text
MCFR.KZ Госзакупки

Шартты жасасудан бас тарту және бұзу

  • 6 августа 2018
  • 5
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Шартты жасасудан бас тарту және бұзу

Тапсырыс берушімен шартты жасаудан бас тарту, өнім берушімен шартты жасаудан жалтару жағдайларын қарастырамыз

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)  олардың акцияларының бақылау пакеті мемлекетке және олардың басқаруында бар қаржыны тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда олармен бірге үлестес тұлғаларға тиісті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акционерлік қоғамдармен жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

Шарттың күшін жою

  • Өнім беруші ЖҚТ-де тұрса

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тауарларды,жұмыстарды,қызметтерді табысты мемлекеттік сатып алуды жүргзігеннен кейін,сондай-ақ Заңның 39-бабының 3-тармақшасына сәйкес жасалады. Алайда, сатып алуды жүзеге асыру және жеңімпазды анықтағаннан кейін шарт көбіне міндетті жасауға жатқызыла бермейді.

Заңның 6-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде (бұдан әрі- ЖҚТ) тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Назар аударыңыз! Егер әлеуетті өнім беруші  шартты жасасқан сәтте ЖҚТ-де тұрса,онда мұндай әлеуетті өнім берушімен шартты жасауға жол берілмейді. Мұндай жағдайда тапсырыс берушіге шарттың күшін жою керек.

Егер жеңімпазбен жасалған шарт келесі мәртебелердің біреуіне ие болса: «Шарт жобасы», «Өнім берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушінің қолы қойылуда», «Өнім берушінің қолы қойылуда», «Келісімді аяқтау күтілуде», «Тіркеуге жіберуге дайын», жасасудан бас тарту процедурасын орындағаннан кейін шарттың мәртебесі «Жасалмады» мәртебесіне өзгереді, жоспардың тармағы «Шарт жасалмады, бірінші жеңімпаздан бас тарту» мәртебесіне ие болады.

Шарт жасасудан бас тарту үшін «Шартты жасасудан бас тарту/мерзімінен бұрын тоқтату» қосымша парағына кіру қажет. Берілген мәзірден шарт жасаудан бас тарту себебін таңдау қажет, мәтіндік жолақта жасасудан бас тарту себебіне түсіндірмені көрсетіп, «Шарттың күшін жою/тоқтату» пернесіне басу керек.

2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 392-тармағына сәйкес тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бар болса, жеңімпазбен жасалған  шартты жасасудан бас тартқан күннен бастап  2 жұмыс күні  ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жібереді.

Егер жеңімпазбен жасалған шартта «Жасалмады»  мәртебесі болса, «Жасасудан бас тарту/мерзімінен бұрын тоқтату» шарт карточкасында,қосымша парағында «Екінші үміткермен шартты жасау» пернесі қолжетімді болады. «Екінші үміткермен шарт жасау» пернесі белсендірілгеннен кейін жүйе автоматты түрде шартты жасайды. Екінші үміткермен жасалған шарт карточкасына шарт нөмірінің белсенді сілтемесі арқылы өтуге болады.

Маңызды! Егер әлеуетті  ЖҚТ-не шартты жасасқаннан кейін  енгізілген болса, онда мұндай шартты бұзу міндетті емес, себебі Заңның 6-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында әлеуетті өнім берушінің өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес екендігі айтылған, ал шартты жасасқаннан кейін сатып алу өткізілген болып танылады.

Заңның 43-бабы 19-тармағының 1-тармақшасына  сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылу жағдайын анықтаған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс

Осылайша, егер өнім беруші ЖҚТ-не шартты жасасқаннан кейін енгізілсе, бұл жағдайда мұндай шартты бұзу немесе екі тараппен орындалуын жалғастыру туралы шешімді тапсырыс беруші қабылдайды.

Белгіленген мерзімде шартқа қол қоймау

Жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу шартын жасасудан бас тартудың мемлекеттік сатып алудың веб-порталына шарттың жобасын тіркей отырып, хабарлама түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шарттың жобасына өнім берушінің қол қоймау себептері де жиі кездеседі.

Шарт жобасына қол қойылмаған жағдайда мұндай өнім беруші жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталған кезде автоматты түрде ЖҚТ-не енгізіледі.

Өнім беруші-жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа қандай мерзімде қол қоюы керек?

Шартты жасасудан бас тарту және бұзу

Отвечает Рауана Карабаева

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс (Заңының 43-бабының 3-тармағы).

Заңнан дәйексөз!  Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс  (Заңның 43-бабының 7-тармағы).

Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпинге қарсы соманы енгізбеу

Жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу шартын жасасудан бас тартудың тағы бір негізі әлеуетті өнім берушімен  шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеу жолымен және/немесе Заңның 26-бабына сәйкес шартты жасаудан жалтару болып табылады.

Заңның 26-бабына сәйкес әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

Заңнан дәйексөз! Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Заңда көзделген демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын енгізеді (Қағидалардың 395-тармағы).

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасынан 3 % -ды құрайды.

Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушімен тиісті қаржылық жылы басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде енгізіледі.

Назар аударыңыз! Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпинге қарсы соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Тапсырыс беруші 2 жұмыс күіні ішінде шарттың орындалуын қаматмасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күнннен бастап веб-портал арқылы  өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарламаны жібереді. Егер өнім беруші  жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

Мәлімет үшін! Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер) Заңның 12-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ЖҚТ-не енгізіледі.

Алайда, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы белгілі бір жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді,сондай-ақ демпинге қарсы соманы енгізбесе де болады. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы сома өнім берушімен онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы, толық көлемде және тиісті деңгейде орындайтындығына кепілдік ретінде енгізіледі.

Егер мемлекеттік сатып алу жеңімпазы тауарды жеткізіп, жұмысты орындап, қызмет көрсетсе, ал тапсырыс беруші шарттың орындалуын қаматамасыз етуді енгізуге берілген мерзімде, яғни шартты жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күіні ішінде  тауарды,жұмыстарды,қызметтерді қабылдаса, онда шарттың орындалуын қамтамасыз ету және/немесе демпингеке қарсы соманы енгізу міндетті болмайды.

Заңнан дәйексөз! Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды (Қағидалардың 395-тармағының 2-азатжолы).

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль