Мемлекеттік сатып алуға қосалқы мердігерлікті тарту

13
Мемлекеттік сатып алуға қосалқы мердігерлікті тарту
Малтабаров Талгат БЕГАЙДАРОВИЧ
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы»
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тарту әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіндегі кең тараған тәжірибе болып табылады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) қосалқы мердігерлікті тартуға қатысты нормаларын қарастырмас бұрын, ҚР Азаматтық кодексіндегі (бұдан әрі – ҚР АК) қосалқы мердігерліктің негізгі ұғымдарын бөліп қарау керек.

Аталған кодексте өзіндік ерекшеліктері бар мердігерлік қатынастардың неғұрлым маңызды түрлері реттелген.

Мердігерлік шарттарын мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) тұрмыстық мердігерлік;

2) құрылыс мердігерлігі;

3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарының мердігерлігі;

4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық технологиялық жұмыстардың мердігерлігі.

ҚР АК-де мердігерлік қатынастарды реттеу жөніндегі тарау бар, ол бойынша мердігерліктің әр түріне арнайы параграф бөлінген. Мердігерлік шартының сол немесе өзге түрі туралы ҚР АК нормаларында өзгеше белгіленбесе, жоғарыда аталған мердігерлік шарттарының түрлеріне жалпы ережелер де қолданылады.

Мердігерлік шартының элементтері

Мердігерлік шартында екі тарап бар: тапсырыс беруші және мердігер.

Тапсырыс беруші басқа тарапқа (мердігерге) шартта келісілген жұмысты орындауды тапсыратын тұлға болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектісі тапсырыс беруші бола алады. Мердігерлік шартына мемлекеттің қатысуына келетін болсақ, мұндай қатысудың ерекшеліктері жекелеген заңнамалық актілермен анықталады (Заңмен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңымен, т. б.).

Мердігер – мердігерлік шартында келісілген жұмысты орындайтын тұлға. Көбінесе бұл – кәсіпкерлік қызмет субъектісі, жеке тұлға немесе ЖК не коммерциялық заңды тұлға. Бір жолғы негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға орындай алады.

2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес бірқатар жағдайларда мердігерлерге қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат құжаттары керек. Осылайша, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаж жұмыстары және т. б. лицензиялауға жатады.

 Жұмыстардың кейбір түрлерін орындау үшін арнайы дағдылар, біліктілік талап етіледі. Осы себепті мердігерлік шартын жасаған мердігер оның кәсіби құзыреті саласына кірмейтін жұмыстарды орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да әрекет ететін мердігерлік шартында мүмкін болмақ.

Жұмыстың бүкіл көлемін орындауға бастапқыда шарт жасасқан және өзге тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады, ал тартылған тұлға – қосалқы мердігер болады. Бұл жағдайда мердігер тапсырыс берушінің алдында бас мердігер ретінде, ал қосалқы мердігер алдында – тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді. Бұл ретте қосалқы мердігерлік шартын жасауға тапсырыс берушінің келісімі талап етілмейді.

 Бас мердігер тұтас алғанда мердігерлік шартының тиісінше орындалуы үшін тапсырыс беруші алдында жеке жауап береді.

 Осылайша, қосалқы мердігер – белгілі бір жұмыстарды орындауға тартылған, арнайы дағдылары, біліктілігі бар (жеке және (немесе) заңды) тұлға. Яғни бұл, шын мәнінде, үшінші тұлғаларға жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) қайта жүктеу.

Бұл ретте шарттың түрі немесе қосалқы түрі ретіндегі қосалқы мердігерлік шарты болмайды. ҚР АК-де «қосалқы мердігерлік шарты» және «қосалқы мердігерлік» деген сияқты сөздер тіпті кездеспейді де. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: қосалқы мердігердің жұмыстарды орындауы мердігерлік туралы әдеттегі нормалармен реттеледі.

 ҚР АК-де бас мердігер мен қосалқы мердігер ұғымдары ғана, сондай-ақ олардың бірнеше елеусіз нұсқаулары қамтылған:

1) мердігерлік шартында мердігерге қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салу қамтылуы мүмкін;

2) шарттарда тапсырыс беруші мен қосалқы мердігердің (әдетте оларда өз арасында жасасқан шарттар жоқ) бас мердігерге тоқталмай, бір-біріне кінә қою құқықтары бекітілуі мүмкін; мұндай ереже болмаса олар тек бас мердігерге кінәрат-талап қоюға құқылы;

3) тапсырыс беруші жұмыстың бір бөлігін орындауды тек бас мердігердің келісімімен басқа тұлғаларға тапсыра алады (біздің ойымызша, аталған норманың мағынасы жоқ, өйткені онда сөз жұмыстың шарттық көлемінің өзгеруі туралы болып отыр, ал ол аталған қағидасыз біржақты тәртіпте мүмкін болмайды).

 Осылайша, бас мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы қатынастар мердігерлік болып табылады және бұл ретте тараптардың өздері шартты қалай атаса да, олар мердігерлік шарты туралы ҚР АК ережелерімен реттеледі.

 Заң шеңберінде қосалқы мердігерлікке қатысты төмендегідей талаптар көзделеді.

Заңның 9-бабы негізінде осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптары – әлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.

 Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.

 Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың осы баптың 1-тармағына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне беріледі.

 Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтық түрде үштен екісінен аспауға тиіс.

 Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

Осылайша, қосалқы мердігер тек жұмыстарға тартылады, ал бірлесіп орындаушыларды тек көрсетілетін қызметтерге тартады.

 Көбінесе тәжірибеде бірқатар мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар Заң шеңберінде тапсырыс беруші рөлінен бөлек өнім беруші рөлінде де әрекет етеді және мемлекеттік сатып алуға қатысады. Шарт міндеттемелерін орындау барысында оларда жылдық жоспарда қосалқы мердігерді тарту бойынша шығындарды қарастыру қажет пе деген сұрақ туындайды.

Заңның жоғарыда аталған нормаларына сәйкес (Заңның 9-бабы) әлеуетті өнім беруші (тапсырыс беруші) электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өтінім берген кезде жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса атқарушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін толтыруға міндетті (конкурстық құжаттамаға 10-қосымша).

 Егер мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер туралы тиісті мәліметтерді толтырса, соңғысын тарту мемлекеттік сатып алуды өткізбестен азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 Сәйкесінше мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында қосалқы мердігерлерді тартуға кететін шығындар қарастырылмайды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль