Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізу

12
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізу
Екі кезеңдік конкурс ғылыми зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайда, сондай-ақ сатып алу объектісінің сипаттамасын нақтылауды өнім берушілермен талқылау қажет болған жағдайда өткізіледі.

1. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу жағдайлары

Мемлекеттік сатып алудың бұл тәсілі мынадай:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;

2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;

3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді.

Бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1-қадам – бастапқы:

  • тапсырыс берушінің екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау арқылы конкурс өткізу туралы шешімі;
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
  • тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы.

2-қадам – құжаттарды даярлау:

  • техникалық тапсырманы бекіту.

3-қадам – хабарландыруды жариялау:

  • екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі.

4-қадам – сатып алу нысанасы бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін, ұсыныстарын қабылдау:

  • әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды ашу;
  • сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау.

5-қадам – техникалық ерекшелікті, конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту:

  • сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі;
  • ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі.

Екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.

Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

Ал конкурстың осы түрінің рәсімдерін өткізу мерзімдеріне тоқталатын болсақ, олар не Заңмен, не Қағидалармен регламенттелмеген. Осының салдарынан өткізу мерзімдері бойынша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1200 қаулысы) бойынша жүзеге асырылатын сатып алуды өткізу рәсімдерін басшылыққа алуды ұсынамыз.

Техникалық ұсыныстарды қабылдау жөніндегі хабарландырудың мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылатынын ескеру қажет.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімін техникалық тапсырманың күрделілігіне қарай тапсырыс берушінің өзі белгілейді.

Ұсыныстарды қабылдаудың ұсынылатын мерзімі – 5–10 жұмыс күні.

3. Веб-порталдағы ұйымдастырушылардың іс-әрекеті

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланғанда бірінші кезеңде веб-порталда өтінімдерді қабылдау қағаз не электрондық ақпарат тасымалдағыштар арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші бұл туралы ақпаратты хабарландыруға орналастырады.

Хабарландыру жасалады, мұнда төмендегілерді көрсету керек:

  • сатып алуды өткізу тәсілі – «Екі кезеңдік конкурс» түскен тізімінен;
  • сатып алу нысанасының түрі – мәндерінен таңдау: жұмыс, көрсетілетін қызмет, тауар;
  • мемлекеттік және орыс тіліндегі хабарландырудың (сатып алудың) атауы.

Осыдан кейін:

  • лоттарды таңдап;
  • өкілін енгізу керек.

Бұдан әрі – хабарландыруды жариялауға ауысу, мұнда мынадай міндетті жолдарды толтыру керек:

– құжаттаманы алу орны мен тәсілі;

– орыс тілінде, қазақ тілінде өтінім беру орны;

– өз ұсыныстарын қандай тасымалдағыштармен ұсыну керек;

– өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі;

– өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі.

Мәліметтерді толтырғаннан кейін, егер олар дұрыс болса, хабарландыру жарияланады.

4. Техникалық ерекшелік

Конкурсқа қатысуға ниетті әлеуетті өнім берушілер хабарландыруда көрсетілген мекенжайлар бойынша техникалық тапсырма алады, ТЖК техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін сатып алу нысанасы бойынша өз ескертулерін, түсіндірмелерін, ұсыныстарын енгізеді.

Сараптамалық комиссия не тапсырыс берушінің сарапшысы өнім берушілерден өтінімдерді алғаннан кейін техникалық ерекшелікті құрастырады.

Кейін техникалық ерекшелікті құрастырған соң конкурстық құжаттаманы бекіту керек.

Конкурстық құжаттаманы бекіткеннен кейін тапсырыс беруші техникалық ерекшелікті талқылауға қатысушылар арасында ашық конкурс өткізу туралы жаңа хабарландыру (№ 2) жасайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – кем дегенде күнтізбелік 15 күн.

Конкурсты өткізудің екінші кезеңінде конкурстық құжаттаманы талқылау жүргізілмейді. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысқан әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс өткізіледі.

Әлеуетті өнім берушілер конкурстың осы түрі бойынша конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз ету төлемдерінен  босатылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль