text
MCFR.KZ Госзакупки

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

  • 27 сентября 2018
  • 10
ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Аталған мақалада мемлектетік сатып алу турао ышартқа қатысты барлық мәселелерді қараймыз. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттағы міндетті талаптар. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мерзімдері. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Жасалған шартқа өзгерістер енгізу. Шартты бұзу.

 

Осы бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы шарт, шартты жасау тәртібі, мерзімі, шарттың әрекет ету мерзімі және шарттың  заңды күшіне  енуі туралы, сондай-ақ олармен шартты жасау кезінде  тапсырыс беруші мен өнім берушінің басқа да әрекеттері туралы  мазмұндалады.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт дегеніміз не?

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 2-бабы 22)-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт.

 Әдетте шартты құрайтын  құжаттар мен шарттардың тізімі ажырамас бөлік болып табылады, оған келесілер кіреді:

- шарт;

- сатпы алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізімі;

- техникалық ерекшелік;

- консорциалды келісім ( консорциуммен шарт жасаған жағдайда).

Үлгілік немесе Үлгілік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз нысанын таңдаумен шарт жобасын құру

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес шарттың электрондық типтік нысаны веб-портал арқылы шартты жасау кезде шартты құрғанда (Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен шартқа қол қойғанда) автоматты түрде келесі жағдайларда анықталады:

Сатып алудың төмендегі тәсілдері бойынша қорытындыларынан:

  • Баға ұсыныстарын сұрату;
  • Ашық конкурс;
  • Білікті өнім жеткізушілер арасында конкурс;
  • Аукцион;
  • Бір көзден жүргізілмеген  сатып алу бойынша;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу.

 

Электрондық типтік емес нысанын (шарт файлын тіркеу) немесе шарттың электрондық типтік нысанын енгізуі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес веб-портал көмегімен пайдаланушымен шартты құру кезде (Шартқа Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен қол қоюы) келесі жағдайларда іске асырылады:

  • тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілімен жоспардан;
  • ЭЦҚ-мен ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденттері болып табылмайтындар сатып алуда қатысқан кезде.

 

Шартты қағазда жасасу нысаны (веб-портал көмегінсіз) веб-порталда автоматты түрде сатып алудың келесі тәсілдеріне шартты құрғанда жасалады:

  • тауарлық биржалар арқылы;
  • тұрғын-үй сатып алу бойынша конкурста;
  • 39) баптың 3 тармағының 4), 17),  20), 21), 23), 26), 40), 41) тармақшалары бойынша тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілінде;
  • ЭЦҚ-сіз ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелмеген, ҚР резиденттері болып табылмайтындармен сатып алуға қатысқанда;
  • Екі сатылы процедураларды қолданумен.

Шарт құрамындағы міндетті талаптар

Заңда мемлекеттік сатып алу туралы шартта қамтылуға тиіс мынадай міндетті талаптар белгіленген:

  • Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады (Заңның 43-бабының 13-тармағы).
  • Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

3) міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс (Заңның 43-б. 19-т.).

  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс (Заңның 43-б. 20-т).
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтуға тиіс (Заңның 43-б. 21-т).
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік 15 күн болуға тиіс (Заңның 43-б. 22-т).
  • Бұдан бөлек, Заңның 43-б. 5-т. сәйкес, егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларды төреліктің қарауына беру көзделсе, оған төрелік келісімнің қорытындысына тиісті саладағы уәкілетті органның жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс.

Мемлекеттік сатып алу шартын жасау мерзімі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 383-бабына сәйкес Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

Шарттың жобасы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

Өнім беруші онымен шарт жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Көбінесе өнім берушілер заңда белгіленген мерзімді сақтамайды немесе  аталған қамтамасыз етуді мүлде енгізбейді, бұл оларды шарт жасасудан жалтарды деп тануға және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге алып келеді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтынының кепілі ретінде енгізіледі.  

★Көпжылдық шарт жасасқандағы шартты қамтамасыз ету сомасы★

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Рауана Карабаева

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалса, кепілді ақшалай жарна түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету қандай мерзімде және қандай мөлшерде енгізіледі?

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап қандай өнім берушілерге қолданылмайды?

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-б. 11-т. сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап:
  • баға ұсыныстарын сұрату;
  • тауар биржалары арқылы;
  • бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған, Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған;
  • сондай-ақ  Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйлерді сатып алу) қолданылмайды.

★Өнім беруші шартты қамтамасыз етуді уақытылы енгізбеді★

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Андрей Романов

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер өнім беруші шартқа қол қоя тұра, шартты қамтамасыз ету сомасын енгізбесе не істеу керек?

Жасалған шартқа өзгерістер енгізу

Заңның 45-бабының 2-тармағында өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге:

1) ТЖҚ-ға бағаны азайту бөлiгiнде;

2) сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе, осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген ТЖҚ бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі;

★Шарт сомасын көбейту және азайту★

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Н. А. Қоянбаева

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Шарттың сомасын көбейту туралы қосымша келісімді қандай сомаға жасауға болады? Веб-порталда осы негіздеме бойынша шарт сомасын қалай өзгерту керек?

4) өнім беруші ТЖҚ бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;

8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.

Шартты бұзу

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Заңмен және Қағидалармен қарастырылған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Негізінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт өнім беруші өз міндеттемлерін орындамаған жағдайда бұзылады. Бірақ, мемлекеттік сатып алу утралы шарт бұзылуы мүмкін басқа да бірқатар себептер бар.

★Шартты жасасудан бас тарту және бұзу★

ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Екатерина Зотова

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Шарттың сомасын көбейту туралы қосымша келісімді қандай сомаға жасауға болады? Веб-порталда осы негіздеме бойынша шарт сомасын қалай өзгерту керек?

Шарт жасалған, бірақ өнім беруші ЖҚТ-не енгізілді; Өнім беруші  уақытылы шартқа қол қоймады; Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етпеді; Шартты біржақты тәртіпте бұзу; Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзу; Уәкілетті органның хабарламасы бойынша бұзу; шарт бойынша тұрақсыздық айыбын өндіру

Источник: Электронная система «Actualis» по госзакупкам

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты