Мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату

2
Мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату
Романов Андрей
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаудың неге әкеп соқтырады?

Камералдық бақылау тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы өткізетін рәсімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен нақты бармай-ақ тексеруді жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты – бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мынадай ден қою шаралары қабылданады:

1) барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымдық тұлғалар орындауға міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;

2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттікті қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР заңнамасында көзделген құзыреттілік шегінде әкімшілік іс қозғау.

2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.

Мемлекеттік аудит объектісі камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

Заңның 32-бабының 1-тармағында айтылғандай: «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын басқаруға және қолдануға байланысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады» (Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген операциялар мен ақша алу жағдайларын қоспағанда).

Аталған тармақтың әрекеті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Осылайша, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік ішкі аудит комитетінде (бұдан әрі – Комитет) бақылау объектісінің хабарламасына шағым жасау кезеңіне ол өз әрекетін тоқтатады. Егер бақылау объектісінің шағымын Комитет қанағаттандырмаса, онда ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 3-параграфына сәйкес, Комитет қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары бойынша (корреспонденттікті қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарады.

Өкім оны қазынашылық органы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алған күннен бастап күшіне енеді.

Комитет қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату себебі жойылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей қазынашылық органдарына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өкімнің күші жойылғаны туралы құжат жіберу жолымен өкімнің күшін жояды.

Егер мемлекеттік аудит объектісі қарсылық жазбаса, бірден сотқа жүгінсе, онда Комитеттің өкімі оны заңсыз деп тану туралы соттың шешімі шыққанға дейін немесе шығыс операцияларын тоқтату себебі жойылған жағдайда Комитет оны жойғанға дейін заңды күшінде болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль