text
MCFR.KZ Госзакупки

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы өтініш беру

  • 21 сентября 2018
  • 9
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы өтініш беру

Бұл мақалада кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу нарығына шыға отырып, немен бетпе-бет келетінін, қандай күтпеген кедергілерге жолығатынын, сондай-ақ жүйенің өзінің оң және жағымсыз сәттерін де қарастыратын боламыз.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі

Мемлекеттік сатып алу жүйесі жылдар бойы қалыптасты. Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесінің заңнамалық негізі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) болып табылады. Бұл – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт. Басқа да нормативтік құқықтық актілер бар, бірақ дәл Заңда ғана мемлекеттік сатып алу процесінің басты ережелері көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі қалыптасқан бүкіл кезең ішінде Заң бірнеше рет қайта басып шығарылды және өзгертілді (алғашқы редакциясының күні 1997 жылғы 16 шілде). Өзгерістерді уақытты өзі қабылдатты, олардың негізгі мақсаты – процестің өзінің ашықтық қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту және жеңілдету.

Мемлекеттік сатып алу – осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы (Заңның 2-бабының 14) тармақшасы).

Осылайша, мемлекеттік сатып алу жүйесі тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алуға байланысты оның негізі қатысушыларының (тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің) қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталы (www.goszakup.gov.kz) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Сатып алудың тәсілдері

Конкурс:

-  Сатып алу сомасы АЕК-тің 4000 еселенген мөлшеріне асса

-  әлеуетті өнім берушінің біліктілігі маңызды болса және (немесе)

-  берілуі (орындалуы, көрсетілуі) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажет болғанда


Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілетін конкурс:

-  тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық ерекшелігін қалыптастыру мен олардың техникалық және өзге сипаттамаларын анықтау қиын болған және (немесе) әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар сұрату не олармен туындаған мәселе бойынша келіссөздер жүргізу қажет болған кезде;

зерттеулер, эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған кезде;

-  инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынғанда өткізілуі мүмкін

 

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс:

  • Көрсетілген тәсілмен сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады


Баға ұсыныстарын сұрату:         

  • Егер сатып алынатын біртекті тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспаса.
  • Егер сатып алынатын біртекті тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспаса.

 Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу:    

  • Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен тапсырыс берушіге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқық беретін Заңның 39-бабының 2-тармағында анықталған

 Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу:

  • Тапсырыс беруші шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы жағдайлар Заңның 39-бабының 3-тармағында көрсетілген

Аукцион:

  • Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.
  • ҚР Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен асатын тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) аукционның нысанасы болып табылады

 

Тауар биржалары арқылы:

  • Сатып алулар «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

 

Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар


Бастапқыда мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдіргендердің бәріне тең құқықтар мен мүмкіндіктер беріледі. Сонымен бір мезетте Заңмен көзделген белгілі бір ерекшеліктер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер сәйкес келуге тиіс талаптар бар.

Сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің үлестес тұлғаларының қатысуына айрықша назар аудару керек. «Әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы» ұғымы Заңның 2-бабының 3) тармақшасында айқындалған. Басқаша айтқанда, ол әлеуеттi өнiм берушi тәуелді кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез келген тұлға, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің әрекетіне тәуелді тұлға. Әлеуетті өнім беруші мен оның үлестес тұлғасының конкурстың (аукционның) бір лотына қатысуға құқығы жоқ.

 Әлеуетті өнім беруші сатып алу өткізілу үшін немесе оның өтінімі кез келген жағдайда ұтып шығуы үшін өзі меншіктенуші болып табылатын екі немесе одан да көп кәсіпорынның баламалы өтінімін бір лотқа жиі береді. Алайда бұған заң тұрғысынан жол берілмейтінін кәсіпкердің түсінгені өте маңызды.

 Өзінің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін дұрыс бағалау үшін кәсіпкер – әлеуетті өнім беруші қандай талапқа сәйкес келуі керектігін білгені жөн.

 Әлеуетті өнім берушіге қойылатын негізгі біліктілік талаптары Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген. Алайда нақты сатып алу өткізгенде жоғарыда көрсетілгендерге қарама-қайшы келмейтін жекелеген талаптар белгіленуі мүмкін. Қосымша біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектемеуге және негізсіз күрделендірмеуге тиіс, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау қажеттілігінен шығады.

 Заңның 9-бабының 7-тармағына сәйкес біліктілік талаптары тек мемлекеттік сатып алуды конкурс және аукцион тәсілдерімен жүзеге асыру жағдайларына ғана қолданылады.

 Әлеуетті өнім беруші сондай-ақ сенімсіз ақпарат ұсынудың зардабы болатынын түсінуге тиіс. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес өздерінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпарат ұсынған, соның нәтижелері бойынша өздерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі. Бұл не заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, не уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.


★Қызықты сұрақ★

Өнім берушінің Біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген мамандарды өзгелермен ауыстыруға құқығы бар ма? Аталған фактіні «күмәнді ақпарат ұсыну» деп есептеуге бола ма?
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы өтініш беру

Марина Бурковская

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Өнім берушінің Біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген мамандарды өзгелермен ауыстыруға құқығы бар ма? Аталған фактіні «күмәнді ақпарат ұсыну» деп есептеуге бола ма?


Мемлекеттік сатып алуға қатысудың кепілдіктері мен тәуекелдері

Заңның 4-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тиісті қағидаттарға негізделеді. Олардың бір бөлігі тікелей бизнес мүддесін қозғайды және сонымен бір мезгілде өзіндік кепілдік болып табылады, екінші бөлігі бизнеске белгілі бір міндеттер жүктейді.

Кәсіпкерлік қызмет қашанда тәуекелмен байланысты. Мемлекеттік оларды азайтуға тырысқанымен, олар мемлекеттік сатып алу жүйесінде де бар.

Көпшілік мемлекетпен қарым-қатынас барынша қорғалған және белгілі бір кепілдік бар деп есептейді, ал шындығында бұл әрқашан олай емес. Мәселен, жұмыс істеу оңай болмайтын және дер кезінде қаржыландырумен байланысты проблемалары бар тапсырыс берушілер болады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысар алында әлеуетті өнім беруші мемлекеттің кәсіпорынның басқа өнім берушілермен қатынасы тарихын білуге тырысып, содан соң алынған ақпарат негізінде шешім қабылдай алады.

Өнім берушілер үшін негізгі кепілдіктер тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғаннан кейін туындайды. Алайда мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі қатынастардың өзі көбінесе шарт жасасудан басталмайды – оған белгілі бір рәсімдер, оның ішінде сатып алу жеңімпазын таңдау ілесе жүреді.

Кәсіпкердің сатып алу рәсіміне қатысуға жұмсайтын уақыты, дайындалған және ұсынылған ақпарат саны сияқты, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсіліне байланысты. Егер бұл баға ұсыныстарын сұрату немесе бір көзден алу тәсілі болса, бәрі тез өтеді және құжаттар саны да аз ұсынылады, кедй тіпті онсыз өтеді. Ал конкурс немесе аукционмен өткізілген жағдай басқаша. Бұл жағдайда көп күш жұмсауға тура келеді, қажетті құжат әзірлеп, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу керек. Яғни сатып алуға қатысуға қажетті белгілі бір ресурстарды тарту және іске қосу мәселесі қойылады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу сатысында дәл аталған әлеуетті өнім берушімен шарт жасалатынына кепілдік жоқ, нақты анықтайтын шешуші шарт баға болып табылады. Және бұл нарықтық қатынастар мен мемлекеттік сатып алу арасындағы ең бір негізгі принципшіл айырмашылықтардың бірі.

Заңнама ережелері неғұрлым сапалы ТЖҚ ұсынатын өнім берушіні таңдауға бағытталған, алайда нақты іс жағдайы мемлекет белгілеген жоспарлардан біраз ерекшеленеді. Әрине, шартты жеңілдіктердің белгілі бір жүйесі бар, бірақ оларды көбінесе нақты жеңілдіктермен жабады. Мемлекеттік тапсырыстың сомасы неғұрлым көп болса, оны істеу оңай. Тағы да демпинг деген ұғым бар, бірақ оны тәжірибе көрсеткендей оңай айналып өтуге болады және ол барлық сатып алуға қолданылмайды.

Міне, сондықтан да әрбір кәсіпкер тапсырысты кепілсіз алуға уақыт пен ресурс жұмсауға келісетін-келіспейтінін өзі есептеуге тиіс.

Көптеген тәжірибелі бизнесмендер мемлекеттік сатып алуға негізгі қызметіне зиянын тигізбейтін өз қызметінің қосымша бағыты сияқты қарайды. Және бұл егер кәсіпкер мемлекеттік сатып алу жүйесінде бизнесті дамытуды мақсат етсе, неғұрлым тиімді көрінеді.


Бейрезиденттердің сатып алуға қатысуы

04.12.2015 ж. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды,  кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылынан, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік  реттеуден және қолдаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, мұндағы кәсіпкерлік субъектілері ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) да танылады.


★Бейрезиденттер ұсынатын құжаттар★

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы өтініш беру

БОГАН А.А.

практикующий юрист в области государственных закупок, г. Алматы, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы»
Бейрезидентпен шарт жасасу 

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)


Мемлекеттік сатып алу сайтына кіру, жұмыс істеу және құжаттарға қол қою үшін біраз әркеттер жасау керек:

  • электрондық қолтаңбаның сертификаттарын алу;
  • сертификаттарды компьютерге орналастыру;
  • мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу қажет.

Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – бұл ұйым мөрінің және оның басшысының қолының электрондық нұсқасы. 

Электрондық цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) бір де бір мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушының техникалық мүмкіндігі болмайды, яғни мемлекеттік сатып алу веб-порталында толыққанды жұмыс істей алмайды және электрондық сатып алуға қатыса алмайды.

ЭЦҚ алу үшін мынадай әрекеттерді жасау керек:

  1. Қазақстан Республикасының http://www.pki.gov.kz Ұлттық куәландыру орталығының порталына ауысыңыз;
  2. мәзірден ұйымның "Жеке тұлға", "Заңды тұлға", "ҚР резиденті емес" мәртебесін таңдаңыз;
  3. "Өтінім беру" батырмасын басыңыз (ол беттің төменгі жағында орналасқан). Батырманы басқаннан кейін жаңа бет пайда болады, бірден java апплета жүктеле бастайды. Экранда тіркеу нысаны пайда болады. Бұдан әрі осы нысандағы барлық міндетті алаңдарды толтырасыз. "Каринкадағы код" алаңына сіз картинкада көріп отырған санды енгізесіз. "БСН" алаңында – заңды тұлғаның БСН енгізесіз және "Тексеру" батырмасын басыңыз. Базамен табысты түрде тексергеннен кейін "Ұйым" алаңы автоматты түрде толтырылады. "ЖСН" алаңына басшының ЖСН енгізесіз. Енгізілген ЖСН нөмірін базамен табысты түрде тексергеннен кейін, басшының деректері мен Т.А.Ә. автоматты түрде толтырылады;
  4. "E-mail" алаңында электрондық почтаның мекенжайын енгізу қажет;
  5. бірінен кейін бірін облысты, ауданды және сізге жақын орналасқан ҚР Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарының (ХТО бөлімшесі) мекенжайын көрсетіңіз;
  6. "Сақтау орны" алаңында неғұрлым қарапайым және сенімді тәсіл ретінде сіздің компьютеріңізді көрсеткеніңіз жөн;
  7. "Шолу" батырмасын басыңыз және ЭЦҚ сертификаттары сақталатын папканы таңдаңыз;
  8. сақталатын орынды таңдағаннан кейін "Ашу" батырмасын басыңыз және сыртқы ресурстардан рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғану үшін қосымша қорғануды "Растау" батырмасын басу арқылы растаңыз. Нәтижесінде келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады. Өтінімді сақтаңыз, одан кейін басып шығарып қолыңызды қойыңыз.

"e-mail" алаңын толтырар кезде өте мұқият болыңыз, егер қатеге жол берсеңіз, табысты түрде тіркелгеніңіз туралы хабарлама сіздің электрондық почтаңызға келіп түспейді.

Сұрату жібергеннен кейін, өтінім берген күннен бастап бір ай ішінде сіз өтінім беру процесінде көрсеткен ҚР ҰКО Тіркеу орталығына жүгінуіңіз қажет. Егер құжаттар бір айдың ішінде ҚР ҰКО Тіркеу орталығына берілмесе, онда өтінім алынып тасталады.

 Сіздің өтініміңізді өңдеу және сертфикаттарды жасау (қалыптастыру) үшін ҚР ҰКО-на екі тәуліктен аспайтын уақыт қажет болады. Алайда іс жүзінде сол күні де жасала береді.

Тіркеу орталығына өткізуге арналған қажетті құжаттардың тізімі:

  • өтінімнің нөмірі мен өтінушінің қолы қойылған (белгіленген нысандағы) өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат – (жеке куәлік, ҚР паспорты, тұруға ықтиярхат, уақытша куәлік);
  • бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы/көшірмесі;
  • заңды тұлғаның өтінушіге – тіркеу куәлігінің иесіне берген (белгіленген нысандағы) сенімхаты. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғалар үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан берілген анықтама немесе мөрмен куәландырылған бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның лауазымға тағайындалғаны туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмелері беріледі.

Қажетті сатып алуды іздеу

 Әлеуетті өнім беруші өтінімді беру үшін, оны қызықтыратын сатып алуды табуы тиіс. Басты бетте "Өнім берушінің сатып алуы" өкілеттілігін таңдайсыз және "Сатып алудың үй беті" сілтемесіне басасыз, бұл бетте конкурстық өтінім беру кезінде қолданылатын бөлімдер бар, олар бұрынырақта конкурстық өтінім беруді қарастыру кезінде сиптатталған болатын.

 Мысалы:
Қажетті хабарландыруды іздеу "Ашық сатып алуларды іздеу" алаңыдағы "Ауысу" батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Кеңінен іздеу кезінде "%" белгісін пайдалану ұсынылады. Мысалға, егер сіз: "Раст%" деп енгізсеңіз – Раст% сөзінен басталатын, яғни "Раствор", Растворитель" т.т. сөздері бар барлық хабарландырулар табылады. Егер "%раст%" деп енгізсеңіз – құрамында "%раст%" сөзі бар, яғни Инфраструктура және т.б. сөздер бар хабарландырулар табылады. Ашық сатып алулардың барлық тізімі көрінуі үшін, дереккөзді таңдау нысаны ретінде "Толық тізім" батырмасын басу қажет.

 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

 

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты