text
MCFR.KZ Госзакупки

Тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану 2-б.

  • 21 февраля 2018
  • 10
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану 2-б.

Апелляциялық соттың көзқарасы, сондай-ақ техникалық байқаудың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды заңды тану туралы Қазақстан Республикасының басқа облысындағы бірінші инстанция сотының шешімі.

"Тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану" мақаласында біз тауарды техникалық ерекшелік талаптарына заң тұрғысынан сәйкес келмейді деп тану мәселелерін және аталған іс санатын қарастыру кезіндегі бірінші инстанциялы соттың позициясын қарастырдық. Бұл мақалада апелляциялық инстанция сотының  көзқарасын, сондай-ақ сол тараптар арасындағы ұқсас істі қарастырған Қазақстанның басқа өңіріндегі бірінші инстанциялы соттың шешімін  түсіндіреміз.

Еске сала кетейік, тапсырыс беруші мен өнім беруші конкурс тәсілімен өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен тауарларды (КамАЗ-44108, борттық оқу, қалқаланған) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Тауар жеткізілгеннен кейін тапсырыс беруші жеткізілген тауарды зерттеу туралы шешімге келді және әртүрлі мамандардан тауардың талап етілген сипаттамаға сәйкестігі туралы бір-біріне қайшы қорытындылар алды. Тапсырыс беруші жеткізілген тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келетін тауарға ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгінді. Сот жеткізілген тауарды басқасымен ауыстыру туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Басты дәлел жеткізілген тауардың борттық автомобильге ершікті тартқыштан қайта жабдықталғаны болды, демек, жаңашылдық принципі жойылды. Бірақ өнім берушінің сот шешімін орындауы мүмкін емес,  өйткені мұндай тауарды өнім беруші енді шығармайды. Сондықтан тауар басқа функционалдық сипаттамаларымен дайындалатындықтан, қайта жабдықтауға ұшырамауы мүмкін емес.

Сонымен, істі қарау кезінде апелляциялық инстанция соты бірінші іс бойынша шағым берілген сот актісін өзгерту немесе жою үшін негіздің жоқ екені туралы қорытындыға келді. Мамандардың бір-біріне қайшы екі қорытындысының бар екеніне қарамастан, сот тауардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтінін белгілеген маманның қорытындысын назарға алды және соттың тауартанушылық сараптамасын тағайындау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Апелляциялық сот өз қаулысында ҚР Азаматтық кодексінің 407-бабының 1-тармағына сәйкес сатушы сатып алушыға шартта көзделген тауарды беруге міндетті екенін көрсетті.

Шарттың 1.1-тармағына сәйкес өнім беруші шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа қосымшаларда көрсетілген жағдайларға, талаптарға сәйкес және ондағы баға бойынша тауар жеткізуге міндеттенеді. Осындай мазмұндағы өнім берушінің міндеті шарттың 3.1-тармағының 3) тармақшасында көзделген («Тараптардың міндеттемелері» бөлімінде).

Апелляциялық алқа бірінші инстанциялы сот өнім беруші тапсырыс берушіге дайындаушы зауыт КамАЗ-44108 моделінің ершікті тартқышы түрінде шығарған, оқу борттық болып қайта жабдықталған, техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автомобильді бергені туралы қорытындыға негізді түрде келді деп санады. Бұл ретте сот талап қоюшы ұсынған маманның қорытындысын назарға алмады, өйткені, сот алқасы шешкендей, ол шарт талабы, техникалық ерекшелік талабы ескерілместен жасалған.

Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Бірінші маманның қорытындысында бір мәнді қорытынды жасалған, яғни ұсынылған көлік ортақ пайдалану жолдарында қауіпсіз пайдаланудың техникалық регламентіне және талап қоюшының техникалық ерекшелігіне (арнайы көліктің талап етілген функционалдық және пайдаланушылық сипаттамалары) сәйкес келеді.  

Апелляциялық алқа жеткізілген көлік техникалық сипаттамасына сәйкес ершікті тартқыш болып табылады және конструктивті түрде жеке құрамды тасуға арналмаған деген қорытынды жасаған екінші маманның қорытындысын назарға алды. Жеткізілген автомобиль көлік құралының құрылымына өзгеріс енгізуге түскен, ол ершікті-ілініс құрылғысын бөлектеуден және  алмалы-салмалы қалқасы бар борттық платформа қондырғысынан көрінеді.

Бұдан бөлек, апелляциялық алқа екінші маманның жоғарыда аталған тұжырымдарын өнім беруші теріске шығармағанын көрсетті.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


 Сот алқасы техникалық ерекшелікте көрсетілгеннен өзгешеленетін басқа техникалық сипаттамалары бар автомобиль жеткізуге, яғни шарттың 1.1, 3.1 және 6.1-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін автомобиль жеткізуге тапсырыс берушінің келісімі алынбаған деген қорытындыға келді. Тараптар арасында шарт талаптарын өзгерту туралы қосымша келісім жасалмаған.

Жоғарыда көрсетілген жайттарды ескере отырып, алқа қарсы талап бөлігінде сот қорытындыларын дәйекті деп мойындады, өйткені тауарды (автомобиль) беру жөніндегі міндеттеме орындалмады, шарттың 2.4-тармағында және 3.1-тармағының 9) тармақшасында   көзделген дәлелдер сотқа ұсынылмады. Керісінше, шарт талаптарына сәйкес келмейтін тауар беру фактісін іс материалдары  толығымен растады.

Бұл ретте апелляциялық инстанция соты автомобильді қайта жабдықтауды жүзеге асырмай, техникалық ерекшелікте көрсетілген сипаттамаларымен тауарды қалай жеткізу керектігіне жауап беруге қиналды, өйткені берілген сипаттамадағы көлікті дайындаушы зауыт өндірмейді.

Атқару өндірісі барысында анықталғандай, сот шешімін орындау мүмкін емес, ал сот тапсырыс беруші мен өнім берушіге қандай тауарды жеткізу және қабылдау керектігіне түсіндірме бермеді.

Сонда тапсырыс беруші өнім берушіге тауардың техникалық сипаттамасының өзгергені туралы қосымша келісім жасауды ұсынды, бұл өз кезегінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 3-тармағын тікелей бұзушылық болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді (Заңның 45-бабының 3-тармағы).

Тапсырыс берушінің талап арызы бойынша шығарылған қабылданған сот актілерінің нәтижесінде тапсырыс беруші өзін талап етілген тауарды алу мүмкіндігінен айырды (шарттың елеулі талаптарын өзгертуге заң жүзінде тыйым салынғанына байланысты оны басқасына айырбастаудың мүмкін еместігінен).

Өз кезегінде сол тапсырыс берушінің басқа филиалының  талап арызы бойынша Қазақстанның өзге өңіріндегі  экономикалық сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сот бұл жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушіні тауарды айырбастауға міндеттеу талабы қанағаттандыруға жатпайды деген қорытындыға келді, өйткені шарт талабында кем жеткізу немесе ақаулық табылған жағдайдағы тараптардың әрекеті қарастырылған, ал шын мәнінде тапсырыс беруші жауапкерді шартты орындауға міндеттеу талабын қояды, бұл заң талаптарына қайшы.

Сол тараптар арасында бір және сол даудың мәні бойынша осы сот тәжірибесінің дәлелі № 3115-17-00-2/1786 іс бойынша 2017 жылғы Жамбыл облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).

Осылайша, тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану туралы істі соттың қарауында қайшылықтар бар. Бір соттар тапсырыс берушінің талап арызын қанағаттандыра отырып, өнім берушіні тауарды айырбастауға міндеттейді, осылайша оған Заңда көзделмеген міндет жүктейді. Екінші соттар тапсырыс берушінің мұндай қуыным талаптарын заңсыз деп есептейді, өйткені шартта тауарда ақаулық немесе жасырын кемшіліктер анықталған жағдайда оны айырбастау міндеті көзделген, бұл міндетті бұзған жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуға тиіс.

Біздің ойымызша, соттың соңғы көзқарасы мына себептер бойынша дұрыс деп табылады.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 4.3-тармағына сәйкес (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 19-қосымша), егер тексеру кезінде жеткізілген тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, өнім беруші, тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап cәйкессіздіктерді жою мерзімі ішінде қолданады.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 3.1-тармағы техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтін тауарды айырбастау бойынша өнім берушінің міндетін қамтымайды.

Заңның 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. (Заңның 12-бабының 4-тармағының екінші бөлімі).

Осылайша, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада белгіленгендей, тапсырыс беруші өнім беруші шарт талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Бұл ретте аталған заңнама өнім берушіге тауарды айырбастау бойынша міндет жүктейтіні туралы нормаларды қамтымайды және тапсырыс берушіге мұндай талап құқығын бермейді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты