Интернетке қолжетімділікті сатып алу

11
Интернетке қолжетімділікті сатып алу
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Интернетке қолжетімділікті сатып алу: конкурс па, әлде баға ұсыныстарын сұрату ма?

Соңғы уақытта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған Интернет желісіне қолжетімділікті сатып алудың камералдық бақылау арқылы қабылданбау фактілері анықталды.

Мұндай шешім «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынатындығымен  уәжделеді.

 «Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Мемлекеттік бақылау комитеті» РММ түсініктемесіне сәйкес: «Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін байланыс қызметіне жатқызған жөн, бұл ретте, 2004 жылғы 5 шілдедегі  № 567 «Байланыс туралы» ҚР Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес, байланыс операторы Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті». Осылайша, Заңның 13-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды. Алайда ұйымдастырушы Заңның жоғарыда көрсетілген талаптарын бұза отырып сатып алу тәсілін дұрыс таңдамады, өйткені сатып алынатын қызметтер 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жіберуді талап етеді. Жол берілген бұзушылықтар аталған сатып алудың қорытындысына әсер етеді».

Бұл пайымдауды мына негіздемелер бойынша қате деп ойлаймыз.

Біріншіден, бұл пайымдауда нормативтік актіге сілтеме жоқ, алайда байланыс саласындағы уәкілетті органның түсіндіруіне сілтеме бар: «Интернет желісіне қолжетімділік қызметтері байланыс қызметіне жатқызылады». Бұл түсіндіру шешуші анықтама болып табылады, Интернет – байланыс қызметі, демек, Интернет қызметінің өнім берушілеріне (провайдерлерге) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес біліктілік талаптарын көрсету қажет, демек, мұндай сатып алуды конкурс тәсілімен өткізу керек.

 «Уәкілетті органның түсіндіруі» сияқты құжат құқық нормасына жатпайтынына назар аударған жөн. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес түсіндіру құқық нормаларына жатпайды, өйткені құқықтық нормаларды белгілей алмайды, өзгерте алмайды, олардың әрекетін тоқтата алмайды, демек, бұл түсіндіруге сілтеме жасау  – заңсыз.

Бұдан бөлек, түсіндірудің өзінде бап нормаларын дәйектегенде дөрекі қате жіберілген – мәтін бұрмаланған. «Байланыс туралы» ҚР Заңында айтылғандай: «Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті», ал камералдық бақылау хабарламасында жазылғандай: «байланыс операторы Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті».

Мұндай еркіндікке құқық нормаларында жол берілмейді. Бұл жағдайда ұқсастық қолданылмайды, өйткені қолданыстағы заңнамада соның негізінде заңды қорытынды жасауға болатын нормалар жеткілікті.

 «Байланыс туралы» ҚР Заңында анықталғандай, байланыс – ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Интернет дереккөз ретінде ақпарат таратудан басқа жоғарыда аталған функцияларды атқармайды.

ҚР Даму және инвестициялар министрінің м. а. 20.01.2015 ж. № 21 бұйрығымен өтінішкердің байланыс қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары белгіленді. Бұл тізбеде интернет-провайдерлер үшін талаптар жоқ.

 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес байланыс қызметтері –лицензияланған қызмет түрі. Байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға лицензия: 1) қалааралық телефон байланысы; 2) халықаралық телефон байланысы; 3) спутниктік жылжымалы байланыс; 4) ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып) үшін қажет. Осы заңға сәйкес хабарландыру тәртібі байланыс қызметтеріне қолданылады, бұл ретте Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметке хабарландыру тәртібі талап етілмейді.

Интернет байланыс ретінде «Байланыс туралы» ҚР Заңының 2-бабының 16-тармағында жанама түрде қарастырылады: байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі. «Байланыс» тарауында Интернет көрсетілген, алайда аталған жіктеуіштің ережелері: а) өнімді оның экономикалық қызмет түрлерімен функционалдық өзара байланысында зерттеу үшін статистикада; б) өнім бойынша статистикалық деректерді халықаралық түрде салыстыруда; в) өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызмет) ұлттық номенклатурасын әзірлеудің негізі ретінде ; г) өнімді сертификаттау мен сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізгенде; д) стандарттау бойынша стандарттар мен нормативтік құжаттар әзірлеуде қолдануға жатады.

Бұдан бөлек, жіктеуіште көрсетілген атауларды егжей-тегжейлі қарастырсақ, әлбетте, Интернет байланыстың дербес түрі ретінде емес, осы қызметті лицензияланған байланыс операторының көрсетуіне байланысты ғана аталады:

  • Кабельдік инфрақұрылым операторынан Интернетке қолжетімділік ұсыну.
  • Сымсыз телекоммуникациялық жүйелер инфрақұрылымының операторынан Интернетке қолжетімділік ұсыну.
  • Спутниктік инфрақұрылым операторынан Интернетке қолжетімділік ұсыну.
  • Интернетке және қоғамдық ғимараттарда телефон байланысына қолжетімділік ұсыну.
  • Клиенттер мен тәуелсіз және телефон желілері бойынша қолжетімділік ұсынатын провайдерлер сияқты басқа интернет-провайдерлердің бақылауына жатпайтын интернет-провайдерлер арасында орнатылған желілер арқылы Интернетке қолжетімділік ұсыну, т. б.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында Интернет құқық объектісі ретінде тауар (трафик сатылады және сатып алынады), өзге де байланыс құралдарымен ұқсастығы бойынша ақпарат жеткізудің техникалық құралы (статистикалық деректерді өңдегенде экономикалық қызметтің ортақ кодын (ЭҚОК) анықтау үшін) және бұқаралық ақпарат құралы (ақпаратты жариялау үшін) ретінде қаралады.

 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңында «бұқаралық ақпарат құралы»  ұғымына анықтама беріледі: бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны. бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат.

Аталған заңда бұқаралық ақпарат құралы қызметін ұйымдастыру да реттелген: «Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады. Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды» (5-бап).

Интернетке қолжетімділік трафигі провайдерлерден сатып алынады.

Инетрнет провайдері – қалаған адамдарға Интернетке қолжетімділік пен осыған байланысты басқа да қызметтерді ұсынатын компания (ұйым). Провайдерлер бастапқы немесе магистральді болады, яғни меншігінде магистральді интернет-желілері бар, сондай-ақ магистральді провайдерлерден байланыс арналарын жалға алатын қосалқы болады.

Интернет – іс жүзінде бүкіл әлемді қамтитын жаһандық коммуникациялық желі.  Оның жұмыс істеуі өткізу қуаттылығы орасан зор магистральді арналармен, оның ішінде мұхит түбіне салынған арналармен де сүйемелденеді. Бірнеше бастапқы құрлықаралық провайдерлер ұлттық немесе аймақтық операторларға трафик сатады, олар өз кезегінде, Интернет абоненттеріне тікелей қызмет көрсететін жергілікті провайдерлерге арна ұсынады.

Түрлі деңгейдегі провайдерлердің өзара қарым-қатынасы халықаралық және (немесе) ұлттық азаматтық-құқықтық шарттармен реттеледі, оған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар да жатады. Яғни трафикті сату-сатып алу жүргізіледі.  Интернет трафигін сатып алуға, содан соң сатуға арнайы рұқсат немесе мұндай сату-сатып алу туралы хабарлама тәртібі заңнамада көзделмеген.

Осылайша, заңнамада белгіленгендей, жеткізу құралы ретінде Интернет лицензияланған байланыс операторлары үшін статистикалық деректерді өңдеу кезінде экономикалық қызметті анықтағанда ескеріледі,  ал ақпарат көзі ретінде – бұқаралық ақпарат құралына жатады, бұл ретте Интернет желісі қызметіне қолжетімділік ақпарат тасымалдаушыға  ресурс ретіндегі сияқты арнайы рұқсатты талап етпейді және хабарламалық сипаты жоқ.

Менің ойымша, сатып алу тәсілін анықтаумен байланысты проблема сатып алу мәнін дұрыс таңдамаудан туындады. «Интернеттің көрсетілетін қызметтері» мемлекеттік сатып алуы мәні бойынша тауар – трафик (электр энергиясымен ұқсастық жүргізуге болады, ол да тауар болып табылады, электр энергиясын ұсыну бойынша көрсетілетін қызмет емес) сатып алу болып табылады. Бұл ретте тапсырыс беруші трафикті өнім берушінің қосымша жабдықты ұсынуынсыз, бұрын орнатылған жабдықты пайдалануымен сатып ала алады, сол арқылы мемлекеттік қаржыны айтарлықтай үнемдейді.

Қорытынды: Интернетке қолжетімділікті сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізуге жол беріледі. Алайда конкурсты сатып алу тәсілі ретінде – Интернетке қолжетімділіктің өнім берушісін анықтағанда бәрібір қолдануға тура келеді, мына себептер бойынша:

  1. егер сатып алудың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асса;
  2. интернет күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктің ТЖҚ тізбесіне енетіндіктен, конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге, тапсырыс берушілердің алдыңғы шарттың мерзімін конкурс қорытындылары шығарылғанға дейінгі мерзімге ұзартуға мүмкіндігі бар (2 айдан аспайтын), бұл ретте конкурс жылдың бірінші айында жариялануға тиіс. Егер алдыңғы өнім беруші шартты ұзартудан жазбаша түрде бас тартса, тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 53) тармақшасы негізінде Интернетке қолжетімділікті бір көзден алу тәсілімен сатып ала алады, бұл ретте де конкурс жариялауға тиіс. Конкурс жариялағанда тапсырыс беруші өнім берушілерге байланыс операторларына сияқты біліктілік талаптарын белгілеуге тиіс емес.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль