text
MCFR.KZ Госзакупки

ҚР мемлекеттік сатып алудағы консорциум

  • 4 октября 2018
  • 7
ҚР мемлекеттік сатып алудағы консорциум

Мемлекеттік сатып алудағы косорциум дегеніміз не? Консорциумды құру тәртібі қалай? Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері-консорциумдардың мемлекеттік сатып алуға қатысуында қандай өзгерістер орын алды?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн.

 

Мемлекеттік сатып алуға консорциум қатысуы

 

 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) жаңа редакциясы күшіне енді. 
Қағидалардың 382-тармағының 2-тармақшасының 2-бөлігіне сәйкес жаңа редакцияда  конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу консорциумдық келісімде айқындалған консорциум қатысушыларының біріне ғана емес (Қағидалардың бұрынғы редакциясында көрсетілген), консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.

★Алдын ала рұқсат берілгеннен кейін консорциумды құру★

ҚР мемлекеттік сатып алудағы консорциум

Анна Боган

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Ашық конкурсқа қатысу үшін алдын ала рұқсат берілгеннен кейін консорциумды құруға бола ма?

Осыған ұқсас, конкурстық құжаттамаға сәйкес жұмыс өтілі біліктілік талаптары ретінде ұсынылатын болса, сәйкестікті бірыңғай консорциумның негізгі қатысушысы растайды (Қағидалардың 382-3-тармағы).

Қағидалардың 382-2-тармағына сәйкес егер конкурстық құжаттамамен материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы, ҚР Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес олармен айналысу үшін рұқсат алу қажет жеке қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық қабілеттілігінің болуы бөлігінде талаптар қойылса,онда мұндай талаптарға сәйкестік консорциумның бір немесе бірнеше қатысушылармен расталуы мүмкін, олармен айналысу үшін ҚР Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алу қажет жеке қызмет түрлерін жүзеге асыруға консорциумның негізгі қатысушысының құқық қабілеттілігі жүргізілетін мемлекеттік сатып алу мәніне сәйкес келуі керек.


 Консорциумдардың қатысу шарттарына қатысты кейбір өзгерістерге Қағидаларға 4-қосымша да ұшырады (конкурстық құжаттама). Осылайша, конкурстық құжаттаманың 15-1-тармағымен консорциум ретінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалар өтінім берудің алдында конкурстық құжаттаманың 4-1-қосымшасына сәйкес веб-порталда біріккен шаруашылық қызмет туралы шартты-консорциумдық келісімді ресімдеп,жасайды. Осы қосымшамен консорциумдық келісімнің-біріккен қызмет туралы шарттың (бұдан әрі-Шарт) нысаны бекітілді

Шартың 4-тармағына сәйкес оны жасау үшін консорциум қатысушыларына шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес қатысушылар салуға міндеттенетін салымдар мөлшерін анықтау алу керектігі маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, уақытша бірлестіктердің әр қатысушысы (біреуін қоса алмағанда) консорциумдық келісімнің қосымшасымен бекітілген нысан бойынша сенімхатты ресімдейді және оны өтінімді беру, сатып алу туралы шартты жасау, сенімгердің мүдделеріне өкілдік ету құқықтарын бере отырып, әрбір жеке конкурсқа консорциумдық келісімнің әрекет ету мерзіміне консорциумның негізгі қатысушысына береді.

Жоғарыда баяндалғандарды есепке ала отырып, уақытша бірлестіктердің қатысу шарттары бөлігіндегі мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалы (жеке алғанда, веб-порталда шартты жасауға қатысты) пайдаланушылардың нұсқаулықтарында мазмұндалатын кейбір өзгерістерге ұшырағандығын наазрға алу керек.

Консорциялық келісім

ҚР мемлекеттік сатып алудағы консорциум

Осылайша, консорциум қатысушылары негізгі қатысушыны және олардың әрбіреуінің салым мөлшерін анықтай отырып, негізгі қатысушыға сенімхатты ресімдей отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы консорциумдық келісімді жасайды,одан кейін конкурстық өтінімді жасақтап, ұсынады.

Шартта консорциалық келісімді қарап шығу

«Ашық конкурс» сатып алу тәсілі, мәнінің түрі «жұмыс» үшін ғана: егер сатып алу «Консорциум» белгісімен жүргізілсе, онда шартты құрған кезде Жүйе барлық лоттар «Консорциум» белгісі және консорциумға қатысушылардың бірдей құрамы  болуын тексеруді жүзеге асырады. Барлық лоттарда бірдей «Консорциум» белгісі, сондай-ақ консорциумның бірдей құрамы болмаса, негізгі өнім беруші сол бір өнім беруші болып табылатынына байланысты әрбір шартты бөлек құру қажет.   

Өтінімде өнім беруші (жеңімпаз) «Консорциум» белгісін көрсеткен және консорциумға қатысушыларды тартқан жағдайда, Жүйе  консорциумға қатысушылар және өнім берушінің өтінімінде консорциумға қатысушылар қолтаңба қоятын консорциалық келісім туралы  мәліметтерді көрсетеді, сондай-ақ  шарттың үлгілік нысанында   консорциумның барлық қатысушылары туралы ақпаратты көрсетеді. Консорциумға қатысушылар туралы ақпаратты және консорциалық келісімді қарап шығу үшін шартта «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет.  

«Консорциалық келісім» батырмасын басу.

★Консорциум қатысушысы ЖҚТ-де тұр★

ҚР мемлекеттік сатып алудағы консорциум

Анна Боган

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер консорциумның негізгі емес қатысушыларының бірі мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілсе, консорциум мәлімдеген әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамау керек пе?

 

Жүйе «Консорциалық келісім» парағын көрсетеді, мұнда консорциумға қатысушылар бар лоттар тізімін көрсетеді. Консорциалық келісімді қарап шығу үшін  сенімхаттармен бірге «Консорциалық келісім» бағанында «Қарап шығу» батырмасын басыңыз. 

«Қарап шығу» батырмасын басқан кезде, Жүйе локальді компьютерде PDF форматында  консорциалық келісімді жүктеп алуға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты