MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алуда бағаны негіздеу

  • 29 августа 2018
  • 8
Мемлекеттік сатып алуда бағаны негіздеу

Мемлекеттік сатып алуда бағаны негіздеу дегеніміз не? Өнім беруші бағасының негіздемесін қалай жасауға болады?

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

Тапсырыс беруші  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі-Заң) қарастырылған нақты негіздемелер бойынша ғана бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Заңның 39-бабын есепке ала отырып, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды әрбіреуін сатып алуды өткізу  үшін негіздемелер тізімімен екі түрге бөлуге болады. 

Бірінші түрі – бұл басқа тәсілдермен өткізілген (конкурс, аукцион, баға  ұсыныстарын сұрату), өткізілмеген сатып алудың нәтижесі бойынша жүзеге асырылатын  бір көзден алу тәсілімен сатып алу .

Екінші түріне Заңның 39-бабының 3-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен өткізілетін бір көзден  алу тәсілімен сатып алу жатқызылады. 

Заңның 39-бабының 1-тармағында қарастырылғандай, бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі-БС) аталған баптың 2 және 3-тармақшаларымен қарастырылған жағдайларда  жүзеге асырылады.

Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алу

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойныша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізген жағдайда тапсырыс беруші   ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы    648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 360-тармағына сәйкес   бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға белгіленген мерзімде мынадай ақпаратты:

1) әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларды көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын

 2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерлерi (бiрлесіп орындаушылары) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

3) ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі - ТЖҚ)баға негіздемесін ұсынуға тиіс

Бағаны негіздеу түрі

Осылайша, әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысуға өтінімді берген кезде сатып алынатын ТЖҚ бағаларына негіздеме ұсынуы керек. Бірақ, аталған құжаттың түрі заңды түрде бекітілмеген, себебі ол кез-келген түрде ұсынылуы мүмкін, бастысы – ол сатып алынатын ТЖҚ қалыптасқан бағасы туралы  ақпаратты қамтуы тиіс.  

Мысалы, өзіндік құн, салықтар, қызметкерлер құрамының жалақысы, көлік шығындары және басқа. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сатып алу сомасынан асып кетпеу керек.

Бағаны негіздеу шаблоны (құжат)

Мемлекеттік сатып алуда бағаны негіздеу


Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру Қағидалардың 360-тармағының 6-тармақшасына  сәйкес  веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:

6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы.

Ұйымдастырушы ӘӨ өтінімін қарағаннан кейін БС тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы  әзірлеп, веб-порталға орналастырады.

Қағидалардың 377-тармағының 1-тармақшасына сәйкес  бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды қоспағанда, егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.

Осылайша, егер әлеуетті өнім беруші өзінің баға ұсынысын және оның негіздемесін ұсынбаса (баға неден қалыптасқандығы туралы)  оның сатып алуға қатысу туралы келісімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келмейтін болады.

Бағаны негіздеу үлгісі

Мемлекеттік сатып алуда бағаны негіздеу

 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться