ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінің жобасы туралы

10
ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінің жобасы туралы
«Виртуалды қойма», электрондық шот-фактуралар сияқты, салықтық әкімшілендіру құралына жатады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіруі маңызды оқиғалардың біріне айналды, соның арқасында импорттаушыларда тауарларды төмендетілген кеден бажының мөлшерлемесі бойынша әкелу мүмкіндігі пайда болды. Алайда Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО, Одақ) болашақ мүшесі бола отырып Қазақстан да ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифін (бұдан әрі – БКТ) қолданады. Бірақ бұл ретте бірқатар тауарларға ДСҰ мөлшерлемесі бойынша қолданылатын кедендік тарифтер ЕАЭО БКТ-нен төмен болып шықты, соның салдарынан мұндай тауарлар Қолданыстан алу тізбесіне түсті.

Қолданыстан алу тізбесі – ҚР аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінетін тауарлар тізбесі, оларға төмендетілген баж мөлшерлемесі, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылады. Тізбеге  1347 позиция бойынша тауарлар енгізілген.

Қолданыстан алу тізбесіне енгізілген тауарларға тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін, ДСҰ мөлшерлемесі бойынша ҚР аумағына әкелінетін тауарларды кедендік рәсімдеу жеке кедендік декларациямен (бұдан әрі – КД) рәсімделеді. Сонымен қатар электрондық шот-фактураларда КД нөмірі мен тауардың реттік нөмірі (КД-да көрсетілген) және кеден бажының өзінің мөлшерлемесі (ДСҰ немесе ЕАЭО БКТ) көрсетіледі. Құжаттар міндетті тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылады, бұдан соң олар ЕАЭО елдерінің шекарасынан өткенде тауарлардың ілеспе құжаттары болып табылады.

Осылайша, Қолданыстан алу тізбесіне енгізілген  тауарлар ҚР аумағына ДСҰ мөлшерлемесі бойынша, бірақ Қазақстан шегінен тыс шығару құқығынсыз әкелінеді немесе ЕАЭО елдерінде оларды әрі қарай өткізу үшін ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша әкелінеді.

 «Виртуалды қойма» жасаудың алғышарттары

2015 жылы 16 қазанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары ДСҰ-ға кіру шеңберінде Қазақстанның тарифтік міндеттемелерін имплементациялауға қатысты құжатқа қол қойды.

Анықтама үшін: имплементация (халықаралық құқық) (англ. implementation – өткізу, жүзеге асыру, орындау) – халықаралық міндеттемелерді халықаралық-құқықтық нормаларды ұлттық заңдар мен заңға тәуелді актілерге трансформациялау жолымен мемлекетішілік деңгейде іс жүзінде жүзеге асыру. Бірқатар мемлекеттерде  ратификацияланған халықаралық шарттар автоматты түрде ұлттық заңнаманың бөлігіне айналады.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес Қазақстан Қолданыстан алу тізбесіне енгізілген  тауарларды ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумағына шығаруға жол бермеу туралы өзіне міндеттеме алды.

Аталған шешімді жүзеге асыру үшін, Қазақстанға Одаққа қатысушы басқа елдерге шығарылатын тауарлар тізбесіне енгізілетін тауарларды есептеу жүйесі қажет болды.

Тауарлар қозғалысын есептеу мен бақылау жүйесі ретінде сол кезде қолданыста болған «Электрондық шот-фактуралар» (ЭШФ АЖ) ақпараттық жүйесін пайдалану мәселесі шешілді.

Мақсаты мен артықшылықтары

 «Виртуалды қойма» модулін жүзеге асыру не үшін қажет болды және оның артықшылығы неде?

Аталған модульді жүзеге асырудың мақсаты тауарды ел аумағына әкелу (өндіру) сәтінен бастап оны түпкілікті өткізуге дейін қадағалаудан немесе Қазақстаннан экспорттаудан тұрады.

Аталған процесті іске асыру тауарларды электрондық және виртуалдық белгілермен, акциздік маркалармен таңбалау арқылы мүмкін болады.

«Виртуалды қойма» модулі бойынша Алматы қ. МКД жариялаған ақпаратқа сәйкес,  бастапқы құжат – «Виртуалды қоймаға» тауар кіргізудің негіздемесі:

– тауарлар декларациясы;

– тауарларды әкелу туралы және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

– тауардың Қазақстан Республикасында шыққаны туралы сертификат болып табылады.

Бұл ретте бөлшек саудада өткізуге және экспортқа дейін тауарларды жеткізу тізбесінің мониторингі сыртқы экономикалық қызметке тәуекелшіл қатысушыларды жедел анықтауға септеседі.

 «Виртуалды қойма» модулін іске асыру барысындағы салықтық әкімшілендірудің артықшылықтары:

  • Ұйымның шаруашылық қызметінің барлық сатыларында тауар-материалдық құндылықтарының қозғалысын қадағалау.
  •  «Қолданыстан алынған тауарлар» тобын мониторингілеу және бақылау.
  • Ел бойынша нақты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – ТЖҚ) бағаларын мониторингілеу және талдау.
  • ТЖҚ атауларын стандарттау.
  •  «Тауарсыз» шот-фактуралар бойынша мәмілелер жасаудың алдын алу және жолын кесу.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді толық жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын  ЭШФ АЖ-ның «Виртуалды қойма» модулімен, ТЖҚ каталогымен, электрондық шот-фактуралардың халықаралық жүйелерімен интеграциялау бөлігін аяқтау қажет болды.

 «Виртуалды қойма» жобасы жүйесінің өзін тестілеу өткізіліп те қойды. Осы жылдың 1 қарашасынан бастап  «Виртуалды қойма» модулі пилоттық пайдалануға енгізілді. Аталған тестілеу 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізілетін болады. Бұдан бөлек, аталған модульмен жұмыс бойынша кіріспе вебинарлар өткізіледі.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мамандары «Виртуалды қойма» модулі импорттаушыдан түпкілікті тұтынушыға дейін тауарлар мен ақша қозғалысына қашықтықтан мониторинг өткізуге мүмкіндік береді деп санайды. Бұл өз кезегінде ЕАЭО-да мүшелік шеңберінде өзекті әрі маңызды болып табылатын қолмен бақылау элементтерінен арылуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл салықтық әкімшілендіру жүйесінде салық салудың ашықтығы мен қаражатты «көлеңкеден» шығару мәселелеріне оң әсерін тигізеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль