Жоспарлау: ТЖҚ БНА кодтарын іздеу

2
Жоспарлау: ТЖҚ БНА кодтарын іздеу
2018 жылдан бастап сатып алу жүйелерінде тек жаңа 15 мәндік кодтар қолданылатын болады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу жоспарын екі тәсілмен орналастыруға болады:

  • PlanImports үлгісінің көмегімен файлдан импорттау жолымен жоспар тармақтарының көп мөлшерін жүктеу;
  • дара жоспар тармағын құру.

PlanImports үлгісіндегі «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды (ТЖҚ БНА-ға сәйкес)» өрісінде ТЖҚ БНА кодын көрсету керек. Ізделетін сөзді немесе кодты енгізуге болады. Тармақты редакциялау нысанында кеңейтілген іздеуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар – ТЖҚ БНА атауы мен коды бойынша іздеу нысаны ашылады, онда іздеуді жүзеге асырғаннан кейін қысқаша сипаттама және өлшем бірлігі жөніндегі ақпарат қолжетімді болады.

 2017 жылы ТЖҚ БНА-ның 30 мәндік нұсқасына өту жүзеге асырылды, 2018 жылдан бастап 15 мәндік кодтар пайдаланылады.
«Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы» (бұдан әрі – ТЖҚ БНА) порталымен жұмыс істеу үшін браузер (Интернет желісіндегі жұмыс бағдарламалары) болуы керек. Порталда ұсынылатын браузерлер:

- Chrome

- Firefox

- Internet Explorer 9.0 және одан жоғары.

Порталға кіргеннен кейін (http://enstru.kz сілтемесі бойынша) экранда ашық ТЖҚ БНА көрінеді. 2018 жылға жылдық жоспарды қалыптастыру кезінде іздеудің 2018 жылы жүзеге асырылатынын көрсету керек, өйткені 30 мәндік ТЖҚ БНА тек ағымдағы жылдың соңына дейін ғана жарамды.

Жоспарлау: ТЖҚ БНА кодтарын іздеу

Порталда ТЖҚ БНА кодтарын іздеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

– жалпы іздеу;

– иерархиялық іздеу.

Олардың арасындағы айырмашылық мәліметтерді іздеу тетігінде жатыр.

Жалпы іздеу ТЖҚ БНА кодтарының барлық өрістері мен атрибуттары бойынша ізделіп отырған мәнді сүзгілеуді жүзеге асырады (әдепкі қалпы бойынша). Иерархиялық іздеу «жоғары-төмен» әдісі бойынша ТЖҚ БНА кодтарының сегменті деңгейінде нақтылау арқылы іздеуді жүзеге асырады.

Жаңа анықтамалықтағы жалпы іздеуде тауардың қажетті кодын қалай іздеген тиімді?

Іздеу кілт сөздер бойынша жүзеге асырылады (аралық арқылы, сөзді жалғаусыз жазу ұсынылады)

Мәселен: «Труба» – іздеу үшін аталған сөздің түбірі «труб»-ты енгізу керек.

Позицияны толықтыруға өтінім жіберу тәртібі қандай?

ТЖҚ БНА анықтамалығына позицияны толықтыруға өтінім жіберу үшін анықтамалықтың ақпараттық жүйесіне тіркелу керек.

ТЖҚ БНА жүйесінде тіркелу үшін не керек?

ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесінде тіркелу үшін шарт жасау керек және қызметкерлердің жеке мәліметтерімен бірге ресми хат жіберу керек. Тіркелгеннен кейін тіркелген қызметкердің электрондық адресіне Жүйе автоматты түрде құпиясөзі бар хабарлама жібереді, логин ретінде өзіңіздің e-mail қолданылады. Мемлекеттік органдар үшін жүйеде тіркеу ашылмаған, өтінімдерді «Электрондық коммерция орталығы» (мемлекеттік сатып алу операторы) ЖШС арқылы жіберу керек. Өнім берушілер үшін өтінімдер ens@skc.kz поштасы арқылы белгіленген үлгіде жіберіледі.

«Ескі және жаңа кодтарды салыстыру», «Кодтар бойынша жүктеу» және «Соңғы қосылғандар» қандай қызмет атқарады?

ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесіндегі «Құралдар» бөлімі ТЖҚ БНА кодтарын салыстыру/бейнелеу тұрғысынан тез және ыңғайлы жұмыс істеуге арналған.

  1. Ескі және жаңа кодтарды салыстыру – сіздің ескі кодтарыңыздың негізінде жаңа 15 мәндік кодтарды алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ол үшін ТЖҚ БНА сайтында орналастырылған нұсқаулықты қолдану керек.         
  2. Кодтар бойынша жүктеу –ТЖҚ БНА кодының барлық мәндерін бір файлға жүктеуге мүмкіндік береді.
  3. Соңғы қосылғандар – бұл құрал ТЖҚ БНА-ның соңғы қосылған барлық кодтарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі           



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль