text
MCFR.KZ Госзакупки

Шартты орындау кезіндегі форс-мажор жағдайлары

  • 9 июля 2018
  • 37
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Шартты орындау кезіндегі форс-мажор жағдайлары

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде туындайтын форс-мажор жағдайлары ұғымы мен оның түрлерін қарастырайық.

Өнім берушілердің шаруашылық қызметінде шарт талаптарын орындау мүмкін болмайтындай жағдайлар туындайды. Бұл мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға да қатысты.

Форс-мажордың тұжырымдамасы мен түрлері

Аталған жағдайда форс-мажор мемлекеттік сатып алу туралы шартты  орындау мүмкін болмайтын еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

Заңнамада және шарттарда форс-мажор әдетте тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

Еңсерілмейтін күш жағдайларын шартты түрде туындау себептеріне қарай былай бөлуге болады:

– табиғи: су тасқыны, өрт, көшкін;

– техногендік: апат, зілзала;

– мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілерінің нәтижесінде туындайтын: соғыс, эмбарго, реквизиция және т. б.

Форс-мажордың пайда болуы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қатысты форс-мажор жағдайларының туындауы мұндай жағдай туындаған тарапты шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамау жауапкершілігін жүктеуден босатады.

Бюджет секвестрі, бақылау шотында жеткілікті қолма-қол ақшаның болмауы сияқты форс-мажор жағдайлары туындағанда тапсырыс беруші шарт бойынша 30 күндік төлем мерзімін өткізіп алуына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттемесінен босатылады.

Өнім беруші өз кезегінде форс-мажор туындағанда өзінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу немесе шарт талаптарын орындамау салдарынан шартты бұзғаны үшін жауапкершілікте болмайды.

Тараптар бір-біріне айыппұл санкцияларын қолданбас үшін, олар қысқа мерзімде еңсерілмейтін күш жағдайларының бар екені туралы хабардар етуге тиіс.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес форс-мажор жағдайлары туындағанда өнім беруші осындай жағдайлар және оның себептері туралы тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулық түспесе, өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты мақсаттылығына сай орындауды жалғастырады және шартты орындаудың форс-мажор жағдайларына байланысты емес баламалы тәсілдерін іздейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жоғарыда көрсетілген ережелері  тікелей азаматтық заңнама нормаларынан келіп шығады.

Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды (ҚР Азаматтық кодексінің  359-бабының 1 және 2-тармақтары).

ҚР Азаматтық кодексінің  361-бабына сәйкес, егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мән-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi орындағанның бәрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарда және ҚР Азаматтық кодексінің 374-бабында көрсетілгендей, егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады.

Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.

Форс-мажорлық жағдайды растау

Тәжірибе жүзінде кәсіпкерлік қызмет субъектісі форс-мажор жағдайын қандай жолмен растау туралы ақпаратқа ие емес.

Бұл саладағы құзырлы органдардың бірі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады, 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады.

Қалған жағдайларда форс-мажор жағдайларының туындағанын куәландыратын мемлекеттік органдар азаматтық қорғаныс және халықты қорғау органдары, құқық қорғау органдары және тағы басқалар болып табылады.

Техногендік немесе табиғи катаклизмдер нәтижесінде форс-мажор туындағанда  «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды:

– жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

– жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері жүзеге асырады.

Осылайша, форс-мажор жағдайлары туындағанда өнім беруші бірінші кезекте бұл туралы тапсырыс берушіні хабардар етуге тиіс, содан соң өзі тапсырыс берушіне ұсынатын тиісті растаушы құжатты алу үшін жоғарыда аталған органдардың біріне жүгінеді.

Сонымен қатар өнім беруші өз міндеттемелерін баламалы тәсілдермен орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.

Сондай-ақ форс-мажор жағдайларының туындауы азаматтардың және заңды тұлғалардың қандай да бір құқықтарының толық жоғалуына әкелмейді. Демек, тіпті форс-мажордың болуы әрқашан да шартты орындаудың мүмкін еместігін білдірмейді.

1. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс.

2. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен шектеулер адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиiс («Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңының 17-бабы).

Жоғарыда баяндалғандар негізінде шектеулі мемлекеттік шаралардың болуы негізді және заңды сипат алуға тиіс және бұған қажеттілік жоқ жағдайларда қолданылмайды деген қорытындыға келуге болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты