text
MCFR.KZ Госзакупки

ЕЭК алқасы: қабылданған шешімдер және олардың мақсаттары

  • 23 апреля 2018
  • 3
директор по развитию отношений с государственными общественными организациями, специалист отдела международного сотрудничества, г.Караганда
ЕЭК алқасы: қабылданған шешімдер және олардың мақсаттары

Жақында Еуразия экономикалық комиссиясының (бұдан әрі – ЕЭК) алқасында техникалық реттеу мен кедендік әкімшілендіру саласында бірқатар шешімдер қабылданды, түрлі нұсқаулар мен жобалар мақұлданды. Оларды толығырақ қарастырайық.

Кедендік реттеу

Осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жаңа Кеден кодексі күшіне енді. Бұл кедендік заңнамаға тиісті шешімдер мен өзгерістерді ұлттық деңгейде ғана қабылдамауды талап етті. Әсіресе аталған Кеден кодексінің толығымен электрондық технологияға бағдарланғанын ескеру керек.

ЕЭК алқасы оған қатысты кедендік декларация (бұдан әрі – КД) беру «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техрегламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен ілесе жүретін өнімдер тізбесін бекітті. Тізбеде  бұйымдардың турбина, дизель-генератор, конвейер, өндірістік трактор, жылытқыш қазан сияқты түрлері, әртүрлі жабдықтар, т. б. бар.

Сондай-ақ ЕЭК алқасы ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін  тауардың шығу тегі туралы бірыңғай алдын ала шешім нысанын бекітті.

Тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешімді қабылдау процесі ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларымен регламенттелген. Негізгі мақсаты – кедендік декларациялау кезінде кедендік операциялар жасауға жұмсалатын уақытты қысқарту.

Бірыңғай нысан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде кедендік реттеуді үйлестіруге ықпал ететін болады.

Құжатта алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі, оның қолданылу мерзімі, осы шешімді қабылдаған кеден органы жайлы ақпарат сияқты деректер, сондай-ақ тауар және оның шығу тегі туралы бірқатар деректер көрсетіледі.

Шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін 30 күннен соң қолданысқа енеді.

ЕЭК алқасы түрлі электрондық құжат түрінде толтырылған тауарлар декларациясы, транзиттік декларация, кедендік құн декларациясы сияқты түрлі декларациялардың құрылымы мен форматын бекітті. Сондай-ақ тауарлар декларациясын түзету құрылымы мен форматы бекітілді.

Қабылданған шешім ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларына сәйкес келіп қана қоймайды, ЕАЭО елдеріне импортталатын немесе экспортталатын тауарларды электрондық декларациялау қағидатын дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді. Және мұның ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің 1 қаңтардан бастап күшіне енумен байланысты маңызы зор. Қазір тауарларды ресімдеу бойынша көптеген операцияларды Интернет желісі арқылы жасауға болады. Бұдан бөлек, барлық шешімдерді (КД тіркеуден бастап тауар шығарылғанға дейін) кеден органының ақпараттық жүйесі қабылдай алады.

Электрондық КД-ның құрылымы мен форматын, сондай-ақ олардың қағаз жеткізгіштегі электрондық түрін ЕЭК (ЕАЭО Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағы) анықтайды.

ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасының кеден шекаралары  арқылы жылжитын халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу жайлы  Келісім жобасы мақұлданды.

Аталған келісім Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай елдеріне әкелінетін, сондай-ақ транзитпен жылжитын тауарларды ресімдеу процедурасын тездетеді. Бұдан бөлек, мұндай ақпаратты пайдалану тәуекелдерді басқару және кедендік бақылау нысандарын жетілдіру саласының тиімділігін арттырады.

Бастапқыда ЕАЭО елдерінен Қытай Халық Республикасына және Қытай Халық Республикасынан ЕАЭО елдеріне шығарылатын тауарлар, сондай-ақ оларды тасымалдаушы көлік құралдары туралы ғана деректер ұсынылуы мүмкін.

Болашақта қажетті техникалық дайындыққа қол жеткізілгенде, алмасу мәліметтерінің көлемі кеңейеді. Өз аумағынан әкетілетін, сондай-ақ келісім бойынша серіктестердің аумағымен транзит жасалатын халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу жоспарда бар.

Келісім жобасы мемлекетішілік келісуге ЕАЭО елдеріне жіберіледі, оны ақпанның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан соң құжатты заңдық-техникалық тұрғыда түзету жүргізіледі, оған қол қою күні мен орны анықталады.

Халықаралық ынтымақтастық

Ынтымақтастық саласында 2018–2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді:

           Техникалық реттеу және аккредиттеу саласында – Моңғолияның стандарт және метрология жөніндегі агенттігімен;

           ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласында –  Моңғолия Мамандандырылған инспекциясының Бас басқармасымен.

Іс-шараларды іске асыру міндетті бірыңғай ветеринариялық, фитосанитариялық талаптар мен стандарттарды қолдануда Моңғолия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ыңғайын жақындата түседі. Мұның жеңіл және тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін және Моңғолиядан өнім жеткізетін моңғол кәсіпкерлері үшін маңызы зор.

Бірқатар семинарлар өткізу мен оқыту бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр, оның барысында өзара жеткізетін өнімге қойылатын міндетті талаптарға талдау жасау жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпкерлерді зертханалық бақылау мен ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру рәсімдері туралы хабардар етеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы ЕЭК мен Моңғолия Мамандандырылған инспекциясының Бас басқармасы  арасында ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ ЕЭК мен техникалық реттеу және аккредиттеу саласындағы Моңғолияның стандарт және метрология жөніндегі агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осылайша, іс-шаралардың бекітілген жоспары – жоғарыда аталған меморандумдарды іске асыру бойынша жұмыстың логикалық жалғасы.

Техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы ЕЭК мен Халықаралық электртехникалық комиссияның ынтымақтастығы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тиісті жұмыс тобы құрылып, оған ЕЭК мен Халықаралық электртехникалық комиссияның және ЕАЭО елдеріндегі техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Бұл  Халықаралық электртехникалық комиссияның сәйкестікті бағалау жүйесі шеңберінде Халықаралық электртехникалық комиссияның стандарттары мен сертификаттарын қабылдау үшін ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын біртіндеп жақындатуға және үйлестіруге ықпал ететін болады. Әрі қарай бұл электроника, электр техникасы және машина жасау өнімдері саудасындағы техникалық кедергілер санын қысқартады.

Бұдан бөлек, жоспарда:

– басым бағыттар шеңберінде жаңа әзірленген стандарттар, жарияланымдар, өткізілетін зерттеулер мен шаралар бойынша, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы басқа да тақырыптар бойынша ақпарат алмасу;

– ЕАЭО техникалық регламенттерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стандарттар тізбесін қалыптастыруда өзара әрекет ету;

– ЕЭК мен Халықаралық электртехникалық комиссия өткізетін шараларға қатысу;

– техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы электр техникасы саласындағы Халықаралық электртехникалық комиссияның әлеуеті мен тәжірибесін пайдалану бар, т. б.

Медицина және фармакология

Алқа ішке қабылдау үшін түрлендіріліп босатылатын Дәрілік препараттардың сапасы жөніндегі нұсқаулықты мақұлдады. Аталған құжатты дайындаудағы негізгі мақсат – тіркеу құжаттамасына өзгеріс енгізгенде дәрі-дәрмек сапасын растауға және өнімнің баламалылығын бағалауға қойылатын талаптарды үйлестіру. ЕАЭО елдеріне оны гастрорезистенттік қағидатқа негізделген ұзартылған және мерзімі ұзартылып босатылатын дәрілік препараттарды фармацевтикалық әзірлеу бойынша жоспарлау және зерттеу жүргізу кезінде қолдану ұсынылды. Нұсқаулықты пайдалану тұрақты берілген сапа параметрлері бар  дәрілік препараттар өндірісін қамтамасыз етеді.

Бұның жұмсалатын ақша қаражаты мен өндірушілердің бұрын әзірленген дәрілік нысандардың құрамына өзгерістер енгізгенде уақытының азаюына ықпал ететіні үлкен артықшылық болып табылады.

Тамақ өнеркәсібі

Тағамдық хош иістендіргіш өндірісінде қолдануға рұқсат етілетін Хош иісті химиялық заттар тізбесінен 1-фенилпропан-2-он алып тастау туралы шешім қабылданды (Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға 19-қосымша). Мұның тиісті өзгерістерді талап ететіні сөзсіз.

Осы шешімді қабылдау салдарынан Кеден одағының «Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (029/2012 КО ТР) техникалық регламенті, сондай-ақ  029/2012 КО ТР 19-қосымшасы өзгереді.   

Аталған заттек (1-фенилпропан-2-он) психотроптық заттарға жатады, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде оның айналымы шектелген. Оны тек ғылыми және оқу мақсаттарында, сондай-ақ сараптамалық және жедел-іздестіру қызметінде пайдалануға рұқсат етілген.

Осылайша, біз қабылданған негізгі шешімдер, оны қабылдаудағы мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді қарастырдық, ал күткен үміттің қаншалықты ақталатынын уақыт көрсетеді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение.

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты., а вы получите:
  • доступ к 9 753+ полезных статей
  • 10 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль