text
MCFR.KZ Госзакупки

Жылдық жоспарды нақтылау

  • 15 ноября 2017
  • 19
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Жылдық жоспарды нақтылау

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 4-тармағында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі регламенттелген. Соның ішінде таппсырыс берушіге айына бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқық беретін норма қамтылған. Бұрын бұл норма барлық тапсырыс берушілерге қолданылатын, алайда 2017 жылдың мамырында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді және мынадай ерекшеліктер қосылды.

Айына бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы талап:

1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;

2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.

Осылайша, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына шектеусіз мөлшерде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер, бұрынғыша, тиісті бюджетті нақтылау (түзету) болған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Басқаша айтқанда, егер мәслихаттың шешімімен сіздің бюджетіңізге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын ерекшелікті қозғайтын өзгерістер немесе түзетулер енгізілсе (яғни сіздің қаржыландыру жоспарыңыз өзгерсе), сіз мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге және осы нақтылауды тиісті бюджет нақтыланған күннен бастап (тиісті мәслихат шешімінің күні) 10 жұмыс күні ішінде бекітуге міндеттісіз. Айына бір реттен асырмай жоспарға өзгерістер енгізу туралы ерекшелік дәл осындай жағдай үшін көзделген.

Содан соң тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, ҚР мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) ҚР Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

Мәселенің техникалық жағына келетін болсақ, жоспарланған сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына  PlanImports электрондық үлгісі арқылы жүктеуге болады немесе тікелей веб-порталдың өзінде жоспардың жаңа тармақтарын қосуға болады. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты