text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудағы шартты жеңілдіктер

  • 17 июля 2018
  • 5
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Мемлекеттік сатып алудағы шартты жеңілдіктер

Қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгізбеу бөлігіндегі бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Шартты баға деген не? Шартты жеңілдікті қалай есептеу керек?

Алдымен, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабының 32) тармақшасында берілген шартты жеңілдік немесе шартты баға ұғымының анықтамасын келтірейік.

Шартты баға ұғымы

Шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға.

Шартты жеңілдіктің ерекшелігі сонда, ол тек конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға есептелінеді және қолданылады.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына қолданылатын өлшемшарттардың болу міндеттілігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 21-бабының 4-тармағында белгіленген.

Егер аталған тармақ нормаларының мазмұнына кешенді түрде келетін болсақ, онда конкурстық құжаттамада болуға міндетті өлшемшарттарды 2 топқа бөлуге болады:

1-топ. Әлеуетті өнім берушілерге қолданылатын өлшемшарттар:

  • өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ТЖҚ) нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы;
  • ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің болуы;
  • ҚР аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы;
  • ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің және (немесе) ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуы.

2-топ. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қолданылатын өлшемшарттар. Бұл тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) пайдалану шығыстары, техникалық қызмет көрсету және сатып алынатын таураларды жөндеу.

Екінші топтағы өлшемшарт бойынша шартты жеңілдіктің болуын және мөлшерін конкурстық комиссия тек сарапшының немесе сараптау комиссиясының (егер олар тартылған жағдайда) қорытындысы негізінде анықтауы мүмкін.

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептеу ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.

Өлшемшарттардың әрқайсысын, сондай-ақ олар бойынша шартты жеңілдікті қолдану тәртібін қарастырайық.

Қолданудағы ең бірінші және бір мәнді емес өлшемшарт әлеуетті өнім берушіде өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын ТЖҚ нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы болып табылады. Қағидалар аталған ТЖҚ үшін өлшемшарт бойынша шартты жеңілдікті қолдану тәртібін бөліп қарайды.

Алдымен, тапсырыс беруші өткізілетін сатып алу нарығында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талапты қашан белгілейтінін (Қағидалардың 442-тармағы) еске түсірейік.

Конкурстық құжаттамада (бұдан әрі – КҚ) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:

1) егер сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген 50 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;

2) сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген 200 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін.

Жұмыс тәжірибесінің бар болуы бойынша біліктілік талаптары КҚ-да қарастырылады.

Осылайша, егер сатып алу сомасы Қағиадаларда белгіленгеннен аз болса немесе тапсырыс беруші КҚ-да сатып алынатын ТЖҚ нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талапты белгілемесе, әлеуетті өнім берушінің ұсынған құжаттары тек шартты жеңілдікке әсер ететін болады.

Бұл мақалада жұмыс тәжірибесі тек шартты жеңілдікті қолдануға ықпал ететін өлшемшарт ретінде қарастырылады.

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін конкурстық комиссия тиісті растаушы құжаттар болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің КҚ-ның 5, 6, 7-қосымшалары негізінде анықтайды.

Сатып алынатын тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік

Тауарларды сатып алғанда әлеуетті өнім беруші өтінім берген кезде КҚ-ның 7-қосымшасын толтырады, онда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркей отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде жеткізген (шығарған), конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарлар көлемін көрсетеді.

Аталған қосымшаның ескертпесіне сәйкес сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

Егер жұмыс тәжірибесі біліктілік талабына жатпаса, сатып алынатын ТЖҚ нарығында жұмыс тәжірибесі жоқ әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысуға құқылы. Жұмыс тәжірибесінің болмауы қатысуға кедергі бола алмайды, тек аталған өлшемшарт бойынша шартты жеңілдіктің болуына әсер етеді.

Сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік

Сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі әлеуетті өнім берушілердің КҚ-ның 6-қосымшасында көрсеткен мәліметтерге сәйкес есептеледі. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде көрсетілетін қызметтердің аяқталатын жылы танылады.

Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.

КҚ-ға 6-қосымшаның 2-тармағында келтірілген кесте бойынша әлеуетті өнім беруші мына ақпараттарды толтырады (растаушы құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып):

– қызметтің атауы (әлеуетті өнім берушінің бұрын көрсеткен қызметі ұқсас (сол сияқты) болмаса, конкурстық комиссия шартты жеңілдік тағайындамайды);

– тапсырыс берушінің атауы, қызмет көрсеткен орны, атауы, растаушы құжаттың күні мен нөмірі (деректер растаушы құжаттардың тіркелген электрондық көшірмелердің деректерімен сәйкес келуге тиіс);

– қызметті көрсеткен жылы мен айы (күннің немесе шот-фактураның, немесе көрсетілген қызметтер актісіне қол қою);

– шарттың құны (соның аясында қызмет көрсетілген шарт сомасы; аталған сома акт және шот-фактура сомасымен сәйкес келуге тиіс немесе шот-фактурада және актіде көрсетілген шарттың жалпы сомасына бірнеше шот-фактура ұсынылады).

5, 6 және 7-қосымшаларда жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша мәліметтерді толтырудың дұрыстығы мен сенімділігі, барлық растаушы құжаттардың болуы – мұның бәрі шартты жеңілдік беру кезеңінде конкурстық комиссияның шешіміне әсер ететін болады.

Мінсіз конкурстық өтінімнің үлгісі ретінде тіркелген  файлдарда әлеуетті өнім берушінің 5, 6 және 7-қосымшаларда толтырған тек біліктілік туралы мәліметтерді растайтын құжаттары бар өтінімді келтіруге болады. Бұл конкурстық өтінімге дайындық бойынша жұмысты, сондай-ақ оны қарау кезіндегі конкурстық комиссияның жұмысын айтарлықтай қысқартады.

 Әлеуетті өнім берушілерге жалпылама және көлем үшін ғана артық құжаттарды тіркеудің қажеті жоқ – жұмыс тәжірибесінің болу өлшемшарттары бойынша шартты жеңілдікті беру кезінде біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілмеген құжаттарды конкурстық комиссия есептемейді.  

Қағидалардың 154-тармағына сәйкес конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін 0,5 %, бірақ 5 %-дан аспайтын шартты жеңілдік береді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері 5 %-дан аспайды.

Егер 6 және 7-қосымшалардағы мәліметтер толтырылмаған болса және растаушы құжаттар тіркелмесе, сатып алынатын тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік берілмейді.

Сатып алынатын жұмыстар нарығындағы жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік

Сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болу өлшемшарты бойынша шартты жеңілдікті есептеу біркелкі емес. Есептеу тәртібі мен шарты Қағидаларға өзгеріс енгізу салдарынан үнемі түрленіп отырады, оның ішінде КҚ-ға 5-қосымшаның ескертпесіне өзгеріс енгізу бөлігінде (жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші толтыратын біліктілік туралы мәліметтер) түрленеді.  

Аталған қосымшаның бір бөлігі растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы 10 жыл ішінде, оның ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер болып табылады.

Сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер кестеде берілген, ол бойынша әлеуетті өнім беруші шартты жеңілдік алу үшін мына мәліметтерді толтыруға тиіс:

қызметтің атауы (сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарға сәйкес немесе ұқсас болуға тиіс; егер әлеуетті өнім берушінің бұрын орындаған жұмысы осындай (ұқсас) болмаса, конкурстық комиссия шартты жеңілдік тағайындамайды);

– тапсырыс берушінің атауы, жұмыстарды орындау орны (растаушы құжаттардың деректерімен сәйкес келуге тиіс);

– жұмыстың аяқталған жылы мен айы (тиісті актіге қол қою күні);

– растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі (тіркелген растаушы құжаттардың күні және нөмірімен сәйкес келуге тиіс). Жұмыс түріне байланысты дәл сол құжат, оның күні мен нөмірі көрсетіледі, әлеуетті өнім беруші жұмыс тәжірибесін растау ретінде тіркейді. Мәселен, егер құрылыс бойынша жұмыс сатып алынса, жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік алу үшін әлеуетті өнім беруші орындалған жұмыстарды қабылдау және жұмыстар, сатып алынатын осындай (ұқсас) жұмыстар бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін тіркеуге тиіс;

– шарттың құны (соның аясында жұмыс орындалған шарттың сомасы). Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыстың аяқталатын жылы танылады.

Жұмыста шартты жеңілдікті есептеу сатып алынатын жұмыс түріне қарай бірнеше түршеге бөлінеді. Бұл ретте жұмыстарда жұмыстардың ұқсастық сипатын белгілеу кейде өте қиын.

Көрнекілік үшін КҚ-ға 5-қосымшаның ескертпе нормаларын кесте түрінде беруді ұсынамыз:

Конкурстың мәні

Ескерілетін тәжірибе*

Жаңа құрылыс

Тек жаңа объектілердің құрылысындағы жұмыс тәжірибесі

Автомобиль жолдары мен инженерлік желілердің жаңа құрылысы

Автомобиль жолдары мен инженерлік желілерді реконструкциялау бойынша жұмыс тәжірибесі; инженерлік желілер мен автомобиль жолдарын реконструкциялаудың жаңа құрылысы кезіндегі жұмыс тәжірибесі

Кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау

Жаңа объектілер құрылысындағы жұмыс тәжірибесі; күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі

Қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу

Жаңа объектілердің құрылысындағы жұмыс тәжірибесі; қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі

Құрылыспен байланысты емес жұмыстар

Конкурста сатып алынатын, оның ішінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындау тәжірибесі

*Ескерту: құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе сәйкестігі) және ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ҚР заңнамасында айқындалған олардың техникалық күрделілігіне сүйене отырып есептеледі.

Бұрын айтылғандай, жұмыс тәжірибесінің болуы туралы, оның ішінде конкурста сатып алынатын осындай (ұқсас) жұмыстар бойынша мәліметтерді толтырғанда, әлеуетті өнім беруші шартты жеңілдік алу үшін мәліметтердің толтырылғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеуге тиіс. Атап айтқанда, қандай құжаттар конкурстың белгілі бір немесе өзге нысанында растаушы болып табылатынын қарастырайық:

Конкурстың мәні

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар

Жаңа объектілер салу, сондай-ақ бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу

Орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері *

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі

Құрылыспен байланысты емес жұмыстардың өзге түрлері

Орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері

*Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болса, жұмыс тәжірибесін растау ретінде орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін, немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, не орындалған жұмыстардың жобаға немесе сәйкестік туралы декларацияға сәәйкестігі туралы қорытындыны ұсынады, онда осы қосалқы мердігер туралы мәлімет көрсетіледі.

Бұл ретте әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесі бұрын орындалған жұмыстардың конкурс мәніне сәйкестігі жағдайында ескеріледі.

Қағидалардың 155-тармағы жұмыстарды сатып алу кезінде жұмыс тәжірибесінің болуы үшін есептелген шартты жеңілдік мөлшерін белгілейді:

Жұмыс тәжірибесі

Сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесі болуының әр жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша шартты жеңілдік

Күнтізбелік жыл ішінде бір объектіден асатын жұмыс тәжірибесі болған жағдайда шартты жеңілдік 

Бас мердігер ретінде

1 %

0,2 % құрылыстың әрбір келесі объектісі үшін

Қосалқы мердігер ретінде

0,5 %

0,1 % құрылыстың әрбір келесі объектісі үшін

Құрылыспен байланысты емес жұмыстар

1 %

0,2 % сатып алынатын жұмыстардың ұқсас (осындай) түрлері бойынша әрбір келесі орындалған жұмыс үшін

Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері 10 %-дан аспайды.

Осылайша, сатып алынатын ТЖҚ нарығында жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты жеңілдік беру жөніндегі өлшемшарттарды қарастырдық.

Мақаланың басында айтылғандай, бұдан басқа, бірқатар сертификаттардың болуы бойынша да өлшемшарттар, сондай-ақ сараптамалық қорытынды болған жағдайдағы жеңілдіктер бар. Мұндай өлшемшарттарды, сондай-ақ шартты жеңілдікті есептеу кезіндегі бұзушылық үшін жауаптылықты "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналында қарастырамыз.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты