Байланыс қызметтерін сатып алу

9
Байланыс қызметтерін сатып алу
Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен байланыс қызметтері мен Интернет желісіне қолжетімділікті сатып алу заңды ма?

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату жағдайларында жүзеге асырылады.

 «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):  

1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;

2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;

3) электр энергиясын беру жөнiндегi;

4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi;

5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;

6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;

6-1) бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің;

7) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;

8) халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;

9) коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың;

9-1) порттардың;

10) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

11) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;

12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) жатады.

Осылайша, телефон байланысы мен Интернет желісіне қолжетімділік қызметтері  табиғи монополия салаларына жатпайды.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

 «Байланыс туралы» ҚР Заңы 20-бабының 1-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.

 «Байланыс туралы» ҚР Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган:

1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;

2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейді.

Осылайша, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді (телефон байланысы мен Интернет желісіне қолжетімділік) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қолдануға жол берілмейді.  

 16.05.2014 ж. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына 1-қосымшаның 12-тармағына сәйкес ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтер лицензиялануға жатпайды. Бұған байланыс саласында көрсетілетін мынадай қызмет түрлерін ұсыну жөніндегі қызмет жатады:  

1. Қалааралық телефон байланысы.

2. Халықаралық телефон байланысы.

3. Спутниктік қозғалыс байланысы.

4. Ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).

Егер телефон байланысы қызметіне қалааралық және халықаралық байланыстар кіретін болса, онда қызметтерді электрондық конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру қажет, өйткені Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарлама жіберуді немесе рұқсат алуды талап ететін мемлекеттік сатып алуды өзге тәсілдермен жүзеге асыруға тыйым салынады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль