Мемлекеттік сатып алулардағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары

19
Мемлекеттік сатып алулардағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары
Романов Андрей
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық сипатына және экономикалық сипатқа ие.

Мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтарды толық қарастыру мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген қылмыстардың аталған санатына барынша толығырақ тоқталу керек.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу саласындағы экономикалық қылмыстарға мыналарды жатқызуға болады:

Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау. Яғни мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 216-бабының 1-тармағы).

Заңсыз сыйақы алу. Яғни мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады (ҚР ҚК 247-бабының 1-тармағы).

Ескертпеге сәйкес егер сыйлықтың құны бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның өзінің міндетіне кіретін жұмыстарды бұрын орындағаны немесе қызметтер көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлiктiк сипаттағы қызметті алуы маңызы аз болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.

Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Яғни күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде –

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 248-бабының 1-тармағы).

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына мыналар жатады:

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану. Яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса – мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 361-бабының 1-тармағы).

Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 362-бабының 1-тармағы).

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 364-бабының 1-тармағы).

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Яғни дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (ҚР ҚК 365-бабының 1-тармағы).

Пара алу. Яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК 366-бабының 1-тармағы).

Осы бапқа ескертпеге сәйкес егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасаған жағдайда тұлға шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. ҚР ҚК 65-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі әзірлеген түзетулерге сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада сатып алу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама арқылы квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауаптылығын белгілеу ұсынылып отырғанын назарға алған жөн.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль