Техникалық ерекшелікті жасау

6
Техникалық ерекшелікті жасау
Зотова Екатерина Николаевна
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Көптеген тапсырыс берушілерде қажетті тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті алу үшін техникалық ерекшелікті кім және қалай жасауға тиіс деген сұрақ туындайды. Бұл мақалада техникалық ерекшелік қалай жасалуға тиіс, нені көрсетуге жол беріледі, керісінше қандай талаптарға жол берілмейді деген мәселелерді қарастырамыз.

Техникалық ерекшелік – сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы.

Талаптарды шектеу

Техникалық ерекшелікті әзірлегенде мұқият болу керек, өйткені мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге талап қойылғанда бірқатар шектеулер бар.

Тапсырыс берушілер көбінесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын қолданады,  ал «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-тармағына сәйкес біліктілік талаптары Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және 42-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

Баға ұсыныстарын сұрату, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда және тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алғанда әлеуетті өнім берушіде материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы талапты, сондай-ақ төлем қабілеттілігі мен салықтық берешегінің жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарды көрсетуге жол берілмейді.

Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгілі бір материалдық немесе еңбек ресурстарының болуы туралы талапты қарастыру қажеттілігі болған жағдайда, сатып алуды конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізу қажет.

Заңның 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:

      1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      Сондай-ақ Заңның 21-бабының 3-тармағының 1 және 2) тармақшаларына, 38-бабының 2-тармағына, 32-бабының 4-тармағына сәйкес конкурс, аукцион немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізгенде орналастырылған ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларды белгілеуге жол берілмейді. Немесе әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге тыйым салынады.

Мынаны есте ұстаған жөн: 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Лауазымды адамдар дегенде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды айтамыз.

Бұған мына жағдайлардағы мемлекеттік сатып алулар:

      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;
      3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.

         ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) бұйрығындағы конкурс тәсілімен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша енгізілген өзгерістерге айрықша назар аудару қажет. ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығының редакциясы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді.

        Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар құрылыс (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

        «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес  құрылыс бойынша (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіде тиісті лицензияның міндетті түрде болуы көзделеді.

        Осылайша, тиісті лицензиясы бар әлеуетті өнім берушілер автоматты түрде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылады. Бұл жағдайда тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы талапқа тыйым салынады.

        Тағы да бір жиі кездесетін бұзушылық тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі талапты белгілеуі болып табылады.

        Қағидалардың 442-тармағында жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі талапты белгілеуге қандай жағдайларда жол берілетіні анық жазылған.

       Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:

      1) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;

      2) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін.

Мынаған назар аудару керек: жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі талап тек конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізгенде белгіленуі мүмкін. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде аталған талапқа жол берілмейді, ал конкурс, аукцион тәсілімен сатып алуда тек Қағидалардың 442-тармағының  1) және 2) тармақшаларына сәйкес.  

         Ұйғарынды талаптар

          Мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату, сондай-ақ конкурс немесе аукцион тәсілімен жүзеге асырғанда техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.

Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары:

– функционалдық шегін;

– техникалық сипаттама параметрлерін;

– тауардың мақсатын;

– тауарды, көрсетілетін қызметті пайдалану шарттарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

     Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуге тиіс.

      Сатып алудың басқа тәсілдерінен айырмашылығы, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      5) жұмыс тәжірибесінің болуы (тек Қағидалардың 442-тармағына сәйкес).

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.

      Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарына (олар болған кезде) сәйкес келетін материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетілуі мүмкін.

     Орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.

 Өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда біліктілік талаптарын белгілеген кезде аталған талаптардың белгілі бір қызмет түрі үшін нормативтік актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс екенін ескерген жөн.

     Мысал келтірейік.

 Күзет қызметін жүзеге асыру үшін, ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мынадай біліктілік талаптары бекітілді:

Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымына:

       – жоғарғы заңгерлік білімінің немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;
       – уәкілетті орган бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;

       – денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ;
       – қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

Күзетші лауазымына:
       –  жасы 19-дан төмен емес;

       – уәкілетті орган бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;

       – денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ;

       –  қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

Жеке күзет ұйымында өз қызметінде пайдаланатын қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайдың болуы (немесе белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға қатысты шарттар).

Егер техникалық ерекшелікте тапсырыс беруші ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығында белгіленген талаптардан жоғары талаптар ұсынса, олар көтеріңкі болып саналады және конкурстың күшін уәкілетті орган жояды.

         Мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде көтеріңкі талаптағы техникалық ерекшелікті қалыптастыру сатып алуды болдырмауға, қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді уақтылы алуға кедергі болуға, бөлінген ақша қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

       Мұндай салдарларды болдырмас үшін, техникалық ерекшелікті мемлекеттік сатып алу Заңы мен Қағидаларына сәйкес әзірлеу керек (қажет жағдайда басқа нормативтік актілермен), бұл мемлекеттік сатып алудың дұрыс өткізілуіне және техникалық ерекшелікке сәйкес келетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль