text
MCFR.KZ Госзакупки

Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу

  • 3 октября 2018
  • 5
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу

Құрылыс саласындағы сатып алулар мемлекеттік сатып алудағы аса өзекті проблемалардың бірі болып қалып отыр.

Оның себептері аз емес: әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты; өнім берушілерге арналған мұндай сатып алу түрі пайдалылығының жоғары деңгейі; құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алудағы күрделі проблемалардың бірі болып қалып отырған жемқорлық құрамдасының көп болуы.

Мемлекет тарапынан іске асырылатын тәсілдердің реттілігін атап өту керек, бір жағынан құрылыс саласындағы сатып алу процедураларын жеңілдету (барлық жұмыстар түрлерінің аса күрделісі) және оларға әлеуетті өнім берушілердің қатысуы, екінші жағынан – өнім берушілерді көрсеткіштер қатары бойынша санаттарға бөлу.

 Бас мердігер және қосалқы мердігерлерге шартты жеңілдікті тағайындау

Осылайша, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 1 тамызынан бастап жұмыс өтілін есептеген кезде егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайдаұйымдастырушы мұндай өнім берушіге сатып алынатын жұмыстар нарығында тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдікті беруі тиіс.

Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.


★Жұмыс өтілін растайтын құжаттар★

Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын ТЖҚ нарығында жұмыс өтілінің болуын қандай құжаттармен растау керек ?

Жұмыс тәжірибесі болуын талап ету

Құрылыс саласындағы жұмыс өтілінің болуы конкурс ұйымдастырушысымен шартты жеңілдіктерді беру үшін ғана қолданылмайды. Егер сатып алу сомасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларымен (бұдан әрі-Қағидалар) белгіленген сатып алу сомасының ең аз шегінен асып кетсе әлеуетті өнім берушіде конкурстың біліктілік талаптарына сәйкес келуі үшін жұмыс өтілі болуы міндетті.

2018 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыстағы Қағидаларға сәйкес жұмыс өтілін беру үшін жалғыз және маңызды критерийдің бірі аталған конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ұқсас түрлері бойынша әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуы болып табылды.


★Шартты жеңілдіктің ең көп пайызы★

Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу

Рустем Жумашев

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Жұмыстарды орындауға конкурста шартты жеңілдіктің ең көп пайызы қандай?

Қағидалардағы өзгерістер

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қағидаларға бірқатар өзгерістер енгізілді.

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жұмыс өтілін есептеу бойынша негізгі өзгерістерді қарастырамыз.

Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада келтірілген ескертулер 10-тармаққа сәйкес «Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті өнім берушімен жұмыстарды сатып алу кезінде толтырылады)» төменде келтірілген өзгерістер қарастырылған.

Әлеуетті өнім берушінің құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау) есептеу кезінде жиынтықта:

1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) есептеледі.

Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, тек жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі екінші (қалыпты) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі үшінші (төмендетілген) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төмендетілген) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;


★Файл зақымдалғандағы шартты жеңілдікті есептеу★

Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс өтілін растайтын құжаттардың бекітілген электрондық көшірмелері ашылмайды («файл зақымдалған» түрінің қателігі туралы хабарлама көрінеді). Тапсырыс беруші не істеу керек?

2) объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).

Егер конкурс нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілер (кешендер) болып табылған жағдайда, тек техникалық жағынан күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурс нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылған жағдайда, техникалық жағынан күрделі объектілердің (кешендердің) және техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);

4) бұрын орындалған жұмыстардың конкурс нысанасымен «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы ҚР Заңына 1-қосымшасында келтірілген Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) Тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір түрінде болған жағдайда, олардың ұқсастығы немесе сәйкестігі ескеріледі.

«Инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек.

Автомобиль жолдары және инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуы және инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек» (конкурстық құжаттамадағы 5-қосымшадағы ескертудің 11-тармағы).

Осылайша, заң шығарушы біліктілік талаптарының негізгі көрсеткіштерінің бірін белгілей отырып, конкурс мәніне сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерде материалдық және еңбек ресурстарының, жұмыс тәжірибесінің болуы туралы біліктілік талаптарын кезең-кезеңімен мейлінше қысқартты.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты