Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу

8
Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу
Зотова Екатерина Николаевна
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
ЖСҚ әзірленіп болғаннан кейін, тапсырыс беруші тиісті сараптама жүргізеді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 64-1-бабының 7-тармағына сәйкес құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі де болып табылады. ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі.

Заңның 64-1-бабының 9-тармағына сәйкес тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.

Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді:

1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (техникалық-экономикалық негіздемелерге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама);

2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және ЖСҚ-ға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары

3) мыналар:

– ҚР Үкіметі бекітетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары;

– мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама топтары жүзеге асыратын, қала құрылысының әр түрлі деңгейдегі жобаларына міндетті сараптама – кешенді қала құрылысы сараптамасы;

4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.

Егер әзірленген жобаға сәйкес мемлекеттік монополияға жататын кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу керек болса, аталған сараптаманы жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен өткізіледі.

Егер жобаның өзге сараптамасын жүргізу керек болса, мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында көзделген тәсілдермен өткізіледі.


Мемлекеттiк монополияға:

1) қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу;

2) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға: ықтимал қауіпті; техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады. Мемлекеттік монополияға жататын ведомстводан тыс кешенді сараптаманы қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль