Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу

5
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу
Зотова Екатерина Николаевна
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Тиісті сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін әзірленген жоба негізінде және жобада көрсетілген сомаға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу өткізіледі.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру үшін:

Әзірленген ЖСҚ негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу

Тиісті сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін әзірленген жоба негізінде және жобада көрсетілген сомаға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу өткізіледі.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес лицензиялануға жатады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:

  • I санат – қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
  • II санат – екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
  • III санат – техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.

Осылайша, әзірленген жоба негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс өткізу кезінде тиісті санат лицензиясын қарастыру керек. Сондай-ақ порталда хабарландыру қалыптастырғанда конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген ЖСҚ (яғни тиісті сараптамадан өткен) тіркеледі. Егер конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына ЖСҚ-ны қамтыса, онда конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімдері Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 89-бабының 2) тармақшасы негізінде белгіленбейді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған шартпен бірге тапсырыс беруші, авторлық және техникалық қадағалау әзірленген ЖСҚ-да көзделген жағдайда, авторлық және техникалық қадағалау қызметтеріне шарт жасауы керек (Заңның 34 және 34-1-бабы негізінде).

Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.

Авторлық қадағалау қызметтеріне қатысты мемлекеттік сатып алу шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленген ЖСҚ-да көзделген сомаға өткізіледі.

Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады. Осыған байланысты техникалық қадағалау қызметін мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізуге жол берілмейді.

Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.

Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс. Яғни техникалық қадағалауды аккредиттеу туралы сертификаты бар заңды тұлғалар ғана жүргізеді. Жеке кәсіпкерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады. Бұл жағдайда жеке кәсіпкерлер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Заңның 68-бабының 12-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.01.2015 ж. № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Хабарламада авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды көрсету көзделеді. Демек, аталған хабарлама жасалған сәтте тапсырыс берушіде авторлық және техникалық қадағалау қызметтеріне арналған қолданыстағы шарттар болуға тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль