ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі

2
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі
Цифрлық күн тәртібі аясындағы ынтамақтастық ЕАЭО туралы Шартта айқындалған салаларды және өзге де экономика салаларын қозғайтын жаңа цифрлық бастамалар мен жобаларды ынталандыру мен қолдауға септігін тигізеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп,  «Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін 2025 жылға дейін іске асырудың негізгі бағыттары» жобасын әзірледі.

ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі – интеграцияны дамыту, бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығын тереңдету аясында ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы Мәлімдемеде көрсетілген цифрлық өзгерістер бойынша Одақ үшін өзекті мәселелердің аясы.

Аталған құжатқа сәйкес Одақ елдері цифрландыру, байланыс және ақпараттандыру, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің және байланыс инфрақұрылымының орнықты қызмет істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ұлттық саясатты әзірлеу, қалыптастыру және іске асыруды өздері жүзеге асырады, соның ішінде цифрлық күн тәртібін дамытудың ұлттық шараларын іске асырады. Сонымен бірге олар аталған саладағы келісілген саясатты ұстануға тиіс.

Цифрлық күн тәртібі аясындағы ынтамақтастық ЕАЭО туралы Шартта айқындалған салаларды және өзге де экономика салаларын қозғайтын жаңа цифрлық бастамалар мен жобаларды ынталандыру мен қолдауға септігін тигізеді.

Цифрлық күн тәртібін іске асыру процесі бір ғана АКТ-ны қолданумен шектеліп қалмайды. Сонымен қатар жаңа бизнес-процестер мен цифрлық үлгілер қолданылады.  

Құжат жобасында атап өтілгендей, іске асыру Одақ елдерінің бастамаларды пысықтау, келісу және мақұлдаудың арнайы тетіктерін әзірлеуі; цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды жүзеге асыру; «реттеуші құмсалғыштарды» қолдану және т. б. арқылы мүмкін болмақ.

Реттеуші құмсалғыш – қандай да бір жаңа саладағы бизнес-процестерді өзара әрекеттестіру мен құрудың тиімді үлгілерін анықтауға арналған шешімдерді пысықтау мен басқарудың арнайы келісілген режимі.

Цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру және серпінді жобаларды іске қосу  айтарлықтай экономикалық тиімділікке алып келеді. Осылайша, Дүниежүзілік банк сарапшылары бірқатар параметрлері бойынша цифрлық күн тәртібін іске асырудың әлеуетті экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін талдау жүргізді.

Сарапшылардың болжамы бойынша, ортақ цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру  ЕАЭО мемлекеттеріндегі ІЖӨ өсімінің шамамен 11 %-ын қамтамасыз етеді. Алайда егер Одақ елдері оны жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді сәйкестендіруді қамтамасыз етпесе, аталған көрсеткіш іс жүзінде екі есе төмендейді.

Сондай-ақ 2025 жылға қарай ЕАЭО аумағында АКТ саласындағы жұмыспен қамту 66,4 %-ға ұлғаюы мүмкін. Мұндай жағдайда жалпы жұмыспен қамтудың қосымша өсіміне (2,46 %-ға)  жол беріледі. 2025 жылға қарай АКТ қызметтерін эспорттаудың қосымша көлемі де 74 %-ға дейін өсуі ықтимал.

Күн тәртібі шеңберінде аймақтық электрондық сауданы дамыту, егер цифрлық күн тәртібі шеңберінде Одақ қатысушыларының бірлескен әрекетінсіз электрондық сауданы дамытудың болжамды нәтижесімен салыстыратын болсақ, ЕАЭО-да ІЖӨ-нің екі есе үлкен өсіміне алып келуі ықтимал.    

Шартты түрде цифрлық күн тәртібін іске асыру процесін үш шешуші сатыға бөлуге болады. Бірінші сатыда цифрлық трансформация процестерін модельдеу жүзеге асырылатын болады, алғашқы бастамалар мен бастапқы жобалар іске қосылады. Екінші саты кезінде цифрлық экономиканың қажетті институционалдық базасы жасалатын болады. Үшінші кезең (2022–2025 жж.) – бұл ЕАЭО-ның цифрлық экожүйесінің дамуы, оның ішінде  алдыңғы кезеңдердегі жобаларды іске асыру негізінде дамуы.

Бұл ретте бір сатыдан екінші сатыға көшкенде және серпінді жобаларды іске асырғанда цифрлық күн тәртібінің экономикалық тиімділігі айтарлықтай артуы мүмкін. Бұл еңбек өнімділігінің ұлғаюымен, инвестициялық тартымдылықтың артуымен, шикізаттық емес жоғары технологиялық салаларда бірлескен жұмыстың жандануымен, халықаралық цифрлық кооперацияның дамуымен, т. б. байланысты болмақ.  

Күн тәртібін жүзеге асырудың бақылау көрсеткіштерін есептеу екі жылда бір реттен сиретпей көрсеткіштерді жаңарту қажеттілігі ескеріле отырып, серпінді жобаларды іске қосуға дайындау мен жүзеге асыруға ілесе жүретін болады.

ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін іске асыру неге алып келеді?

Цифрлық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күші мен капиталдың  кедергісіз қозғалу процестерін жеделдетуге септігін тигізуге тиіс. Сондай-ақ бұл ЕАЭО қатысушыларының цифрлық трансформацияның ғаламдық, макроаймақтық және аймақтық процестеріне енуіне алып келеді. Одақтың цифрлық нарығы қалыптасады, жаһандық нарықтар неғұрлым қолжетімді бола түседі, бәсекеге қабілеттілік артады, т. б.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль