text
MCFR.KZ Госзакупки

ІМАД актілерін орындау мүмкін еместігінің кейбір аспектілері

  • 27 апреля 2018
  • 4
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
ІМАД актілерін орындау мүмкін еместігінің кейбір аспектілері

Уəкілетті органның бұйрығы орындалу мүмкін болмаған кезде практикаға мысал ретінде жəне осындай жағдайларды болдырмау үшін не істеу керек.

2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабына сәйкес камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, ІМАД) мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

Камералдық бақылаудың мақсаты – бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту.

Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:

1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;

2) осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Заңға сәйкес камералдық бақылау құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелместен жүзеге асырылатынын айта кету керек.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджетке өтелуге, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.

Тәжірибе жүзінде камералдық бақылау тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алу процесінің кез келген сатысында орын алады.

Шарт жасасқаннан кейін көбінесе жоспардан тыс аудит өткізіледі.

Жоспардан тыс аудиттің негіздемелері:

1) ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің тапсырмалары;

2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер;

3) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мысал. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен БАҚ қызметтерін (баспасөз басылымы) сатып алу туралы хабарландыру берді, сол арқылы  аталған заңның 37-бабының 4-тармағының бөлігіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзды.

Берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады («Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 37-бабының 4-тармағы).

Осылайша, егер тауарды беру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін болса, осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады (бөлінген сомаға қарамастан).  

Аудиторлық есеп пен сапаны бақылау қорытындысына сәйкес тапсырыс беруші тарапынан аталған бұзушылықтар анықталды, сондықтан тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу ұсынылды.

Тапсырыс беруші ұсыныстары мен ұсынымдары бар аудиторлық есепті ала отырып, өнім берушіге шарттың мерзімінен бұрын толық және тиісінше орындалғаны туралы ұсыным жіберді. Тапсырыс берушінің уәкілетті органның бұйрығы негізінде шартты орындалмаған бөлігінде бұзатынын ұғына отырып, өнім беруші келісімін берді.

Мұндай жағдайларда бұйрықтың орындалуының мүмкін болмауына Заңда бақылау объектісінің аудиторлық есептің ұсынымдары мен ұсыныстарын орындамағаны үшін заңдық  санкциялардың жоқтығы әсер етеді.

Бұл ретте Заңның 25-бабының 2, 3-тармақтарында көзделгендей, ұсынымдардың қаралу нәтижелері туралы және нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және өзге де мүдделі тұлғалар растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

Іс жүзінде тапсырыс беруші бұйрықты алғанға дейін мемлекеттік сатып алу шартының толық орындалғанын көрсете отырып, ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты жібереді. Демек, шартты бұзу туралы шығарылған бұйрықты орындау мүмкін болмайды.  

Мұны «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабы 19-тармағының 3) тармақшасы да мақұлдайды, онда көрсетілгендей, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде уәкілетті органның бұйрық шығару механизмін заң тұрғысынан қайта қарауды ұсынамыз. Уәкілетті орган заңнаманы бұза отырып жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзу туралы орындалуы міндетті актілерді дереу шығару құқығына ие болуы керек. Сол арқылы аудиторлық есепте уәкілетті орган бұйрық шығарғанға дейін бүгінде орындалмауы тапсырыс беруші үшін осындай шарттардың мерзімінен бұрын орындалуын толық қабылдау жүргізуге кедергі болып табылмайтын осындай ұсынымдар мен ұсыныстардың мазмұны алып тасталған болар еді (мұндай жағдайда ол заңдық жауапкершілікке тартылудан қашады, ал жеке қолдану актілерін орындау мүмкін емес). 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты