Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту мерзімдері

5
Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту мерзімдері
Клопова Екатерина Григорьевна
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Бұл мақалада шығыстарды жоспарлау және алдын ала жоспарды құру, сондай-ақ келесі қаржы жылына мемлекеттік сатып алу жоспарларын бекіту кезеңінде туындайтын сұрақтарды қарастырамыз.

Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (даму жоспарының) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы (2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағы).

«Бюджет» және «даму жоспары» ұғымдарын анықтау және ажырату үшін оларды бекіту тәртібін қарастырамыз.

Бюджеттік жоспарлау

 Бюджеттік жоспарлау процесін облыстық бюджет үлгісінде қарастырамыз.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Бюджет кодексіне және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бюджетті бекітуді төмендегідей түрде қысқаша сипаттауға болады.

1. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ҚР бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша талаптарға сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.

Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап 15  жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын қарайды және сол бойынша тиісті ұсыныстар жасап шығарады.

5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

 Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.

7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ҚР Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

8. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін ҚР Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

9. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Осы мақалада қарастырылып отырған облыстық бюджетті бекіту тәртібінің басқа деңгейдегі бюджеттерді бекіту тәртібі мен мерзімдерінен айырмашылығы бар.

Даму жоспарын бекіту тәртібі

Даму жоспарын бекіту тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

Даму жоспарын бекітудің оңайлатылған процесін қарастырайық.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, АҚ және ЖШС қызметінің негізгі бағыттары мен қаржылық-шаруашылық көрсеткіштерін айқындайтын құжат.

Даму жоспарын тиісті салалардың уәкілетті органдары немесе жергілікті атқарушы органдар (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар) ұсынатын негізгі қызмет бағыттары туралы деректер негізінде атқарушы орган әзірлейді.

  • Атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға.
  • Тиісті саланың уәкілетті органы – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган.
  • Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
  • Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар – акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер)..

Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын, сонымен қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші – бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi.

Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы түскен күннен бастап оны 15 жұмыс күнi iшiнде қарайды.

Атқарушы орган ескертулер болған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан келісуге жібереді.

Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын 10 жұмыс күнi iшiнде қарайды.

Даму жоспарының жобасын, сондай-ақ бекітілген даму жоспарының түзетулерін акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейiн бекiтедi.

Бюджетті жоспарлау мен бекітудің үлгілік тәртібін, даму жоспарын талдай келе,  төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Даму жоспары бойынша

Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде әзірлейді және бекітеді. Бюджеттік комиссиялар даму жоспарын бекіту процесіне қатыспайды, сәйкесінше даму жоспары бойынша тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлей алмайды. Бұл жағдайда жылдық жоспар тек акционерлiк коғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарын бекіткеннен (нақтылағаннан) кейін ғана бекітіледі (нақтыланады).

Бюджет бойынша

Облыстық бюджет жобасы бойынша ұсыныстарды бекітуді бюджеттік комиссия мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынады. Осылайша, егер бюджеттік комиссияның ұсынысы оң болса, яғни облыстық бюджет жобасы бойынша ескертулер болмаса, қажет жағдайда 15 қыркүйектен кейін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады, ал  мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының нормаларына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды). Облыстық бюджет ҚР Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес бекітілді деп саналады. 

Осылайша, жылдық жоспарды бекіту мерзімі облыстық мәслихат облыстық бюджетті бекіту туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі күннен басталады. Басқа бюджеттерді бекіту (нақтылау) бойынша да осыған ұқсас.

Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, ҚР мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) ҚР Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті екенін есте ұстаған жөн.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль