орындамау

Талап арзды беру үшін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немес тисінше орындамауы екінші негіздеме болып табылады.

Өнім берушінің міндеттемелері тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарда көрсетілген – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына  19, 20, 21-қосымшалар, келесілер оларға сәйкес болып табылады: тауардың сапасы мен толымдылығы, шарттың шарттарына және оған қоса берілетін техникалық ерекшелікке қатаң түрде сәйкес орындаған жұмыстардың, көрсетілген қызметтер көлемінің сапасы мен толықтығы; міндеттемелерді, кепілдемелерді орындау уақытылылығы, талап етілетін құжаттарды ұсыну, құпиялылық, тапсырыс берушіге рұқсат беру, шарттың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсыну (соңғысы талап арызды беру үшін негіздеме ретінде судьялардың күмәнділігін туғызады, бірақ заңды түрде ондай болып табылмайды). Аталған міндеттемелерді бұзу ол туралы белгілі болған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушімен талап арызды беру үшін негіз болып табылады.

Өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану

Азаматтық процестік заңнама өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану үшін іс жүргізудің екі тәсілін қарастырады: оңайлатылған іс жүргізу – ҚР Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АПК) 13 тарауы және талап қою ісін жүргізу – ҚР АПК 14-тарауы.

 

Мәлімет үшін! Оңайлатылған іс жүргізудің қазақтардың арасында аз таралғандығын атап өткен жөн. Ол ең біріншіден, тапсырыс берушілерге көп таныс еместігіне; екіншідіен егер өнім беруші қандай да бір себептермен тиісті деңгейде хабардар болмаса, сот шешімін бұзуға және талап қою ісін жүргізуде істі қарау үшін барлық негіздер бар; үшіншіден, оңайлатылған іс жүргізу мәні туралы дау болмаған жағайда қолданылуы мүмкін, яғни талаптар жауапкермен келісілмейді (мысалы,өнім беруші жазбаша түрде шартты орындаудан бас тартты).

 

Талап қою ісін жүргізу және оңайлатылған іс жүргізудің ұқсас тұстары бар:

  • Өтінімді беру орны. ҚР АПК 30-бабының 6-тармағына сәйкес орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін. Көбіне шартты орындау орны талапкердің орналасқан жерінен сәйкес келіп жатады.
  • Соттылық. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы істер мамандандырылған экономикалық соттың ғана қарауына жатады.

 

Маңызды! Өтінімді беруге дейін мемлекеттік бажды төлеу керек.

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» Кодексі (Салық кодексі) 610-бабына сәйкес тасырыс беруші 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекттік бажды, ал тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап болған жағдайда талап етілетін тұрақсыздық айыбы сомасынан – 3 % төлеуі керек. Салық кодексінің 616-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы істер санаты бойынша мемлекеттік бажды төлеуден мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары босатылады.

 «Соттардың мемлекетітк сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес сот талаптан бас тартуды қабылдауға және осы істер санаты бойынша бітімгершілік келісімді бекітуге құқылы емес.

 

Назар аударыңыз! Тапсырыс берушімен 30 күндік мерзімд өткізіп алуы сотпен талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Талап арызды беру

ҚР АПК 148-бабына сәйкес талап қою арызында көрсетілуі тиіс:

1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, БСН мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, ЖСН (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;

6) егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер (қолданыстағы мемлкеттікс атып алу туралы қолданыстағы заңнама тапсырыс берушіні сотқа дейін дауды рттеуге міндеттемейді);

7) талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі (бір талап арызда тұрақсыздық айыбын өндіру кезінде);

8) талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс, олардың ішінде:

– жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері (талап арызды соттың кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышта берген кезде);

– мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

– өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

– талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар (мемлекеттік сатып алу туралы шарт; техникалық еркшелік, тараптардың өзара хат алмасуы, срапатмаалар, қорытындылар және т. б. болған жағдайда);

– егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;

– егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері.

Талап арызды электрондық түрде беру

ҚР Жоғарғы сотының сайтында «Сот кабинеті» http://office.sud.kz/ сервисін енгзігеннен кейін барлық санаттағы арыздарды беру рәсімі айтарлықтай жеңілдеді. Сотқа арызды электрондық тәсілмен беру мүмкідігін пайдалану үшін пайдаланушыға ең алдымен электрнлдық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, тіркелу керек. Одан кейін сот ісін жүргізу қосымша парағында «Сервистер» бөлімін таңдап, «Бірінші инстанциялы соттағы іс жүргізу» қосымша парағына кіріп, «Талап, ерекше талап, ерекше іс жүргізу арыздары» қосымша парағын таңдау.

Жаңа параққа өткеннен кейін облыс пен арыз берілетін сот органын, арыздың түрін (мысалы, мүліктік емес) және іс (талап) бойынша іс жүргізу түрін, істің санатын (егер талаптар даусыз болса, «Оңайлатылған іс жүргізу істері» белгісін белгілеу) таңдап, кейін процеске қатысушылар туралы мәліметтерді толтыру (талапкер, жауапкер, талапкер өкілі, үшінші тұлға).

Келесі парақта оны төлегендігі туралы түбіртектің сканерленген көшірмесін қоса жалғай отырып, мемлекеттік баж туралы ақпаратты толтыру керек.

Одан кейін жаңа парақта қуыным талаптары, олар негізделген (талап арыздың сипаттау бөлігі) жағдайлар туралы мәліметтерді толтырып, талап арызды және оған жалғанатын құжаттарды бекіту қажет. Енгізілген мәтінді талап арыздың электрондық бланкісін жүктей отырып, тексеруге болады. Талап арызды беру рәсімінің соңы оған электрондық цифрлық қолтаңбаны қою болып табылады, кейін жүйе арыз берушіге оған жалғанатын құжаттармен қоса арыздарды сот органына жіберу туралы электрондық талонды алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген севрситің тәжірибелі пайдаланушылары үшін талап арызды беру прроецсі тәжірибеде 10-15 минаттан аспайтын уақытты алады, осылайша талапкердің арыз жазу уақыты үнемделеді.

 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты