MCFR.KZ Госзакупки

Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алу кезіндегі әрекеттер

  • 30 мая 2018
  • 16
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алу кезіндегі әрекеттер

Сатып алуды болдырмау оны өткізудің кез келген сатысында мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімінің тоқтатылғанын білдіреді Бұл жағдайда саты дегенде шарт жасалғанға дейін хабарландыру жарияланған сәттен басталған кезеңдердің бірі көзделеді.

Конкурсты болдырмау келесідей уәкілетті органдардың бірінің актісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын бұзушылық анықталғанына байланысты алынған  хабарлама негізінде ғана жүзеге асырылады:

– сот органдарының;

– прокуратура органдарының;

– мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының.

Күші жойылған мемлекеттік сатып алулардың талдамасына сүйенсек, іс жүзінде 99 % жағдайда конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алуды жоюдың себебі ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінен алынған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды электрондық форматқа көшірудің арқасында қашықтан камералдық бақылауды жүзеге асыру мүмкін болып отыр. 

Камералдық бақылау

Камералдық бақылау мемлекеттік аудит объектілеріне бармай-ақ ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылау нысанын білдіреді.

Камералдық бақылау тәуекелдер бейіні бойынша өткізіледі.

Тәуекелдер бейіні – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен айқындалатын және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау талаптарының жиынтығы.

 Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейінінің тізбесі ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті төрағасының  2016 жылғы 12 ақпандағы № 9 бұйрығымен бекітілді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылық анықталған жағдайда Комитет және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықталған бұзушылықтардың толық сипаттамасы жазылған Хабарлама ресімдеп, мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Хабарлама мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жіберіледі.

Хабарлама мемлекеттік аудит объектілеріне мынадай тәсілдермен беріледі/жіберіледі және берілді деп есептеледі:

1) жеке қол қойдырып немесе жіберу мен алу фактісін растайтын өзге тәсілмен;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – мемлекеттік аудит объектісінің пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қою күнінен бастап;

3) электрондық тәсілмен – хабарламаны адресатқа бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде жеткізу күнінен немесе мемлекеттік аудит объектісіне хабарламаны мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жеткізу күнінен бастап.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы (бұдан әрі – веб-портал) осындай Хабарламаларды жіберу бойынша функционал әзірленді және табысты түрде қолданысқа енгізілді. Мұндай жаңа енгізілім мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық қолданушылары үшін өте қолайлы, анықталған бұзушылықтар туралы жедел ақпарат алуға және оларды жою немесе қарсылық жіберу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Әрі қарай сөз дәл сол веб-портал арқылы Хабарламамен жұмыс туралы болмақ.

Хабарламаны орындау

 Мемлекеттік аудит объектісі Хабарламаны орындауды ол ұсынылған/алынған/жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жүзеге асырады.

Хабарламаны алу және орындау процесіне толығырақ тоқталайық.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібергеннен кейін жүйе танысу үшін хабарламаны веб-порталда ұйымдастырушының жұмыс кабинетінде көрсетеді.

Егер оқылмаған хабарлама болса, жүйе қолданушылардың барлық әрекеттерін бұғаттайды және «Танысты» деген батырма басылмайынша, бұдан кейінгі әрекеттер қолжетімсіз болады. Бұл ретте, егер бірнеше хабарлама болса, әр хабарламада «Танысты» батырмасын басу керек. Хабарламамен веб-порталда тіркелген ұйымдастырушының кез келген қызметкері таныса алады.

Бір хабарлама бір лот бойынша жіберіледі. Басқаша айтқанда, егер хабарландыруда бірнеше лот болса және әр лот бойынша бұзушылық табылса, әр лотқа жеке хабарлама жіберіледі.

Көрсетіліп өткендей, Хабарламада анықталған бұзушылықтың толық сипаттамасы қамтылады.

Хабарламамен танысқан мемлекеттік аудит объектісі екі шешімнің бірін қабылдайды:

1. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда оны орындайды.

Конкурстық рәсімнің қандай сатысында хабарлама алынғанына және тәуекелдер бейініне сәйкес бұзушылық түріне байланысты хабарламаны орындаудың бірнеше нұсқалары болуы мүмкін:

  • конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу жолымен: бұзушылықты жою тек құжаттаманы талқылау аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді;
  • конкурсты болдырмау: бұзушылықты жою хабарлама жіберілгеннен кейін бірден қолжетімді;
  • алдын ала рұқсат беру хаттамасын қарау: қарау тек өтінімді толықтыру аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді;
  • конкурс қорытындылары хаттамасын қайта қарау: шағым беру мерзімі ішінде.

2. Мемлекеттік аудит объектісі Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, Комитетке хабарлама берілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. Егер қарсылықта мемлекеттік аудит объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуі үшін негіз ретінде растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, онда мұндай құжаттардың көшірмелері қарсылыққа қоса беріледі. Егер қарсылықты қарау барысында уәкілетті органның қорытындылары қажет болған жағдайда, Комитет тиісті сұратуларды жолдайды.

Қарсылықты қарауды Комитет оны алған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Қарсылықты қарау мерзімі Комитеттің тиісті уәкілетті органдарға сұратуларды жолдаған уақыттан бастап жауап алған уақытқа дейін тоқтатыла тұрады.

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды ресімделеді. Қорытынды былай деп танылуы мүмкін:

  • егер Комитет қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың жоқтығы анықталса, қорытынды оң деп танылады, бұл ретте хабарлама орындалған болып саналады.
  • егер қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтар қайта расталатын болса, мұндай хабарлама орындалған болып саналады, ал бұзушылық жоюға жатады, бұл ретте қорытынды теріс деп танылады.

Хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңіне тоқтатыла тұратынын есте ұстаған жөн. Қарсылықты қарау кезеңі Комитетке қарсылық келіп түскен сәттен басталады және мемлекеттік аудит объектісіне тиісті қорытынды беру сәтіне дейін болады.

Қарсылықты қарау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне қорытындыны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Хабарлама мынадай жағдайларда орындалды деп танылады:

1) келіскен жағдайда – Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген) 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген Комитетке немесе аумақтық бөлімшеге қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

2) келіспеген жағдайда – мемлекеттік аудит объектісі ұсынған қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

Хабарламалар журналында хабарламаны орындаудың аяқталу мерзімі,  бұзушылықтарды жою тәсілі, сондай-ақ күнтізбелік күндегі хабарламаны орындау аяқталғанға дейінгі қалған күндердің саны көрсетіледі.  

Хабарламаны орындамаған жағдайда Тапсырыс берушіні не күтіп тұр? Бұл жайлы "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналынан оқи аласыз

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться