Техникалық ерекшелікті әзірлеу

34
Техникалық ерекшелікті әзірлеу
Техникалық ерекшелік деген не, оны қалай дұрыс әзірлеуге болады? Қандай жағдайларда тауар белгісін, таңбасын және өндірушіні көрсетуге рұқсат етілген?

Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттарының сипаттамасы.

Тауарлар үшін техникалық ерекшелік – бұл құрамы, пайдаланылған материалдары, жарамдылық мерзімі, функционалдық шегі, техникалық сипаттамаларының параметрлері, мақсаты және тауарды пайдалану шарттары көрсетілген қолдану жөніндегі толық нұсқаулық. Тауардың барлық сипаттамалары сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес келуге тиіс.  

 «Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі» конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелікті ресімдегенде көрсетуге міндетті тауар туралы мәліметтер қамтылады:

– тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және (немесе) тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т. б. көрсете отырып);

– өндіруші ел;

– дайындаушы зауыт;

– шығарылған жылы;

– кепілді мерзімі болған жағдайда (айларда);

– функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау;

– конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер (техникалық ерекшеліктер).

Қажет жағдайда техникалық ерекшелікте ілеспе қызметтер көрсетіледі, олар тапсырыс берушіге тауарды жеткізу кезінде қажетті: монтаждау, жөндеу, оқыту, тауарды тексеру және сынау, т. б. Бұл ретте олардың қайда өткізілуге тиіс екені, сондай-ақ тауардың шығарылған жері мен кепілдік мерзімі көрсетіледі. Мәселен, кондиционер сатып алғанда техникалық ерекшелікте оларды орнатуды қарастыруға болады.  

Жұмыстар бойынша оларды белгілі бір түрлер мен қосымша түрлерге бөле отырып, сауатты және егжей-тегжейлі сипаттауға үлкен көңіл бөлу керек. Осының бәрі НПА-да белгіленген МемСТ, СНжЕ және басқа да белгілі бір нормалар мен ережелерге сәйкес келуге тиіс. Егер орындалатын жұмыстар ЖСҚ шеңберінде көзделсе, әрине, қолданылатын материалдармен бірге орындалатын жұмыстар құжаттамамен белгіленген сметаға енгізілуге тиіс.

Егер әлеуетті өнім беруші техникалық-экономикалық негіздеме мен ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуға қатысса, онда ол есептеу мен жобалау кезінде қолданыстағы ҚР ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (бар болса) сәйкес келетін осындай материалдар мен жабдықтарды қолдану талабын сақтауға міндетті.

Көрсетілетін қызметтерге келсек, бұл арада техникалық ерекшелікке пайдаланылатын құрал-жабдықтың, материалдардың негізгі сапалық және техникалық сипаттамалары, олардың қойылған талаптарға сәйкестігі, көрсетілетін қызметтің сапалық көрсеткіштері, яғни көрсетілетін қызметтің нәтижесі кіреді. Бұдан бөлек, көрсетілетін қызмет процесі толық сипатталады, қызметтер тізбесімен бірге әдістер мен кестелер, кепілдік міндеттемелер әзірленеді. Қажет болған жағдайда, сатып алынатын қызмет кешеніне кіретін көрсетілетін қызметтің жекелеген түрлері (ілеспе қызметтер) бөлек көрсетіледі.

Егер сатып алынатын қызмет көрсету сапасы тікелей осындай қызметті көрсететін жұмыскердің біліктілігіне байланысты болса, онда техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оның деңгейі мен кәсіптік дайындығының бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын және бұл ретте оған жүктелген міндеттемелерді орындауға қажетті талаптарға сәйкестігін растау керек.

 Кез келген ерекшелікте тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі. Әрбір конкурста сатып алу хабарландыруындағы «Құжаттама» бөлімінде сатып алуды ұйымдастырушының техникалық құжаттамасы беріледі. Әлеуетті өнім беруші аталған техникалық ерекшелікте көрсетілген барлық талаптарды қатаң ұстануға және оған сай болуға міндетті. Тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын сапалық жақсартуға әкелетін жағдайларда ғана талаптарға өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде, біліктілігі туралы мәліметтердегі сияқты, талап етілген мөлшерде және тиісті техникалық сипаттамаларымен бірге конкурстық құжаттамада белгіленген құрал-жабдықтардың (машиналардың, механизмдердің және автокөлік құралдарының) болуы туралы ақпаратты көрсету талап етіледі. Бұл ретте міндетті тәртіппен растаушы құжаттар тіркеледі.

Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шығарылған жерінің атауын және өндірушінің атауын, сондай-ақ өзге де сипаттамаларды көрсетуге мына жағдайларда жол беріледі:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль