Мемлекеттік сатып алу саласында талаптың ескіру мерзімдері

13
Мемлекеттік сатып алу саласында талаптың ескіру мерзімдері
Романов Андрей
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада арнайы талап қою мерзімі белгіленбеген.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (05.05.2017 ж. жай-күйі бойынша өзгертулермен) талаптың ескiруi құқықтық институттарының нормалары қамтылмаған – ол ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 7-тарауында көрсетілген.

Талаптың ескiруi – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi (ҚР АК 177-бабының 1-тармағы).

Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн (ҚР АК 178-бабының 1,2-тармақтары).

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада арнайы талап қою мерзімі белгіленбегендіктен, демек, ол 3 жылды құрайды.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын бұзушылық сауда мен қаржы саласындағы әкімшілік бұзушылыққа жатады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 15-тарауы). Жеке тұлғаларға емес, лауазымды тұлғаларға жаза қолданылады. 207-бапқа ескертпелердің бірінші бөлігінде лауазымды адамдар деп кімді түсіну керектігі жазылған. Екінші бөлігінде лауазымды тұлғаның қандай жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайтыны көрсетілген.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам 207-бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 62-бабында ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату туралы айтылған. Осылайша, аталған кодекстің 62-бабы 3-тармағының 2-абзацына сәйкес қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды. Сөйтіп, егер бес жыл ішінде бұзушылық байқалса, лауазымды тұлға құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай ішінде әкімшілік айыппұл салуға тартылады.  

ҚР қылмыстық заңнамасына жүгінейік. ҚР Қылмыстық кодексінің 71-бабының 6-тармағында көрсетілгендей, бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылықтың сыбайлас жемқорлық және экономикалық сипаты болғандықтан, демек, аталған қылмыстарға ескіру мерзімдері қолданылмайды.

Мәселені толық қарастыру мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген қылмыстардың аталған санатына барынша толығырақ тоқталу керек.

Мемлекеттік сатып алулардағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы келесі мақаладан оқыңыздар.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль