text
MCFR.KZ Госзакупки

Тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану

  • 20 февраля 2018
  • 28
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді деп тану

Тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес келу үшін соттың өндіруші дайындамайтын тауарды жеткізу жөнінде міндеттілік жүктеген кезіндегі сот тәжірибесі жағдайы.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 28-тармағында тауарларға анықтама берілген, тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар.

Заңның 13-бабында көзделген тәсілдердің кез келгенімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың талап етілген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлейді. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қарама-қайшы келмеуге тиіс. 

Өнім берушіге келетін болсақ, оған Тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартының (бұдан әрі – Үлгілік шарт) 3-бөлімі 3.1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындау міндеті жүктеледі.

Үлгілік шарттың 4.2-тармағына сәйкес жеткізілген тауар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

Алайда тапсырыс беруші әрдайым сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігін техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірлей ме және өнім беруші онда көрсетілген талаптарды толық көлемде орындай ала ма? Аталған мәселені заңдық тәжірибе тұрғысынан қарастырайық.

Автомобильдік көлік құралдарын сатып алу

ҚР Қаржы министрінің м. а. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы автомобильдік көлік құралдарын сатып алуға мынадай талаптармен конкурс жариялады: жүк таситын, борттық, қалқаланған, жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, дөңгелек формуласы 6х6 автомобильдер. Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау: автомобиль шанағы жеке құрамды тасу үшін платформасы 4980х2420 мм көлеміндегі орындықтармен жабдықталуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің міндетті құжаттарының бірі сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (конкурстық құжаттамаға 3-қосымша) болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші жеткізген тауарлардың техникалық ерекшелігінде  тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып), шығарылған жылы және дайындаушы зауыттар туралы мәліметтер ұсынылады.

Өткізілетін конкурстың техникалық ерекшелігінде өнім беруші сатып алынатын тауар туралы мынадай ақпарат ұсынды: жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, дөңгелек формуласы 6х6, қалқаланған КамАЗ-44108 борттық оқу автомобилі. Автомобиль шанағы жеке құрамды тасу үшін платформасы 4980х2420 мм көлеміндегі орындықтармен жабдықталған.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу 

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін тексеру кезінде конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп таныды. Бұл берілген жалғыз өтінім еді, сондықтан Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 180-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды  бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Қағидалардың 368-тармағына сәйкес  конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

Бұл ретте Қағидалардың 364-тармағына сәйкес, жүргізілмеген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға шақырылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, егер ол осы конкурсқа (аукционға) жіберілген жағдайда, осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға қайта табыс етпеуге құқылы.

Шақыруда қамтылған мәліметтер жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасы (аукциондық құжаттамасы) шарттарына сәйкес болуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімді қайтадан ұсынбау құқығына қарамастан,  соңғысы оны біліктілік талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру үшін ұйымдастырушыға қайтадан жіберді. 

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды (Қағидалардың 365-тармағы).

Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттар тағы да конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес деп танылды.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Тауардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі

 Тапсырыс беруші мен өнім беруші конкурс тәсілімен өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен тауарды (КамАЗ-44108, борттық оқу, қалқаланған) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Алайда көлік құралын тіркеу есебіне тұрғызғаннан кейін тапсырыс берушіде жеткізілген тауардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігіне қатысты күмән туындады.

Тапсырыс беруші көлік құралының техникалық жай-күйі, оны ортақ пайдалану жолдарында қауіпсіз пайдаланудың техникалық регламентіне сәйкестігі, сондай-ақ тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келуі туралы мәселелермен бағалау жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар бағалау компаниясының мамандарына жүгінді.

 Жеткізілген тауардың (КамАЗ-44108) ортақ пайдалану жолдарында қауіпсіз пайдаланудың техникалық регламентінің және тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келетіндігі туралы мамандардың қорытындысын алғаннан кейін, тапсырыс беруші жеткізілген тауарға қайтадан зерттеу жүргізуді шешті.

Басқа мамандар қайта жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, жеке құрамды тасуға ешқандай КамАЗ-44108 моделінің ершікті автомобиль-тартқышы емес, шанағының мөлшері 4800х2320 болатын КамАЗ-43114 моделіндегі автомобиль  арналған. КамАЗ-44108 моделі техникалық сипаттамасына сәйкес ершікті автомобиль-тартқыш болып табылады және құрылымдық жағынан жеке құрамды тасуға арналмаған. КамАЗ-44108 автомобилі көліктік құрал құрылымына өзгерістер енгізуді қажет етеді, бұл ершікті-тіркеу қондырғысын демонтаждауда және алынатын қалқасы бар борттық платформа орнатуда көрінеді.

   Бұл ретте жоғарыда көрсетілген мамандар жасалған шарттың техникалық ерекшелігінде КамАЗ-43114 моделі емес, КамАЗ-44108 моделі көрсетілгенін назарға алмады; көлік құралы жол полициясы органдарында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына жауап беретін көлік ретінде тіркеу есебіне қойылды; дайындаушы зауыт хатында автомобильдің KамA3-4311 сияқты толық жетекті КамАЗ автомобильдері тобына сәйкес келетіні көрсетілді.

Сонымен, мамандардың бір-біріне қайшы келетін екі қорытындысы болса, тапсырыс беруші жеткізілген тауарды техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келетін тауарға айырбастау туралы талаппен сотқа жүгінеді.

Сот жеткізілген тауарды басқасына айырбастау жөніндегі талапты қанағаттандыру туралы қорытындыға келді. Мұндағы басты дәлел жеткізілген тауардың ершікті тартқыштан борттық автомобильге қайта жабдықталғаны болды, демек, жаңашылдық принципі жойылды.

Бүгінгі күні мұндай тауарды өндіруші жасамайтындықтан, өнім берушіге сот шешімін орындау мүмкін болмай отыр. Сондықтан тауар басқа функционалдық сипаттамаларымен дайындалатындықтан, қайта жабдықтауға ұшырамауы мүмкін емес.

Осылайша, істің аталған санаты бойынша сот тәжірибесі мынадай: тіпті техникалық ерекшеліктің талаптарына жауап беретін тауар жеткізілгеннің өзінде, сот өнім берушіге тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келу үшін оған өзгерістер енгізбестен, өндіруші дайындамайтын тауар жеткізу бойынша міндеттеме жүктеуі мүмкін.

Мұндай сот тәжірибесінің дәлелі ретінде 2017 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының №6309-17-00-2/2154, 6309-17-00-2/2489 және №6309-17-00-2/2540 істер бойынша шығарған шешімдері жатады. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты