Мемлекеттік сатып алуға енгізілген өзгерістер

39
Мемлекеттік сатып алуға енгізілген өзгерістер
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер қолданысқа кірді.

2017 жылдың соңында біз 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуға енгізілетін өзгерістерді шамалап зерттеп көрдік.

Уәкілетті орган шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алудың құндық мәнін 500 АЕК-ке дейін ұлғайтуды, сондай-ақ «бірін-бірі алмастыратын» деген терминді алып тастай отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біркелкілігі ұғымының тұжырымдамасын өзгертуді ұсынды.

Одан бөлек, өнім беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеген және шарттық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз беруді алып тастау ұсынылды.

Сонымен қатар әлеуметтік өнім берушілерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізу кезінде туындаған дауларды сотқа дейінгі реттеуді кіріктіру ұсынылды. Ұсыныстар көп болды және олардың бәрі тапсырыс берушілердің де, өнім берушілердің де құқығын қорғауға бағытталып қоймай, тұтас алғанда мемлекеттік сатып алу жүйесін әрі қарай жетілдіруге бағдарланды.

Өзгерістерді толығырақ қарастырайық

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына 2018 жылы 1 қаңтарда енгізілген өзгерістер кедендік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты ғана енгізілді. Жаңа редакцияда 43-баптың 21-тармағында былай баяндалған: «21. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтуға тиіс». Бұл норма ескі редакцияда Кеден одағының кеден заңнамасына сілтемені қамтитын, қазір ол Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден заңнамасы деген сілтемеге өзгертілді. Бұл «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына айтарлықтай өзгерістер енгізілмеді деген сөз.

Өзгерістер заңға қосымша акт болып табылатын ҚР Қаржы министрінің 11.12.2016 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына да (бұдан әрі – Қағидалар) енгізілді. Бұл құжатқа енгізілген өзгерістер кейбір бөлімде негізді мәнге ие емес – олар тек қолданыстағы нормаларды нақтылайды және толықтырады. Алайда бұл ретте айтарлықтай өзгерістер де бар.  

Қағидалардағы өзгерістер

Жоспарлау

13-бап мынадай редакцияда баяндалған:

«Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;

2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды».

Демек, бұл тапсырыс берушілер (мемлекеттік мекемелерден басқасы) қажет жағдайда жоспарға айына бір реттен артық өзгерістер енгізе алады деген сөз. Барлық тапсырыс берушілердің (бірін қалдырмай) тек камералдық бақылаудың тексерісінен кейін ғана және жылдық бюджетті өзгерту кезінде ғана жоспарға бір реттен артық өзгеріс енгізуіне болады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу

Техникалық ерекшелікті әзірлегенде тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікті Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын (бар болған жағдайда) көрсете отырып әзірлей алады. Ескі редакция техникалық ерекшелікте үкіметтік емес стандарттардың (ұлттықтан басқа) көрсетілуін көздейтін.

Осылайша, енгізілген өзгерістер белгілі бір өндірушілердің мүдделерін лоббилендіру мүмкіндігін жоққа шығарады.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

1. Қағидалардың 60-тармағында конкурстық комиссия төрағасын айқындау тұжырымдамасы нақтыланған.

2. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары бойынша, Қағидалардың 85-1-тармағы жаңа редакцияда былай баяндалған:

«Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Құрылыс жұмыстары (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде әлеуетті өнім берушілердің материалдық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) болып табылады».

Осы тармақтың ескі редакциясын еске түсірейік:

«Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі. Егер техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса қажетті материалдық және еңбек ресурстары құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде көрсетіледі.

Жобалау-сметалық құжаттамада құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлім болмаған жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде осындай қажеттілікті көрсететін құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесі әзірленеді және жобалаушымен келісіледі.

Бұл ретте құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесінде әлеуетті өнім берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы туралы талап көрсетіледі. Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерінің көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысын қоса атқаруға жол берілмейді».

Бұл норманың айтарлықтай өзгерісі құрылыс жұмыстарына, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН), жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) және қала құрылысы жобаларын (ҚЖ) әзірлеу бойынша конкурс өткізгенде әлеуетті өнім берушілердің өз біліктілігін белгілі бір машиналарының, механизмдерінің және еңбек ресурстарының болуымен растау қажеттігінің жоқтығы болып табылады. Бұл ұйымдастырушылардың өнім берушілерден машиналардың, механизмдердің және жұмыскерлердің белгілі бір санының болуын талап етуге құқығы жоқ деген сөз. Қағидаларда айқындалғандай, «материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы талаптар құрылыс жұмыстары (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама және қала құрылысы жобаларын әзірлеу  бойынша мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды».

Бұл өзгеріс тиісті лицензия болған жағдайда әлеуетті өнім берушілердің тиісті біліктілікке ие екендігімен шартталған. Нәтижесінде конкурстық комиссия мүшелерінің конкурстық өтінімдерді бағлау кезіндегі субъективтік тәсілі, демек, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін заңсыз қабылдамау жойылады.

Бұдан бөлек, Қағидаларда айқындалғандай, құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті рұқсаты (лицензия) бар және қолданыстағы объектілердің ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарының мемлекеттік сатып алуына қатысушы әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады. Яғни, егер ағымдағы жөндеу конкурсына құрылыс жұмыстарына лицензиясы жоқ өнім берушілер қатысса, олар материалдық және еңбек ресурстары туралы мәлімет ұсынуға тиіс. Егер өнім берушілерде I, II немесе III санатты лицензия болса, олар мұндай мәлімет ұсынбайды. Айта кету керек, ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау – лицензияланбаған қызмет түрі.

3. Қағидалардың 156-тармағы өзгерді (шартты жеңілдік беру): «Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді». Ескі редакцияның тұжырымдамасынан ұсынылатын тауарлардың үкіметтік емес стандарттарға сәйкестігін ерікті түрде растау туралы құжаттың болғаны үшін шартты жеңілдік беру талабы алып тасталды.

4. Қағидалардың 442-тармағымен жұмыс тәжірибесі әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талабы ретінде белгіленген сатып алу көлемі өзгертілді. Егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома 50 000 АЕК-тен (тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері) асатын болса, кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі және егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома 200 000 АЕК-тен (тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері) асатын болса, кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болу керек. Ескі редакцияда сәйкесінше 100 және 250 АЕК болатын.  

Демпинг

Ағымдағы жөндеу бойынша электрондық конкурс өткізу кезінде демпингті анықтаудың жаңа нормасы енгізілді. Қағидалардың 174-1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарға конкурсқа қатысуға арналған өтінім бағасы конкурсқа бөлінген бағадан 40 %-дан аса төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу

Қағидалардың 233, 234, 237 және 240-тармақтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін сатып алу кезінде конкурсқа әлеуетті өнім берушілерді жіберу жөніндегі талаптар нақтыланған.

Осылайша, Қағидалардың 233-тармағымен әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттары өзгертілді. Бұл бәрінен бұрын:

2) әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының тапсырыс беруші сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);

3) егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі).

Қағидалардың 237-тармағымен конкурсқа жіберу өлшемшарттары азайтылды: техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 8 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (ескі редакцияда – 11 балл).

Қағидалардың 240-тармағына сәйкес конкурсқа жіберілетін әлеуетті өнім берушілер үшін шартты жеңілдіктер төмендетілді:

«1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 10 баллдан 15 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10 %-ға шартты азайтылады;

2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 16-дан 20-ға дейінгі баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20 %-ға шартты азайтылады;

3) гер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 20 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30 %-ға шартты азайтылады».

Бірыңғай ұйымдастырушының сатып алуы

Сараптау комиссиясын құру туралы шешім қабылдайтын тұлға өзгертілді (Қағидалардың 274-тармағы). Жаңа редакцияда мұндай тұлға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам болып табылады. Ескі редакцияда мұндай өкілеттікке бірінші басшы не ұйымдастырушыны алмастыратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам ие болатын.

Шарт жасасу мерзімдері

Қағидалардың 391-тармағында екінші орын алған өнім берушінің шартқа қол қою мерзімдері бойынша норма анықталған. Баға демпингті ескеру арқылы анықталатын конкурстарда шартқа қол қою мерзімдері мынадай түрде айқындалады: егер конкурс жеңімпазы шартқа қол қойғаннан кейін шарттың орындалуын қамтамасыз етуді  10 жұмыс күні ішінде енгізбесе, шарт қол қойылмады деп есептеледі, ал ұйымдастырушы шарт жобасын екінші орын алған өнім берушіге жібереді.

Қалған өзгерістер Қағидалардың қосымшаларына енгізілді және жоғарыда айтылған өзгерістерді қамтиды.

1. Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша «Біліктілігі туралы мәліметтер» қайта өңделді.

5-қосымшаның: «Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналарының, механизмдері мен автокөлік құралдарының не растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркей отырып, жұмыстарды орындауға қажетті осындай құрылыс машиналарының, механизмдері мен автокөлік құралдарының болуы туралы мәліметтерді көрсетеді» деген 3-тармағы 3-тармаққа мынадай тұжырымдамамен өзгертілді: «Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстарды орындау үшін қажетті растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар екені туралы мәліметтерді көрсетеді».

5-қосымшаға 5-тармақ енгізілді: «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәлімет болмаған жағдайда, рұқсаттың (лицензия) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (лицензия) бар екені туралы мәліметтер».

2. «Біліктілігі туралы мәліметтер» деген 6-қосымшаға ұсынылатын қызметтер бойынша тиісті өзгерістер енгізілді.

3. Конкурстық құжаттамаға 12-қосымша «Әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттары» өзгертілді.

Бұл өзгерістер толығырақ жоғарыда көрсетілген.

4. 19, 20, 21-қосымшаларда нақтыланғандай, егер тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты өнім берушіге шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда тапсырыс беруші өнім берушіге кешіктірілген әр күн үшін шарттың тиесілі сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, бұл төлемдер әрқашан іске асырылады (және жаңа редакцияда – мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында деген сөз қосылды).

5. 22-1, 22-2 және 22-3-қосымшаларға электрондық актілердің күніне қатысты өзгерістер енгізілді. Өзгеріс енгізілгенге дейін электрондық актіні жасау күні өнім берушінің актіні жасауының тиянақталған күні болып табылатын, қазіргі кезде тапсырыс берушінің актіге қол қою күні мен уақыты тіркеледі.

Осылайша, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар дабыра түрдегі болжалды өзгерістерді көре алмады, дегенмен бұл ретте аталған мақаладағы өзгерістер  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесіне салмақты түзетулер енгізді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль