ҚРҮ № 1729 қаулысымен бекітілген Қағидалардағы өзгерістер

12
ҚРҮ № 1729 қаулысымен бекітілген Қағидалардағы өзгерістер
Раймжанов Азамат
Эксперт электронной системы "Аctualis" по госзакупкам, автор журнала "Государственный заказ. Вопросы и ответы"
ҚР Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 қаулысына ҚР Үкіметінің 08.11.2017 ж. № 719 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

ҚР Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) қаулысына өзгерістер енгізілді, қандай айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін қарастырамыз.

1. Отандық товар өндірушілерді қолдау бойынша ережелерді анықтайтын Қағидалардың 5-тарауы нақтыланды. Егер ескі редакцияда тауар сатып алуда отандық өндірушілерді қолдау анықталса, Қағидалардың жаңа редакциясында тендердегі (екікезеңдік тендердегі) отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы анықтама беріледі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қоспағанда. Осылайша, өнім беруші отандық тауар өндірушілердің мәртебесі тек тендер және екікезеңдік тендер жариялағанда ғана қолданылады.

2. Қағидаларға 28-тармақ қосылды, онда сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар белгіленді. Оларға мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника өндірісі бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат (лицензия);

2) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген, отандық тауар өндірушінің тауарына арналған тіркеу куәлігі.

3. Отандық тауар өндірушінің құжат ұсынуы бойынша талап қосылды. Осылайша, шарт жасау немесе тауар жеткізудің ұзақмерзімді шартына қосымша келісім жасау кезінде әлеуетті өнім беруші  – отандық тауар өндіруші жеткізілген тауарға «СТ KZ» тауардың ішкі айналыс үшін шығарылуы туралы сертификатын ұсынады.

4. Өзгерістерде баға ұсыныстарын сұрату бойынша хабарландыруды орналастыру мерзімдері айқындалған. Бұрын ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші хабарландыруды орналастыру мерзімі белгіленбегендіктен, мерзімді өз қалауынша белгілейтін. Енді бұл мерзім баға ұсыныстарын түпкілікті қабылдау күніне дейін күнтізбелік 7 күнді құрайды.

5. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер қатыса алады. Бұл жаңалық сатып алу рәсімінің үлкен ашықтығын қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бұрын өнім берушілердің қатысуынсыз ашылатын, тапсырыс берушілер немесе ұйымдастырушылар бұл рәсімді өз бетінше өткізетін. Қағидалардың 110-тармағына сәйкес соңғы өзгерістер бойынша ашылғаннан кейін қорытындылар хаттамасы жасалады, енді оған баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі.

6. Екі кезеңдік тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші өтінім ұсынғанда қосымша мына құжаттарды ұсынуға тиіс:

1) Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екені туралы хат;

2) Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда жеткізу шартын бұзуға келісім туралы хат. Бұл ретте бекітілген нысан жоқ – хат ерікті нысанда ұсынылады.

7. Қағидалардың 314-тармағында бірыңғай дистрибьютор жүзеге асыратын бір көзден алу тәсілімен сатып алудың мынадай негіздемесі қосылды: екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін сатып алу кезінде жүзеге асырады.

8. Қағидалардан отандық өндірушілер үшін жеңілдіктер алып тасталды.

9. Қағидалар 8-1 параграфымен толықтырылды, онда екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайға қатысты ереже көзделген. Мұндай жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алуға құқылы. Хабарландыру берілетін екі кезеңдік тендердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық қызметтердің жалпы жылдық көлемі бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлеміне азаяды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль