Мемлекеттік сатып алу жоспарын орындамаудың салдарлары

13
Мемлекеттік сатып алу жоспарын орындамаудың салдарлары
Клопова Екатерина Григорьевна
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында орындалмаған тармақтар қалған жағдайда тапсырыс берушіні қандай айыппұлдар күтіп тұр?

Мемлекеттік сатып алуға қатысы бар мамандар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) негізінде әзірлейтінін және бекітетінін біледі.

04.12.2015 ж. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» (бұдан әрі – Заң) ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағында айтылғандай:

«Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (даму жоспарының) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді».

Бюджетті бекіту бюджеттік өтінім негізінде жүргізіледі. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасаған құжаттамалар жиынтығын білдіреді.

Даму жоспарын бекіту акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі МК, АҚ және ЖШС қызметінің негізгі бағыттары мен қаржылық-шаруашылық көрсеткіштерін анықтау негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік өтінімнің даму жоспарынан айтарлықтай айырмашылығы – оның алғашқысы әрбір позиция, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әр түрі бойынша жоспарланған шығыстардың толық тізімін қамтиды, ал даму жоспары шығыстардың жинақталған бағытын қамтиды. Мұндай шығыстар мемлекеттік сатып алу жоспарына шығыстар жоспарын тарата түсіндіру негізінде енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бюджеттік өтінімнің/шығыстар жоспарының шығыстарды жоспарлаған кезде ҚҚС-ты қамтыған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ТЖҚ) бойынша қосымша құн салығының (ҚҚС) сомасын шегерудің көрінісі болуға тиіс.

Бюджеттік өтінімде/шығыстар жоспарында көзделген барлық ТЖҚ мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына көшірілуге тиіс.

Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын ерекшеліктер бойынша ҚҚС шегерілген бюджеттік өтінім сомасы ТЖҚ-ны мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарының сомасына тең болуға тиіс. ҚҚС шегерілген даму жоспарының шығыстар сомасы шығыстар жоспарын таратып жазудан жылдық жоспарға көшірілген барлық шығыстардың сомасына тең болуға тиіс.

Жылдық жоспарды орындау процесінде бюджеттік өтінім де, шығыстар бөлігіндегі даму жоспары да орындалады.

Тапсырыс берушілерде мемлекеттік сатып алудың веб-порталында «Шартты үнем есебіне сатып алулар» статусы не үшін тұр деген сұрақ туындауы мүмкін. Дәл сол бюджетке және мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес ашылады.

Мысал: 

Тәжірибе жүзінде бұл қалай көрінеді. Айталық, бюджеттік өтінімде/шығыстар жоспарында мынадай ТЖҚ сатып алу жоспарланған:

Тауар A – 1 000 теңге

Тауар B – 2 000 теңге

Көрсетілетін қызмет C – 3 000 теңге

Жұмыс D – 4 000 теңге

______________

Барлығы 10 000 теңге

ҚҚС-ты алып тастаймыз және мемлекеттік сатып алудың алғашқы бекітілген жылдық жоспары мынадай түрде көрінеді:

Тауар A – 892,86 теңге

Тауар B – 1 785,71 теңге

Көрсетілетін қызмет C – 2 678,57 теңге

Жұмыс D – 3 571,43 теңге

______________

Барлығы 8 928,57 теңге

A тауарын сатып алу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнім беруші – ҚҚС төлеуші 500 теңге бағасымен ұтып алды. Бұл жерде бізде шартты үнем пайда болады: 892,86 - 500 = 392,86 теңге.

B тауарын сатып алу кезінде қорытынды баға 1200 теңгені құрады, алайда өнім беруші ҚҚС төлеуші емес. B тауарын сатып алу кезіндегі шартты үнем: 1785,71 - 1200 = 585,71 теңгені құрады, бұдан бөлек, 214,29 теңге мөлшерінде ҚҚС төлеу үшін көзделген сома босатылды.

Тауарларды сатып алу бойынша шартты үнемнің жалпы сомасы 978,57 теңгені (392,86 + 585,71) құрады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарын ұлғайту сомасы – ҚҚС-ты шегергенде 214,29 теңге.

Тапсырыс берушіде 800 теңге тұратын E тауарын сатып алуда қажеттілік туындады, Заңның   39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша сатып алу жоспарланды, өнім беруші – ҚҚС төлеуші. Есеп жүргіземіз: 978,57 : 1,12 = 873,72 теңге (бұл ҚҚС-сыз үнем сомасы). Осылайша, тапсырыс беруші жылдық жоспарға өзгеріс енгізеді және 800 теңге сомасына Е тауарын қосады немесе барлық бос қаражатты иемдену үшін, барлық үнем сомасы 978,57 теңге, бірақ 800 теңгеге шарт жасай отырып, тағы да үнем туындайды.

Бұдан бөлек H қызметін сатып алу қажеттілігі өткір түрде туындайды, дегенмен оған ақша салынбаған. Сондықтан тапсырыс беруші жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын пайдалана отырып, техникалық түрде Н қызметіне жоспарланған C қызметін ауыстыра алады.

Мемлекеттік сатып алудың екінші бекітілген жылдық жоспары мынадай түрде көрінеді:

Тауар A – 892,86 теңге орындалды

Тауар B – 1 785,71 теңге орындалды

Көрсетілетін қызмет C – шығарылды

Көрсетілетін қызмет H – 2 678,57 теңге

Жұмыс D – 3 571,43 теңге

______________

Барлығы 8 928,57 теңге

Шартты үнем есебіне сатып алу:

Тауар E – 978,57 теңге

Жылдық жоспарды орындау шамамен осылай жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алу жоспары бюджеттік өтінімге/шығыстар жоспарына сәйке келуге тиіс. Түзету туындаған жағдайда бюджеттік өтінімді/шығыстар жоспарын түзету керек. Нәтижесінде сатып алу жоспары тізбе бойынша шартты үнем есебіне сатып алуды қосқанда бюджеттік өтініммен/шығыстар жоспарымен сәйкес келуге тиіс (мемлекеттік сатып алу жоспарының сомасы бойынша сәйкес келмейді, бірақ жасалған және орындалған шарттардың сомалары бойынша қорытындысында сәйкес келуге тиіс).

Егер қандай да бір тауар (жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) тапсырыс берушіге қажет болмаса, әдетте мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізіледі және оның орнына қажетсіз тауар (жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) сомасына басқа тауар сатып алынады.

Барлық түзетулер жылдық бюджет шегінде жүргізілуге тиіс.

Егер жоспардың орындалмаған тармақтары қалса, сәйкесінше тапсырыс берушіде де ақша қалуға тиіс. Егер ақша басқа ТЖҚ-ға жұмсалса, ал жоспар тармақтары жылдың аяғына қалса, олар жоюға жатпайды, тиісінше оларды тек мемлекеттік сатып алудан бас тарту жолымен ғана шығаруға болады.

Қандай негізде мемлекеттік сатып алудан бас тарту қажет және сатып алу жоспарын толығымен орындауға қол жеткізбеген жағдайда тапсырыс берушіні қандай жазалар қолданылатындығы туралы «Actualis» электрондық жүйесінен оқуға болады.​



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль