text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына өзгерістер енгізілді

  • 27 июня 2018
  • 25
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына өзгерістер енгізілді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының өзгерістері қолданысқа енгізіледі.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін бірқатар өзгерістер енгізілді.

Баға ұсыныстарын сұрату

Осылайша, Қағидалардың 29-трамағы келесімен толықтырылды  «тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі», яғни ескі редакцияда тапсырыс берушілер бұл стандартты көрсете алса, енді көрсетуге міндетті.

Ұйымдастырушыны анықтау тәртібі

60-тармаққа өзгерістер енгізілді, осылайша сатып алуды ұйымдастырған кезде бірінші басшының орынбасары конкурстық комиссия төрағасы бола алады.

Сапа менеджменті сертификаты

157-тармаққа келесі мазмұнда берілген: егер әлеуетті өнім берушіде сапа менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға сертификаттау жөніндегі органдар, аккредиттеу жөніндегі аккредиттелген орган немесе Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдар берген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Мемлекеттік әлеуметітк тапсырыс

Әлеуетті өнім берушілердің бір баллдан төмен жинаған және конкурсқа қатысуға жіберілмеу критерийлері тізіміне 4-тармақша «әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтері»  қосылды (Қағидалардың 234-тармағы).

Коммерциялық ұсыныстарды сұрату

Қағидалардың 367-тармағы тапсырыс беруші шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты жасасқан кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, атап айтқанда қаражатты  оңтайлы және тиімді шығындау қағидатын  сақтай отырып, өнім берушіні анықтайды деп толықтырылған.

Ескі редакцияда коммерциялық ұсыныстар тапсырыс берушінің сұрауы бойынша ұсынылып жүрді, енді әлеуетті өнім берушінің бастамасы бойынша  ұсыныла алады.

Консорциум

Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциалдық келісіммен айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылатындығы нақтыланды.

Қағидаларға консорциум қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары туралы 382-1,382-2,382-3 жаңа тармақтары қосылды.

Консорциум ретінде конкурсқа қатысуға ниет еткен Заңды тұлғалар өтінімді беру алдында осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының Конкурстық құжаттамасына  4-1-қосымшасына сәйкес, веб-порталда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциалдық келісім) жасайды және рәсімдейді.

Нақтырақ Мемлекеттік сатып алудағы консорциумға қатысу

Шартты жеңілдік

Құрылыс жұмыстарының ұқсастығы бойынша шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде сұрақтар туындады. Осылайша, КҚ 5-қосымшасына ескерту жаңа тармақтармен толықтырылды:

10. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс саласындағы жұмыс өтілін есептеу кезінде (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) қоса алғанда келесі есепке алынады:

1) ғимараттар мен құрылыстар жауапкершілігінің деңгейі (бірінші – жоғары, екінші –қалыпты, үшінші – төмен).

Егер конкурстың мәні бірінші деңгей (жоғары) жауапкершілігіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылатын болса, бірінші (жоғары) деңгей жауапкершілігіндегі ғимараттар мен құрылыстардың  жұмыс өтілі есепке алынады. 

Егер конкурстың мәні екінші деңгей (қалыпты) жауапкершілігіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылатын болса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгей жауапкершілігіндегі ғимараттар мен құрылыстардың  жұмыс өтілі есепке алынады. 

Егер конкурстың мәні үшінші деңгей жауапкершілігіндегі (төмен) ғимараттар мен құрылыстар болып табылатын болса, бірінші (жоғары),екінші (қалыпты) және үшінші (төмен) деңгей жауапкершілігіндегі ғимараттар мен құрылыстардың  жұмыс өтілі есепке алынады. 

2) объектілердің техникалық күрделілігі техникалық күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар, техникалық күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).

Егер кокнурстың мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, техникалық күрделі объектілердің (кешендер) ғана жұмыс өтілі есепке алынады. 

Егер конкурстың мәні техникалық күрделі объектілерге (кешендер) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық күрделі объектілерге (кешендер) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың және техникалық күрделі объектілердің (кешендер) жұмыс өтілі есепке алынады.

3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, басқа құрылыстар);

4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы  олардың конкурс мәнімен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң)  2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республкиасының Заңының бірінші санатты рұқсаттарының (лицензия) Тізімінің 5 және 6 бөлімдерімен қарастырылған лицензияланатын қызметтің кіші түрінде болуы жағдайында есепке алынады.

11. Инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек.

Автомобиль жолдары және инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуы және инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек.

12. Егер конкурс нысанасы аумақтарды абаттандыру немесе аула аумақтарын күрделі жөндеу және лицензияланатын түрлерді орындау көзделетін жұмыстар болып табылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыстар бойынша тәжірибенің болуы ескеріледі.

13. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі жиынтықта мынадай шарттар сақталған кезде ескеріледі:

      1) қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде бір жыл жұмыс тәжірибесі беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен көп жұмыс тәжірибесі болған кезде, бір жылдан көп жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;

      2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде жұмыстар (бір немесе бірнеше) орындалған кезде ескеріледі. Бұл ретте қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі тек "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ескеріледі.

Жұмыс өтілін растау, сатып алынатын жұмыстар нарығындағы жұмыс өтілін растау үшін қандай құжаттардың талап етілетіндігін, басқа да өзгерістерді Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесінен көруге болады. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль