text
MCFR.KZ Госзакупки

Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

  • 28 мая 2018
  • 53
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

Белгіленген тәртіппен жобалау құжаттамасында бекітілмеген құрылыс салуға жол берілмейді, құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленуге тиіс.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру үшін:

ЖСҚ әзірлеу

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 60-бабына сәйкес объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Заңның 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға жол беріледі.

ЖСҚ әзірлеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында іздестіру және жобалау қызметінің тиісті түрлеріне (түршесіне) лицензиясы бар жеке және заңды түлғалар жүзеге асырады. Олай болса, ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізу қажет.

ЖСҚ әзірлеу үшін тапсырыс беруші бас жобалаушыға 1.02-03-2011 «Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасының құрамы мен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі» ҚР ҚН Б және В қосымшаларына сәйкес жасалған және құрылыстың тапсырыс берушісі бекіткен жобалау тапсырмасын ұсынуы керек.

Жобалау тапсырмасын тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы (салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап міндетті болып табылады. Сондай-ақ тапсырыс берушінің тапсырмасымен жобалауға арналған тапсырманы орындаушы (мердігер, бас жобалаушы) дайындауы мүмкін.


Жобалау тапсырмасымен бірге тапсырыс беруші мердігерлік жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) береді, оған:
– аумақты оның шекарасы шегінде пайдалану және объектіні белгілеу регламенттерін қоса алғанда, аудандардың (қалалар) жергілікті атқару органдарының жерге тиісті құқық беру туралы шешімі;
– жобалау және құрылысқа қажетті топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық іздеу деректерін қоса алғанда, инженерлік іздеу материалдары;
– жергілікті атқару органдарының сұранысымен құрылыс салу болжанып отырған ауданда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің өнім берушілері ұсынған инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық талаптар;
– сәулет және қала құрылысының жергілікті (қала, аудан) органы берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы кіреді.
Жобалау жұмысының құны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 28.11.2016 ж. № 232-нқ «Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы» бұйрығына сәйкес анықталады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль