Білікті өнім берушілердің тізіліміне енгізу

9
Білікті өнім берушілердің тізіліміне енгізу
Білікті өнім берушілердің тізіліміне енгізу жөніндегі іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттар бойынша түсіндірмелер.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қатысушылардың тізілімі;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі;

4) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі.

ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 ж. № 91 «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі және әлеуетті өнім берушілерді білікті өнім берушілер тізіліміне енгізуге іріктеу жүзеге асырылатын қағидалар бекітілді.

Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізуге іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер өз өтінімдерін мемлекеттік сатып алу веб-порталының (www.goszakup.gov.kz)  модификацияланған жүйесі арқылы берулері керек.

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті (салалық) орган өкілдерінің қатысуымен қалыптастырады.

Төменде білікті өнім берушілердің тізіліміне енгізуге іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттар бойынша түсіндірмелер берілген:

1. Жарғы (міндеттілігі – Иә) – өнім берушінің ұйым жарғысының файлын тіркеуі.

2. Қаржылық есептілік (міндеттілігі – Иә) – өнім берушінің мына құжаттардың файлдарын тіркеуі: бухгалтерлік теңгерім; пайда мен шығындар туралы есеп; ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп; капиталдағы өзгерістер туралы есеп; түсіндірме жазба; аудиторлық есеп (бар болса).

3. Салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларына сәйкес салықтық жүктеме коэффициентін есептеу (міндеттілігі – ЖОҚ) – комиссия әлеуетті өнім берушінің СЖК-сін есептеу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органға салықтың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөнінде ресми сұрау салу жібереді.

4. Жағымды пікірлер (міндеттілігі – Иә) – кемінде бес жыл оң жұмыс тәжірибесі, тапсырыс берушілерден және (немесе) пайдаланушы тұлғалардан іске асырылған құрылыс объектілері бойынша (әр жыл үшін) жағымды пікірлер ұсынылады.

5.  7-қосымша. Берешектің жоқ екендігі туралы банк анықтамасы (міндеттілігі – Иә) –банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осындай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылмауы) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтама;

6. Салықтық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (міндеттілігі – Иә) – өнім берушінің  файлды/онлайн-сұранымды тіркеуі.

7.  8-қосымша. Жұмыстардың білікті әлеуетті өнім берушілерінің білікті іріктеуге қатысу кезінде біліктілігі туралы мәліметтер – Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес.

8. Бірінші санатты рұқсат (лицензиялар) (міндеттілігі – Иә) – өнім берушінің  файлды/онлайн-сұранымды тіркеуі.

9. Ұсынылатын тауарлардың ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарға сәйкестігін ерікті растау туралы мәліметтер (міндеттілігі – ЖОҚ) –  файлды өнім берушінің тіркеуі.

10. Сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәліметтер (міндеттілігі – ЖОҚ) – файлды өнім берушінің тіркеуі.

11. Экологиялық менеджмент жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәліметтер (міндеттілігі – ЖОҚ) – файлды өнім берушінің тіркеуі.

12. Ұсынылатын тауарлардың экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігі туралы мәліметтер (міндеттілігі – ЖОҚ) – файлды өнім берушінің тіркеуі.

Білікті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль