Мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыру

23
Мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыру
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті міндетті түрде орналастыру қандай жағдайларда талап етіледі?

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мына қағидаттарға негізделеді:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі –Заң) 41-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 17-қосымшаға сәйкес айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.

Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс.

Есепті орналастыру

Талап етіледі

Талап етілмейді

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде

ҚР мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) ҚР Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын шарттар жасасу

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша*:

  1. конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда (Заңның 29-бабы 3-т. 1) тармақшасы);
  2. аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда (Заңның 36-бабы 3-т. 1) тармақшасы);
  3. баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарының болмауы немесе веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауы кезінде (Заңның 39-бабы 2-т. 2) тармақшасы).

*Қағидалардың 360-т. 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші коммерциялық ұсыныс сұрауды жіберу жолымен айқындалады  

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен Заңның 39-бабы 3-тармағының мынадай тармақшалары бойынша шарт жасасу:

9),

18),

31),

32),

35).

Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса (Заңның 38-бабының 7-тармағы)

Есепті қосу функционалы «Қолданыста» мәртебесі бар шартта қолжетімді, «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу керек. Файлды таңдағаннан кейін «Есепті жүктеу» батырмасын басу қажет.

Жүктелген есепті қажет жағдайда жоюға болады.

Тіркелген есепті жасалған файлға белсенді сілтемені басу арқылы көруге болады.

Бланкті, сондай-ақ толтырылған үлгіні сілтеме бойынша көре аласыздар.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын бұзушылық жағдайлары және осы бұзушылық үшін көзделген айыппұлдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 207-тармағында көрсетілген. Есепті орналастырмағаны немесе уақтылы орналастырмағаны үшін айыппұл көзделмеген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль