Жария шарттардың орындалуы

10
Жария шарттардың орындалуы
ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 ж. № 384 бұйрығымен электрондық актіні ресімдеу талабы алып тасталатын жекелеген жағдайлардағы шарттың орындалу рәсімі өзгертілді.

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 426 және 426-1-тармақтарындағы соңғы өзгерістерге байланысты түзетулер енгізілді.

Осылайша, Қағидалардың 426-тармағына сәйкес электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде жүкқұжатты беру және веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеу талап етілмейді.

Қағидалардың 426-1-тармағына сәйкес жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;

2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;

3) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;

4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін ақы төлеуі.

Осы тармақтың талаптары Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшалардың талаптары есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда талап етілмейді.

Салық кодексінің 250-бабында айтылғандай: «осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады».

Салық кодексінің 250-бабының 2-тармағында қосымша құн салығынан босатылған қаржылық операциялар, оның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 263-бабы 16-тармағында өнім берушінің Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағы 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша міндеті, яғни қаржылық қызмет көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеті жоқ.

Оның үстіне, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызмет көрсеткені үшін комиссия алу шартта көзделген төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан шегеру жолымен, яғни қаржылық қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Осылайша, қаржылық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қызмет көрсету актісін ресімдемей веб-портал арқылы және электрондық шот-фактура ресімдемей жүзеге асыру ұсынылады.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалады. Бұл талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

Сөйтіп, егер есепке алу сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілген жағдайда, жариялы шарт шеңберінде өнім берушілердің байланыс қызметімен байланысты актілерді беру бөлігіндегі талапты алып тастау ұсынылады.

Веб-порталда актілерін жасау алып тасталынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль