text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудағы қосымша құн салығы

  • 11 июля 2018
  • 2
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алудағы қосымша құн салығы

ҚҚС деген не? ҚҚС бойынша қашан есепке тұру қажет? Егер өнім беруші шартты жасасқаннан кейін есепте тұрған болса, тапсырыс беруші ҚҚС өндіруге міндетті ме?

Қосымша құн салығы дегеніміз не

Қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және қолдану, Қазақстан Республикасының  аумағына тауарларды импорттау кезіндегі аударуға қосылған өткізу айналымының  салық салынатын құнының бөлігін бюджетке аударуды білдіреді.

Қазақстандағы ҚҚС салығының пайызы қандай

25.12.2017 ж. № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Салық кодексі) ҚР кодексінің 422-бабының 1-тармағына сәйкес  ҚҚС мөлшерлемесі  12 % құрайды.

ҚҚС бойынша қашан есепке тұру қажет

Салық кодексінің 82-бабына сәйкес ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерінен асып кетсе резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

ҚҚС міндетті қоюға жатқызылмайды:

  • мемлекеттік мекемелер;
  • заңды тұлғалар-резиденттердің құрылымдық бөлімшелері;
  • салықпен және сәйкесінше жер салығымен бекітілген ойын бизнесіне  салық салуға жатқызылатын тұлғалар.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

Мемлекеттік сатып алу жоспары  тиісті бюджеттің (даму жоспары) негізінде  дайындалады және тиісті бюджетті (даму жоспары) бекіткен күннен бастап (нақтылаған) 10 жұмыс күні ішінде бекітіледі (нақтыланады).

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес  (бұдан әрі – Заң)  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәліметтер:

      1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

      2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

      4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

      5) осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

      6) осы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік органның шығындары, мемлекеттік құпияға жатқызылатын шығындар,еңбек ақы, салық, іссапар шығындары және басқа да жоспарланбаған шығындарды төлеуден  басқа мемлекеттік сатып алу жоспарына ауыстырылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан кездегі ҚҚС

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрінің 21.01.2014 ж. № 16 «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» бұйрығына сәйкес  бюджет шығындарының экономикалық  сыныптамасында «Сатып алынатын тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын өнім берушіге аудару» 168 ерекшелігі алынып тасталды.

Заңның 43-бабының 21-тармағына сәйкес  мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың шарттарында өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылатындығы  және сатып алудың жалпы сомасы оны тиісті ерекшеліктер бойынша бөлумен көрсетілетіндігі айтылған.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаған кезде ҚҚС төлеуші ретінде өнім берушінің тіркелуін есепке алынғандығын ғана емес,  тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды  өткізудегі оның айналымдары ҚҚС салуға жатқызылатындығын немесе жатқызылмайтындығын  есепке алу керек.

ҚҚС төлемеушілерге  ҚҚС төленбейді. Шарт жағдайында өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылмйтындығы және ҚҚС сомасының жоқ екендігі көрсетіледі.

ҚҚС төлеушісі болып табылатын өнім берушілерге-жеңімпаздарға сатып алынатын тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша  ҚҚС сомасын аудару  егер өнім берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  өткізу айналымына салық салынса немесе өнім берушіде  салық салынатын импортты төлеу бойынша міндеттемесі  туындаса сатып алу жоспарланған ерекшелік бойынша жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік мекеме аталған ерекшелік бойынша бюджет кірісіне алынған тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын аударғанда ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайлар есепке алынбайды.

Осылайша, ҚҚС төлеушісі болып табылатын өнім берушімен  шартты жасаған жағдайда және егер өнім берушіде  ҚҚС төлеу бойынша міндеттеме туындаған жағдайда, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша өнім берушінің айналымына ҚҚС айналымымен салық салынатын болып табылса мемлекеттік сатып алу туралы шарт ҚҚС төлеу шарттарын көрсетумен жасалады.

Актіні бекіткеннен кейін ҚҚС бойынша есепке қою

Салық кодексінің 379-бабының номаларына сәйкес  1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:

      өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;

      тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;

      2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;

      қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

ҚР Қаржы министрніңі 11.12.2015 жылғы № 648,  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен қарастырылған мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 5.3 және 5.4 тармақтарының шарттарына сәйкес  жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі. Осы Шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.

Осылайша, егер жұкқұжатты міндетті бекіту арқылы тауарды қабылдау-тапсыру электрондық актісін жіберген күні  өнім беруші  ҚҚС  төлеуші ретінде  есепте болмаса, шот-фактураны ол  ҚҚС  есепке алмай қою керек.

Егер өнім беруші шартты жасасқаннан кейін есепте тұрған болса,

тапсырыс беруші ҚҚС өндіруге міндетті ме

Салық кодексіне сәйкес өнім беруші ҚҚС есепке алып шот-фактураны беруге міндетті. Сәйкесінше, тапсырыс беруші салықтың орнын толтыру үшін қосымша келісімді жасау керек.

Салық кодексінің 412-бабы 9-тармағының 1-тармақшасына сәйкес салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген өзге де құжатта қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын көрсетеді.

Тапсырыс беруші  ҚҚС орнын толтырудан бас тартқан жағдайда өнім беруші  сотқа жүгінуге толық құқылы.

Өнім берушіні ҚҚС бойынша есепке тұрғызумен байланысты шарт сомасын өзгерту бойынша қосымша келісімді жасау  веб-порталмен қарастырылған және жылдық жоспарға өзгерістерді енгізуді талап етпейді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль