Государственный заказ. Вопросы и ответы

Мемлекеттік сатып алу жоспары

  • 11 сентября 2019
  • 242
  • Средний балл: 0 из 5
Мемлекеттік сатып алу жоспары

Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын әзірлеу. Жылдық жоспарына өзгерістер енгізу.

Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын әзірлеу

Бюджеттік ұйымдарда қаржылық қаражатты тиімді жоспарлау мәселесі ең өзекті де басым мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның жұмыс істеу тұрақтылығы қаржының қалай жұмсалатынына, сондай-ақ оның қайда инвестицияланатынына байланысты.

Бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру процесін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ҚР бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, қаржы жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында есептеледі.

Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады.

Осылайша, кәсіпорындағы мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың жұмысы жоспарлау-экономика бөлімінің жұмысымен тығыз байланысты екенін көреміз.

Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту бұйрығының үлгісі

Мемлекеттік сатып алу жоспары 

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында мәліметтер

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәліметтер:

1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алудын жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)5-бабының 4-тармағы негізінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатыпалуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Алайда 05.05.2017 ж. № 60-VIҚР Заңымен 5-баптың 4-тармағына өзгерістер енгізілді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

1) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы;

2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, хабарламаларды орындау;

3) бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезінде;

4) осы Заңның 22-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдау;

5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таралуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

★Мемлекеттік сатып алу жоспарын орындамаудың салдарлары★

Мемлекеттік сатып алу жоспары

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Тапсырыс берушіде жылдың соңында орындалмаған жоспар тармақтары қалмауға тиіс. Жылдық жоспарының орындалмағаны үшін айыппұл қарастырылған ба?

Өзгерістер енгізу жөніндегі үлгілік бұйрықтар

Мемлекеттік сатып алу жоспары

Веб-порталдағы әрекеттер

Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында екі тәсілмен орналастыруға болады: 

Planimports үлгісінің көмегімен файлдан импорт жолымен жоспардың көп мөлшерін жүктеу; 

Жоспар тармағын жеке-дара жасау.

25.09.2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың веб-порталы «Бекітілді» статусындағы бір және одан да көп алдын ала жылдық жоспарларды бір мезгілде жасауға және бекітуге, оның ішінде жылдық жоспар бекітілгеннен кейін алдын ала жылдық жоспарды жасауға және бекітуге мүмкіндік береді.

Бір қаржы жылы үшін 1 ғана жылдық жоспар (осы жылғы жылдық жоспарды қайта жасауға тырысу кезінде жүйе мұндай әрекетті қолданыстағы бекітілген жылдық жоспарға өзгеріс енгізу ретінде анықтайтын болады) жасауға болады.

1. «Жылдық жоспарды жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін бекіту керек.

3. «Алдын ала жоспар» қанатбелгісін қойыңыз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» өрісін толтырмай-ақ, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе «Жоба» статусымен жаңа алдын ала жылдық жоспарды жасайды, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың жоспар тармақтары ауыспайды.

6. Жоспар тармақтарын қосыңыз, әрі қарай жоспарды бекітіңіз.

7. Алдын ала жоспар бекітілгеннен кейін жүйе алдын ала жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдын ала жылдық жоспардың статусы «Бекітілді» статусы болып қала береді.

1. «Жылдық жоспарды жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеңіз.

3. «Алдын ала жоспар» қанатбелгісін қойыңыз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдау нысанын көрсетеді.

6. Ашылған нысанда қанатбелгінің көмегімен өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз (егер бірнеше жоспарды бір алдын ала жылдық жоспарға біріктіру қажет болса, бірнешеуін таңдаңыз) және «Қолдану» батырмасын басыңыз.

7. Бұдан соң жүйе жоспардың барлық тармақтарын таңдалатын алдын ала жоспардан жаңа алдын ала жылдық жоспарға ауыстырады.

8. Жүйе «Жоба» статусымен жаңа алдын ала жылдық жоспарды жасайды.

9. Жаңа алдын ала жылдық жоспарды өзгертіңіз және бекітіңіз.

10. Алдын ала жылдық жоспар бекітілгеннен кейін, жүйе алдын ала жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың (лар) статусы «Өзгертілді» болып өзгереді.

1. «Жылдық жоспар жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек.

3. «Алдын ала жоспарды» қанатбелгімен белгілемеңіз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдау нысанын көрсетеді.

6. Ашылған нысанда қанатбелгінің көмегімен өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз (егер бірнеше жоспарды бір жылдық жоспарға біріктіру қажет болса, бірнешеуін таңдаңыз) және «Қолдану» батырмасын басыңыз.

7. Батырманы басқаннан кейін жүйе жоспардың барлық тармақтарын таңдалған алдын ала жоспардан жылдық жоспарға ауыстырады.

8. Жүйе «Жоба» статусымен жылдық жоспарды жасайды.

9. Жылдық жоспарды өзгертіңіз және бекітіңіз.

10. Жылдық жоспар бекітілгеннен кейін, жүйе жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың (лар) статусы «Өзгертілді» болып өзгереді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!