text
MCFR.KZ Госзакупки

2018 жылы сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері

  • 13 декабря 2017
  • 90
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
2018 жылы сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері

Бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру процесін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

Бюджеттік ұйымдарда қаржылық қаражатты тиімді жоспарлау мәселесі ең өзекті де басым мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның жұмыс істеу тұрақтылығы қаржының қалай жұмсалатынына, сондай-ақ оның қайда инвестицияланатынына байланысты.

Бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру процесін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ҚР бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, қаржы жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында есептеледі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) негізінде әзірленеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады.  

Осылайша, біз кәсіпорындағы мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың жұмысы жоспарлау-экономика бөлімінің жұмысымен тығыз байланысты екенін көреміз.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәліметтер:

1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік кәсіпорынның шығыстары, еңбекақы төлеу, салықтар, мемлекеттік құпияға жататын шығындар, іссапар шығындары мен өзге де күтпеген шығындардан басқасы, мемлекеттік сатып алудың жоспарына ауысады.

Мемлекеттік сатып алу жоспары бір қаржы жылына жасалады. Бірақ сатып алу жағдайында бұған жатпайтын жайттар да кездеседі:

1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) ҚР Қарулы Күштерiнің, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;

5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

Мұндай ерекшеліктер «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында тек мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар үшін ғана қарастырылған.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасай алады.

Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу ҚР бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана жасасуға жол берiледі.

Ұйымның даму жоспары жоспарланған жылға баптар бойынша шығыстар жоспарын білдіреді және жалақы төлеу қорына, салыққа, азық-түлік өнімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға жұмсалатын шығындарды, негізгі қаражатты, материалдық емес активтерді қамтиды.

Сатып алуды жоспарлаған кезде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларына ерекше көңіл бөлу керек.

Сатып алу бағасы мен субъектілер тұрғысындағы бағалар, оның ішінде жылдар бойынша бағалар статистикасы қалыптастырылған мемлекеттік сатып алудың республикалық порталының басты парағында бағалар модулі қарастырылған.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер бағаларының деректер базасы мемлекеттік сатып алу веб-порталының бөлігі болып табылады және мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғары бағалары туралы мәліметтерді қамтиды.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасымен белгіленген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер бағаларының деректер базасын экономистер мен мемлекеттік сатып алушылар шығыстардың түрі бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде қолданады. Базаны тиісті жылға бюджетті қалыптастыру кезінде тапсырыс берушінің шығыстарын жоспарлау сатысында пайдаланады.

Егер тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жоспарланған бағалары орташа статистикалық бағадан жоғары болса, онда бұл қаржылық бақылау органдарының бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен пайдалану туралы мәселені қарауының алғышарты болып табылады.

2018 жылға сатып алуды жоспарлаған кезде сатып алудың жылдық сомасына, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің (мәселен, лицензиялауға жататын) жылдық сомасына сүйене отырып, сатып алуды жүзеге асыру тәсілін дұрыс анықтау керек.

Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 5 тәсілі көзделген:

1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс);

2) аукцион;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) бір көзден алу;

5) тауар биржалары арқылы.

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларға ерекше көңіл бөлу керек. Мұндай сатып алу жағдайлары «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының 39-бабының 3-тармағында көзделген.

Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы.

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастырған кезде «Жеткізу мерзімі» бағаны көрсетіледі.  

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс («Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 43-бабының 22-тармағы).

 «Жеткізу мерзімі» бағанында: «тапсырыс берушінің өтінімі бойынша» деп көрсетуге болады. Бірақ бұл жағдайда шартқа қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші өнім берушіге жазбаша нысанда өтінім жіберуге міндетті, бұл ретте жеткізу мерзімі де күнтізбелік 15 күннен кем болмауға тиіс.

Біртектес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу керек.

Мемлекеттік сатып алудағы маңызды аспектілердің бірі  оған әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары – мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуы болып табылады.

Сатып алу жоспарын жасаған кезде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді анықтап алу керек.

Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және ҚР  мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен айқындалған.

Мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру (жоспарлау сәтінен бастап шарт міндеттемелерін орындағанға дейін) мемлекеттік сатып алу қағидаларын мүлтіксіз сақтауды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны тиімді және оңтайлы жұмсауды, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді талап етеді.

Мақаланы қорытындылай келе, шығыстарды тиімді жоспарлау мемлекеттік бюджеттің барынша орындалуын қамтамасыз ететін фактісін атап өтеміз. Ал бұл өз кезегінде мемлекет есебінен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен мекемелердің тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жарғыларында көзделген  мақсаттар мен міндеттердің табысты орындалуына септеседі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты