text
MCFR.KZ Госзакупки

Өнім берушінің ЖҚТ-ге енгізуге шағымдануы

  • 15 августа 2018
  • 40
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Өнім берушінің ЖҚТ-ге енгізуге шағымдануы

Шарт жасасудан жалтарды деп танылған өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне дереу енгізіледі

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген шартқа қол қоюдың үш күндік мерзімін өткізіп алған жағдайда өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізудің шатағы жиі кездеседі. Мұндай жағдайда уәкілетті орган тиісті бұйрық шығарады және Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші сатып алу бойынша шарт жасасудан жалтарды деп танылады, осыдан соң Заңның 12-бабының 4-тармағының 2) тармақшасы және 5-бабының 2-бөлігі негізінде дереу Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

Уәкілетті орган бұйрықты әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоймауының объективтік себептері мен шарттарын есепке алмастан автоматты түрде қалыптастыратынын естен шығармаған жөн. Ал олар өз кезегінде бірқатар жағдайларда шынында да орын алады.

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының  (бұдан әрі – Тізілімдерді жүргізу қағидалары) 22-тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

Келесі жағдайды қарастырайық. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жеңіп алды. Алайда шартқа қол қоюға бөлінген мерзім ішінде шартқа қол қоюдың жалғыз өкілі болып табылатын талапкердің басшысы ауруханада немесе іссапарда болды және шартқа қол қоюға техникалық мүмкіндігі болмады. Тізілімдерді жүргізу қағидаларының 22-тармағында көрсетілгендей, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органның бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылды және өнім беруші тиісті тізілімге енгізілді.

Біраз уақыт өткеннен кейін өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгені туралы біледі және туындаған проблеманың шешімін іздестіруге көшеді.

Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады (Заңның 12-бабының 7-тармағы).

Тізілімдерді жүргізу қағидаларының 28–30-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:

 1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;

 2) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы негіз болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апелляциялық шағымды беру үшін мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

Осылайша, әлеуетті өнім берушінің сотқа өтінішпен жүгінуден басқа таңдауы жоқ. Әйтпесе Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап 24 ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Уәкілетті органның шығарған бұйрығымен келіспеген жағдайда өнім беруші ҚР Азаматтық процестік кодексінің ережелері бойынша сотқа талап арыз беруге құқылы, ол айрықша талап өндірісі тәртібінде қарастырады. Сондай-ақ талап арыз берудің жауапкер – уәкілетті органның тұратын жері бойынша жүзеге асырылатынын айта кету керек.

Уәкілетті органның бұйрығына таласу туралы іске қатысу тәжірибесіне сүйене отырып, іс нәтижесінің әлеуетті өнім беруші үшін оң немесе теріс болуы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару ниетінің жоқ екенін айғақтайтын талапкер ұсынған дәлелдемелердің толықтығы мен сенімділігіне байланысты.

Сот шешім шығарған кезде азаматтық заңнаманың, оның ішінде азаматтық-процестік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жалпы негіздері мен қағидаттарына, сондай-ақ әділеттілік пен парасаттылыққа сүйенетінін есте ұстаған жөн.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты