Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

53
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін қарастырамыз

«Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу мына тәсілдердің бірінде жүзеге асырылуға тиіс:

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін ұйымның бүкіл қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлеміне сүйене отырып айқындайды.

Сатып алудың аталған тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін қарастырайық.

№ п/п

Сатып алу тәсілі

Қолданылу жағдайлары

1

Конкурс

Сатып алу сомасы АЕК-тің 4000 еселенген мөлшеріне асса және (немесе) әлеуетті өнім берушінің біліктілігі маңызды болса және (немесе)  берілуі (орындалуы, көрсетілуі) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажет болғанда

2

Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілетін конкурс

Мынадай  жағдайларда:

  1. тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық ерекшелігін қалыптастыру мен олардың техникалық және өзге сипаттамаларын анықтау қиын болған және (немесе) әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар сұрату не олармен туындаған мәселе бойынша келіссөздер жүргізу қажет болған кезде;
  2. зерттеулер, эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған кезде;
  3.  инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынғанда өткізілуі мүмкін

3

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс

Көрсетілген тәсілмен сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады

4

Баға ұсыныстарын сұрату

Егер сатып алынатын біртекті тауарлардың ( жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспаса.

Ерекшелігі: өнім беруші таңдау кезінде әлеуетті өнім берушінің біліктілігі емес, баға шешуші шарт болып табылады.

Назар аударыңыз! Берілуі (орындалуы, көрсетілуі) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады

5

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен тапсырыс берушіге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқық беретін жағдайлардың толық тізбесі5 негіздеме Заңның 39-бабының 2-тармағында анықталған

6

Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу

Тапсырыс беруші шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы жағдайлар Заңның 39-бабының 3-тармағында  көрсетілген

7

Аукцион

Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.

ҚР Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен асатын тауар аукционның нысанасы болып табылады.

Ерекшелігі: сатып алулар нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады

8

Тауар биржалары арқылы

Сатып алулар «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль