Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс

8
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері.

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі – конкурс) ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 ж. № 91 бұйрығымен бекітілген тізбе бойынша жүргізіледі.

1.​ Сатып алуды жүзеге асыру реттілігі

Конкурс кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Бірінші кезең. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен уәкілетті орган білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімін қалыптастырады.

Екінші кезең. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі – ӘӨБ) арасында сатып алуды жүзеге асыру.

Конкурс веб-портал арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін білікті ӘӨБ тізілімінен өткізілетін конкурстың мәніне сай келетін сол қызмет саласында ысылған әлеуетті өнім берушілер таңдалады.

2. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу реттілігі мынадай:

1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;

2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды (қазақ және орыс тілдерінде) ұсынуы;

3) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға веб-портал арқылы жылдық жоспардың тармақтарын жіберуі;

4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясы тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;

5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда орналастыру;

6) веб-порталға хабарландыруды орналастыру;

7) ӘБӨ-нің веб-порталда конкурстық құжаттаманы алуы;

8) конкурстық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;

9) электрондық құжат нысанында ұсынылған біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;

11) конкурстық комиссиямен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің болуы тұрғысында ӘӨБ-нің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімін қарау;

12) конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссиямен веб-портал арқылы ӘӨБ-мен өздерінің техникалық ерекшеліктерін сәйкестендіру үшін олардың сәйкес келмеуінің себептерін егжей-тегжей көрсетіп, техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін ӘӨБ тізілімін айқындау. Қорытындысын веб-порталда жариялау;

13) техникалық ерекшелікті қайтадан қарау;

14) білікті ӘӨБ тізіліміндегі мәліметтер негізінде өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарына қолдану;

15) біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындау және біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;

16) жеңімпазбен шарт жасасу.

3. Конкурстық құжаттама

Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.

Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сонымен қатар бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда орналастырады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік 10 күнді құрайды.

Конкурс тәсілімен сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 5 күн бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

ӘӨБ қажет болған жағдайда, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімінің соңғы күніне дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұйымдастырушыға веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау жібереді. Өз кезегінде ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.

Егер сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізсе, ол веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы осындай сұрау келіп түскен күні оны тапсырыс берушіге жолдайды. Тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыдан ӘӨБ-нің сұрауын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-порталды пайдалана отырып оған жауап береді (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 197, 198-тармақтары).

Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

4. Өтінімдерді қарау

Конкурстық комиссия веб-портал арқылы ӘӨБ-нің өтінімдерін қарайды және конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды (конкурс қатысушылары деп таниды), мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер тұрғысында тексереді (Қағидалардың 207-тармағы).

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы сараптау комиссиясының не сарапшының қарауы үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Аталған хаттамада мыналар қамтылады:

1) қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып, ТЖҚ бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін ӘӨБ тізілімі;

2) Заңның 6-бабындағы шектеулері бар ӘӨБ тізбесі.

Техникалық ерекшелікке сәйкес болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.

Конкурстық комиссияның ӘӨБ-ге алдын ала рұқсат беру туралы шешімі осы конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық ӘӨБ-ні автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда орналастырады. Хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. 

ӘӨБ-ге өз өтінімдерін сәйкестікке келтіру үшін 3 жұмыс күні беріледі. Бұдан соң хатшы өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастамашылық жасайды.

Конкурстық комиссия өтінімдерді қайта қарағаннан кейін:

1) ТЖҚ бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін ӘӨБ-ні айқындайды;

2) конкурстық баға ұсынысына осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолданады;

3) ӘӨБ-нің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.

Бар болған жағдайда қорытындылар туралы хаттамаға сараптау қорытындысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі тіркеледі.

Егер әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелік конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса және (немесе) ӘӨБ-нің Заңның 6-бабы бойынша шектеулері бар болса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Қорытындылар туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық ӘӨБ-ні автоматты түрде хабардар ете отырып, қорытындылар туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.

Конкурсты жүргізу кезінде веб-порталмен конкурстық баға ұсынымдарын автоматты түрде ашу, бағалау және салыстыру, сонымен қатар жеңімпазды (екінші жеңімпазды) айқындау Заңмен және осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асыру барысында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль